Әділұлы Дінші

27 Маусым 2013, 17:11

Әділұлы Дінше – Алаш қайраткерлерінің бірі, Қазақ мемлекеттік ұлт театрының бірінші директоры. 1900 жылы сол кездегі бөлініске сай Сырдария облысы Сарысу уезі №3 ауылда туған. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін Ақмолаға келіп, қалалық школға қабылданған. 1914 жылы Омбы қалалық гимназиясына түсіп, оны 1918 жылы бітірген. Біраз уақыт Орта Азия университетінің курстарында оқыған. 1915-1917 жылдары Омбыда жастардың «Бірлік» ұйымының хатшысы болған. 1917 жылы (сәуір-қазан) Ақмола уездік қазақ комитетінде төралқа мүшесі. Қ.Кемеңгерұлы, С.Сейфоллаұлы үшеуі Ақмолада қазақ оқығандары мен жастарының белсенділігін арттыратын жұмыстар атқарады. Қазан айында Алаш партиясының Ақмола облыстық комитетінің мүшесі болып сайланады. Өңірде Алаш қозғалысының жандануына күш-жігер жұмсайды. Осы жылы және 1918 жылы Забайкалье мен Омбыда түрлі әскери-соғыс шараларына қатысады (Семенов майданы, Колчакка қарсы қозғалыс). 1919-1920 жылдары бастапқыда қазақ педучилищесі, кейін «Киринпрос» аталған оқу орнында оқытушы қызметін атқарады. 1920 жылы Жетісу облыстық халыққа ағарту бөлімінің меңгерушісі және осындағы мұғалімдер курсының оқытушысы. 1920-1921 жылдары Орынборға шақырылып, Қаз ОАК мүшесі болады. Қазақ автономиялық республикасы Ішкі әскер комиссариатының алқасына енеді. Осы шамада Ішкі әскер комиссарының орынбасары қызметіне тағайындалады. 1921-1924 жылдары Қазақ халық ағарту институтының (Ташкент) оқытушысы, директоры, Түркістан автономиялық республикасы Халық ағарту комиссариаты Ғылым кеңесінің мүшесі. Осы шамада, Зәки Уәлидидің естелігіне қарағанда, ол жасырын Алаш Орданың Бұхара мен Самарқанттағы өкілі де болған. Дәлірек айтсақ, Орталық Азиядағы большевизмге қарсы тұру қозғалысына да қатысқан. Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханның 1923 жылы шілдеде Д.Әділұлына жазған әйгілі хаты бар. Мұнда қайраткер жаңа жағдайда Алашқа қызмет етудің жөн-жобасын көрсеткен. 20-жылдардың басында Ташкенттің «Колизей» театрында сәтті ұйымдастырған «Шығыс кештерін» ескере келе, 1925 жылы Қазақ автономиялық республикасының Халық ағарту комиссариаты (басшысы С.Садуақасұлы) қайраткерді Қызылордаға шақырып, енді жасақталып жатқан Қазақ мемлекеттік ұлт театрының директоры қызметіне тағайындады. Бұл жұмыста да ол елшілдігі мен жауапкершілігін танытты. Осындай өредегі қайраткер «байларды тәркілеу науқанына қарсылық көрсетті» деген желеумен 1928 жылы 17 желтоқсанда ұсталып, Мәскеуде ОГПУ шешімімен 1930 жылы 21 сәуірде нақақ атылды.

Бөлісу: