Қараш Ғұмар

27 Маусым 2013, 17:22

Қараш Ғұмар – көрнекті Алаш қайраткері, діндар-ақын. 1875 жылы Ішкі Бөкейліктің (қазір Батыс Қазақстан обл. Жәнібек ауд.) Қырқұдық деген жерінде дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін, Жалпақталдағы Ғ.Ғәлікейұлы ұстаған медреседе оқиды. 1902-1910 жылдары жиған білімімен ауылында, Тіленшісайда жәдитше бала оқытады. Сол шамада әйгілі Шәңгерей Бөкейұлының шақыруымен Көлборсыға мұғалім болып келеді. Жаңалыққа құмар, иамандылық пен дәстүрдің жібін үзбеген әдеби орта қалыптастыруға себепші болады. Қайраткер 1907 жылдан бастап татар және қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарға мақала жариялай бастайды. 1911-1913 жылдары алғаш Ордада, кейін Оралда басылған «Қазақстан» газетін шығарысуға, оның саяси-мәдени әлеуетін көтеруге атсалысты. Осы кезеңде қазақтың саяси көзін ашатын, рухани байытатын «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар», «Аға тұлпар», «Қарлығаш», «Өрнек», «Тумыш», «Бәдел қажы» атты кітаптар жариялады. Ол Ғабдолла Мұштақ (Алланың зерделі құлы) атты псевдонимімен «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне мақалалар жазып тұрды. Орынборда «Шайыр...» және «Көксілдер...» атты жинақ шығарды. Қайраткер 1916 жылы бөкейліктер атынан Петерборға барып, Астрахань казагы басып алған жерді және тиесілі жерді қазаққа орнымен бөліп бер деген өтініш хатты бас министрге тапсырады. 1917 жылы Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезіне қатысады. 1917-1919 жылдардағы Алаш қозғалысын белсене араласады. Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Өмірлік мәселелер мен діни ахуалды күн тәртібіне қойған Алашорда үкіметі – Ұлт кеңесі анықталатын ІІ съезде қази болып сайланды. 1918 жылы Ордадағы педагогика техникумында сабақ береді. Сол жылы қыркүйекте Бөкей губерниясының мұғалімдер съезіне қатысады. 1918-1920 жылдары губерниялық кеңестердің төрт съезіне делегат болады. Мұнда мағыналы сөз айтады. 1919 жылы Бөкей губаткомында істейді. Ордада ұйымдастарылған айына екі рет шығатын «Мұғалім» атты журналды шығарушылар алқасын кіреді. Ол осы журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды. 1919 жылы «Дұрыстық жолы» газетінің алқа мүшесі әрі тілшісі болады. 1920 жылы маусымда Бөкейдің ІІ губерниялық партконференциясында губкомның пленум мүшесі, ал сол жолы І пленумда губкомның үгіт-насихат бөлімнің меңгерушісі болып сайланды. Қайраткер жаңа қоғам жұмысына белсене араласып, халық қамқоршысы ретінде танылды. Сөйткен тұлға 1921 жылы 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қашқын әскерилер қолынан қапияда мерт болды. Әдебиеттер: 1. Қараш Ғ. Замана. Алматы, 1994

Бөлісу: