Ж.Таймағамбетов: Бізге Қазақстан тарихынан 2 оқулық қажет

27 Маусым 2013, 03:55

Қазақстанда ел тарихы бойынша 2 оқулық шығару қажет. Бұл туралы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінің деканы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Жәкен Таймағамбетов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. «Бізге екі оқулық жазу қажет. Бірі «Ежелгі заманнан Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі ұлттық тарих», екіншісі «Тәуелсіз Қазақстанның тарихы» деп аталып, еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен мектептеріне ұсынылса игі болар еді», - деді Жәкен Таймағамбетов. Оның сөзіне қарағанда, еліміздің әрбір өңірінің өз оқу құралдары бар және олар әр түрлі жазылған, кейбірінде деректер бұрмаланады. «ҰБТ тапсыру кезінде көптеген түлектер тарих пәнінен аз балл жинады. Бұған талапкерлер кінәлі емес, біздің оқулықтар кінәлі. Оқулықтардың көптігінен оқушы бір нұсқаға тоқтай алмайды», - деп мәлімдеді Ж.Таймағамбетов.

Қазақстанда ел тарихы бойынша 2 оқулық шығару қажет. Бұл туралы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінің деканы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Жәкен Таймағамбетов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

«Бізге екі оқулық жазу қажет. Бірі «Ежелгі заманнан Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі ұлттық тарих», екіншісі «Тәуелсіз Қазақстанның тарихы» деп аталып, еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен мектептеріне ұсынылса игі болар еді», - деді Жәкен Таймағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, еліміздің әрбір өңірінің өз оқу құралдары бар және олар әр түрлі жазылған, кейбірінде деректер бұрмаланады.

«ҰБТ тапсыру кезінде көптеген түлектер тарих пәнінен аз балл жинады. Бұған талапкерлер кінәлі емес, біздің оқулықтар кінәлі. Оқулықтардың көптігінен оқушы бір нұсқаға тоқтай алмайды», - деп мәлімдеді Ж.Таймағамбетов.

Бөлісу: