Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультеті Қазақстан тарихы бойынша өз оқулықтарын шығаруды жоспарлап отыр, бұл туралы BNews.kz тілшісіне факультет деканы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Жәкен Таймағамбетов айтып берді.
Қазақстан тарихы бойынша жаңа оқулық шығару туралы бастама Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің баяндамасыннан кейін қолға алынған.
«Марат Тәжин екі оқулық жазу қажеттілігін көтерді, бірі «Көне заманнан Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі ұлттық тарих», келесісі «Тәуелсіз Қазақстан тарихы». Біздің ұстаздарымыз оқулықтарды дайындады, қыркүйек айында баспаға табыстаймыз», - деп мәлімдеді Ж.Таймағамбетов.
Деканның айтуына қарағанда, Қазақстан тарихы бойынша бірыңғай оқылықты «оқулық жазу әдіснамасынан және пәннен хабарсыз» адамдар емес, тарихшылар жазуы керек көрінеді.
«Бұл кітап университет қолдауымен ғана шықса таралымы аз болады, егер ҚР Білім және ғылым министрлігі оқулық барлық жоғарғы оқу орындарында болуы керек деп шешім қабылдаса оның таралымы да көп болмақ», - деп түйіндеді Ж.Таймағамбетов.
Оқулық ҚазҰУ-ның Қазақстан тарих кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Талас Омарбековтің редакциясыемн дайындалған.
Қазіргі уақытта факультетте 80 оқытушы жұмыс істейді, оның 35 ғылым докторы, профессор, еліміздің танымал тарихшылары, сондай-ақ 50 ғылым кандидаты мен PhD докторлары бар.