Ақбайұлы Жақып

27 Маусым 2013, 17:06

Ақбайұлы Жақып – ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері, қазақ халқынан шыққан тұңғыш құқық магистрі. 1876 жылы Қарқаралы уезі Берқара болысы (қазіргі Қарағанды обл. Ақтоғай жерінде) №3 ауылда туған. 1886 жылы Қарақаралыдағы орыс-қырғыз школына қабылданады. Мұны бітірген соң Омбы гимназиясында жеті жыл, ал Том гимназиясында бір жыл оқиды. Соңғысын 1898 жылы тәмамдайды. 1898-1903 жылдары Санкт-Петербург университетінің заң факультетінде оқып, оны алтын медальмен бітірген. 1903-1905 жылдары Омбы сот палатасында, округтік сотында қызмет еткен. 1905-1907 жылдары Омбы, Петропавл, Семей, Павлодар, Баянауыл, Қарқаралы қалаларында наразылық шерулеріне қатысады. ІІ Мемлекеттік Думаға сайлануға тырысқанымен, патшалық режим оны бұл мүмкіндігінен айырады. Омбыдағы «Степной край» газетіне сол кездегі ұлт басындағы қиын ахуалдың заңдық-құқықтық жағын тереңінен қозғап жазады. 1906-1918 жылдары негізінен Семей округтік сотында қызмет істейді. 1906 жылы «патша өкіметіне қарсы іс-әрекет жүргізді» деген айыппен тұтқындалып, алғаш 1908 жылы - Якутияға, ал 1910 жылы Тобыл қаласына жер аударылады. 1910-1912 жылдары Троицк қаласында айдауда болады. 1912 жылы Қарқаралыға оралады. 1915 жылы қайта тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылады. Якутияға 5 жылға айдалайын деп тұрған жерінен әйгілі ақпан төңкерісі болып, ғайыптан құтылады. Бірақ Уақытша үкімет те оны сол 1917 жылы Семей түрмесіне жабады. Кешікпей саяси ахуал өзгереді. Ол осы жылы Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алашорда үкіметі – Ұлт кеңесінің мүшесі болып сайланды. 1917 жылдың шілдесінде Колчактың әскери-далалық соты оны әскери-казак диктатурасын құлатуға себепші болғаны өлім жазасына кесті. Кеңес тұсында 1919-1927 жылдары ол Семей губревкомының заң бөлімінде және халық ағарту бөлімінде жұмыс істеп, осы өңірде сот мекемелерін ұйымдастыру, аяғынан тік тұрғызу шараларына атсалысты. 1927-1928 жылдары Сырдария округтік адвокаттар алқасының мүшесі болды. 1929 жалған айыппен ұсталып, 1930 жылы Воронежге жер аударылды. 1934 жылы қатты науқастануына байланысты түрмеден босатылып, Алматыға келген соң осы қалада қайтыс болды. Қайраткер ғалым ретінде қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, соның ішінде отбасы-неке құқығын зерделеп, артына өлшеусіз мұра қалдырды. Әдебиеттер: 1. Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. Алматы, 1996 2. Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. Алматы, 1998           

Бөлісу: