Досмұхамедұлы Жаһанша

27 Маусым 2013, 17:16

Досмұхамедұлы Жаһанша – Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, заңгер. 1887 жылы Орал облысы Орал уезі Жымпиты болысының № 1 ауылында туған. 1899-1905 жылдары Орал әскери реалдық училищесін бітірген. 1906 жылы Орал облысының стипендиаты болып Мәскеу университетінің заң факультетіне оқуға түскен. Мұны 1910 жылы тәмамдаған. Осы кездегі жалпы саяси ахуал және қазақ халқы құқының өрескел бұрмалануы жас заңгердің елшіл болып қалыптасуына әсер етті. Сондай-ақ ол Ресейде өтіп жатқан мұсылмандардың азаттық жолындағы демократиялық қозғалысынан хабардар еді. Университеттен кейін жас маман Оралда аялдамай заңгерлік қызметі Том қаласынан сайлайды. Ол осында 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейін округтік сот прокурорының орынбасары болған. 1917-1919 жылдары қайраткер саясат айдынында ұлт жоғын жоқтаған қабілет-қарымын көрсете алды. Алғаш ол бір топ қазақ зиялылары қатарында осы жылы 1-11 мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, Шуро-и-Ислам комитеті төрағасының орынбасары болып сайланады. 1917 жылы Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Ол І съезде Бүкілресейлік құрылтайға делегат болып белгіленеді. ІІ съезде Алашорда үкіметі – Ұлт кеңесіне облыстардан тысқары мүше болып сайланады. Қайраткер осы маңызды елдік жиында автономияны тездетіп жариялау мәселесін көтереді. 1918 жылы наурызда Х.Досмұхамедұлы екеуі Мәскеуге арнайы барып, большевиктердің басшылары В.Ленин мен И.Сталинге Алаштың ІІ съездегі саяси тоқтамын, қаулысын баяндап, өзара тең құқыққа негізделген 11 шартты ұсынады. Ағымдағы саясат күрделене түскенде, 1918 жылы мамырда қайраткер Жымпитыда Орал облысы қазақтарының 4-съезін өткізуге мұрындық болып, жиында «Ойыл уалаяты» деген уақытша құрылымды ұсынып, өзі соның уақытша төрағасы болып сайланады. Сөйтіп қорғаныс үшін милиция жасақтап, елдік басқару және атқару жүйесін қалыптастырады. 1918 жылы қыркүйекте Уфадағы бас қосудан кейін аталған құрылым жойылып, оның орнына Алашорданың Батыс бөлімшесі құрылады. Қайраткер осы бөлімшенің төрағасы болып сайланады. Осы шамада кеңестік Түркістан майданынан (қолбасшысы М.Фрунзе) қауіп төнгенде, ол 5 адамнан тұратын бітімгершілік делегацияны басқарып Ленин, Сталин, Тоцкийге дейін барады. Өз кезеңі үшін тактикалық саяси амалдар қолданады. Кеңес кезеңінде Мәскеу, Ташкент, Қызылорда, Алматы қалаларында шаруашылық қызметтерін атқарады. 1930 жылы Мәскеуге жұмыс ауыстырғанда, сонда тұтқындалады. Воронежде айдауда болады. Одан босанған соң қайта ұсталып, 1938 жылы нақақ атылады.

Бөлісу: