Болғанбай Хайретдин Әбдірахманұлы

27 Маусым 2013, 17:13

Болғанбай Хайретдин Әбдірахманұлы – көрнекті Алаш қайраткері. Ол 1894 жылы Ақмола облысы, Ақмола уезінде (бүгінгі Қорғалжын ауданы жерінде) туған. Ауыл мектебінен кейін Орынбордағы Хусаиния медресесіне оқыған. Осында оқып жүріп, "Қазақ" газетіне мақала жаза бастаған. Ресей империясы І дүниежүзілік соғысқа араласқанда, 1916 жылы қазақ солдаттарына қамқор топтың ортасында Минскіде болған. 1917 жылғы төңкерістер кезеңінде Ташкентте (Түркістан) М.Шоқай, С.Қожанұлымен бірлесіп "Бірлік туы" газетін шығарысқан. Аталған басылымның 7-14-нөмірлеріне редакторлық еткен. Қайраткер І және ІІ жалпықазақ съезіне (Орынбор, 1917-1918) Түркістан мен Сырдария уездері атынан делегат болып қатынасқан. Үлкен қызметі - 1917 жылы 17 желтоқсаннан 1918 жылы 11 ақпанға дейін өмір сүрген Түркістан автономиясын (Қосқанда жарияланған) құрысуға атсалысуы. Бұл автономия большевиктер тарапынан күшпен талқандалғанын ол ашық һәм ашына жазды. 1917-1918 жылдары Ақмолада Алаш Комитетін құруға да көмек көрсетті. 1920 жылы ол басында "Ұшқын" газетінің, кейіннен аты "Еңбек туы" боп өзгерген осы басылым жалғасының алқа мүшесі болды (А.Байтұрсынұлымен бірге). 1919 жылы Түркістанда (Ташкент) жұмысшылардың ағарту одағының мүшесі, 1918-1920 жылдары (әр мезгілде) Ташкентте оқу ісінің меңгерушісі, мұғалім, 1921-1922 жылдары ТүрОАК-тің сайлау ісі жөніндегі мүшесі болған. 1920 жылы желтоқсанда Ахмет, Әлихан, Смағұл, Жүсіпбектермен бірге "Қазақстан" мемлекеттік баспасының сарапшылар алқасына енді. Қаламгер ұлт тағдыры және руханият жөнінде біраз шығарма жазған. Оның И.Гаспринский туралы мақаласы Түркияда шыққан жинақта (1934 жылы) басылған. 1921 жыл бірнеше серігімен Алаш Орда атынан Бұқарада большевизмге қарсы қозғалыспен келіссөздер жүргізген. Ресми мәліметтерде 1924 жылға дейін қайраткердің немен айналысқаны көрсетілмеген. Бұл уақытта ол басмашылар арасында немесе елде "ашаршылықпен күрес" шараларының ішінде болса керек. 1924-1928 жылы Петропавлда губерниялық халық ағарту бөлімі меңгерушісінің орынбасары, педтехникум мен кеңес партия мектебінің мұғалімі, кеңес партия мектебі оқу бөлімі меңгерушісі қызметін атқарды. 1928 жылы 17 желтоқсанда ол "контрреволюциялық ұйымға кірді" деген айыппен тұтқындалды. 1930 жылдан Архангельск пен Сыктывкарда айдауда болып, 1934 жылы Алматыға оралды. ОГПУ оған бас қалада тұруға рұқсат бермей, Оңтүстіктегі Қапланбек зооветтехникумында ұстаздық қызмет етуге жіберді. Осында 1937 жылы 21 көкекте қайта ұсталып, 21 қарашада Ташкентте атылды. Әдебиеттер: 1. Болғанбаев Х. Шығармалары. Тағылымы (даярлаған Д.Қамзабекұлы). Астана, 2005.

Бөлісу: