Қосшығұл Шаймерден

27 Маусым 2013, 17:22

Қосшығұл Шаймерден – көрнекті Алаш қайраткері, діндар. 1874 жылы Ақмола облысы Көкшетау уезі Қотыркөл болысында туған. Жас шағында ауыл молдасынан хат таниды, кейін Көкшетаудағы Науан қазірет медресесінде және Бұхарада оқиды. Мұнан соң осы қалада 1886 жылы жұртшылық қаржысымен салынған, Мезгіл болысының азаматы Наурызбай (Науан қазірет) Таласұлы ұстаған мешіт жанындағы интернаттың мұғалімі болады. Бұл кезде ол ұстазымен бірігіп Ресейдің шоқындыру саясатына ашық қарсы тұрады. 1903 жылы Абай Құнанбайұлы сынды қазақтың білікті, сыйлы азаматтарына патшалық режимнің оспадар әрекеті туралы және осыған байланысты бас қосу жөнінде 2 мәрте хат жазады. Осы күресі үшін имам Н.Таласұлы екеуі абақтыға жабылады. Жандармерия тексергенде, Көкшетау мешітінен «цензура өткізбеген 164 кітап және күмәнді қолжазбалар шығады». Ақыры патша өкіметі 1903 жылы шілдеде Шаймерденге – 5 жыл, Науанға – 3 жыл кесіп, Иркутск генерал-губернаторының бақылауына Батыс Сібірге жіберіледі. Бұл жерден оларды Якутияға жер аударады. Осы заңсыздықты Ә.Бөкейхан мен М.Сердалин жауапты орындарға, орыс зиялыларына дәлелдеп айта жүріп, бірнеше министрдің қабылдауында болып, оларды 1905 жылы наурызда босатып алады. Осы жылы М.Тынышбайұлы, С.Шипабекұлы секілді қайраткерлермен бірге Петерборға барып, патша өкіметіне қарсы шеруге қатынасады. Сонан соң Нижний Новгородта ашылған жалпыресейлік мұсылмандар съезіне қатысады. Елге келген соң күрескер азаматты халық 1906 жылғы І Мемлекеттік Думаға депутат етіп сайлайды. Бірақ ол бұл жолы «орыс тілін білмейді» деген желеумен депутаттыққа тіркелмеген. Ресми өкімет, халықты сатып жүрген тілмаштар қайраткертуралы неше түрлі алыпқашпа сөз таратқан. Бұл шақта қайраткер Балықты көлдегі алты бөлмелі ағаштан қиып салған үйін мектепке айналдырып, орыс мұғалімін жалдап, балалардың оқу шығынын өзі көтерген. І Мемлекеттік Дума таратылған соң, патша ІІ Думаға сайлау жарлығын шығарғанда қайраткерді халық тағы да парламентке ұсынады. Ол Петерборға аттанады. Дума мүшесі болады. Бұл Дума да таратылғанда қайраткерөз қаржысымен астанада татардың «Улфат» (Бірлесу) газетіне қосымша ретінде «Серке» газетін шығарады. Қазақтан кісі сайланбаған ІІІ Думаға «Жер туралы» Заң жөнінде сұрау (запрос) енгізеді. 1907 жылы Алаш көсемі Ә.Бөкейханның тапсырмасымен Түркияға барып, үкімет, парламент басшыларымен кездеседі. Түріктің бір газеті арқылы ІІ Николайға мәлімдеме жасайды. Діндар 1917-1919 жылдардағы Алаш қозғалысынан да шет қалмайды. Кеңес өкіметі оны 1931 жылы Петропавл түрмесіне жабады. Әбден қиналған, саясаттан теперіш көрген қайраткер 1932 жылы Омбы жерінде қайтыс болады.  

Бөлісу: