Қабырғаларымен жүруге болатын үй

27 Маусым 2013, 04:22

Лондонда қабырғаларымен жүруге болатын үй пайда болды. Таңсық ғимаратты аргентиналық суретші салған. 40 жастағы Леонардо Эрличем – 3 өлшемді иллюзиялық кескіндерден құралған жобалар жасаудың хас шебері. Шын мәнінде үйдің макеті жерде жатыр. Оның айнаға түсірілген елес сұлбасы тігінен тұр. Сонда жерде жүрген адамдар тік қабырғада салбырап, не өрмелеп жүргендей әсер қалдырады. Тіпті олар терезеден құлап бара жатқандай қорқынышқа бөлейді. Dalston House жобасы көпшілік үшін 4 тамызда ашылады. Оған кез келген адам тегін қатыса алады.

Бөлісу: