Есенғали Қасболатұлы

27 Маусым 2013, 17:17

Қасболатұлы Есенғали - Алаш қайраткері, республикалық медицина саласының ірі ұйымдастырушысы. 1889 жылы Орал облысы жерінде туған. 1902-1909 жылдары Орал реалдық училищесінде оқыған. 1915 жылы Саратов университетінің медицина факультетін бітірген. 1915-1918 жылдары Жылыой, Тайпақ жерлерінде жергілікті дәрігер қызметін атқарған. «Қазақ» газетіне денсаулық сақтау ісі туралы мақалалар жазып тұрған. 1917-1919 жылдары Алаш қозғалысына белсене атсалысады. 1917 жылы Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Екінші съезде Алаш Орда үкіметі – Ұлт кеңесіне орынбасар болып сайланды. Жалпықазақ съезінің бюросы оны кандидатурасын 43 адамның ішінде «Учередительное собраниеге» ұсынады. 1918 жылдың басында Қаратөбеде өткен Орал облысы қазақтарының съезіне қатысып, елге Алаш қозғалысынның мән-мағынасын түсіндірген. 1920 жылы Жымпиты уездік төңкеріс комитетінің мүшесі. 1920-1922 жылдары Орал губерниялық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, губерниялық одақ басқармасының төрағасы. 1922-1923 жылдары Қазақ автономиялық республикасы Еңбек халық комиссариатының алқа мүшесі. 1923-1924 жылдары Қазақ кәсіпшілдер бюросы төралқасының мүшесі. 1924-1925 жылдары Қазақ автономиялық республикасы Қаржы халық комиссарының орынбасары, Салық басқармасының меңгерушісі. 1925-1926 жылдары «Қазақ сауда», 1926-1928 жылдары «Қазақ медициналық дәрі-дәрмек, жабдықтар саудасы» бірлестігінің төрағасы. 1928 жылы Мәскеуге Орталық партия комитетіне шақырылады. 1928-1929 жылдары Балашов қаласында округтік денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі. 1929-1931 жылдары округтік атқару комитеті төрағасының орынбасары, Астрахан қаласында аудандық партия комитетінің хатшысы. 1931-1933 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының директоры. Осы қызметте жүріп, отандық денсаулық сақтау саласы ғылымы мен практикасының үйлесімді дамуына ерекше назар аударған. Орталықпен келісе отырып, институтты жаңа заманғы жабдықтармен қамтамасыз етіп, таңдаулы мамандарды тартып, жаңа кафедралар ашқан. 1933-1936 жылдары Ақтөбе облысында жергілікті бір шаруашылық директорының орынбасары, директоры. 1936-1937 жылдары Қазақ кеңестік республикасы Денсаулық сақтау халық комиссариатының басқарма бастығы, «Қазмұнайжабдықтау» бірлестігі бастығының орынбасары. 1937 жылы ұсталып, 1938 жылы нақақ атылған.

Бөлісу: