Б.Аяған: Отандық тарих ғылымын дамыту проблемаларының бірі – кадр жетіспеушілігі

27 Маусым 2013, 03:27

ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры Қазақстанда тарих ғылымын дамыту проблемаларының бірі кадр жетіспеушілігі деп есептейді. Бұл туралы ол бүгін «Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеудің жаңа тәсілдері» тақырыбында өткен онлайн конференция барысында айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Қазақстанда тарих ғылымының кенже қалуына кадр жетіспеушілігі басты себеп. Шетел тілін білетін ғалымдар аз. Бүгінде бұл тұрғыда зор міндеттер қойылып отыр», - деді Б.Аяған. Таяуда, оның айтуынша, Қазақстанның 23 ғалымы еліміздің ежелгі және орта ғасырлардағы тыныс-тіршілігінен сыр тартатын артефактілерді іздеп тауып, тарихи отанына қайтару мақсатында Қытай, Иран, Түркия, Ресейге аттанған. Аяған соңғы жылдары Қазақстанда әр түрлі сылтаумен тарих кафедралары қысқартылып, бакалавриаттар мен магистратураларға бөлінетін орынның азайтылуын дұрыс емес деп есептейді. «Мемлекеттік хатшы нақты міндет қойды – еліміздегі, әсіресе ірі және мемлекеттік жоғары оқу орындарындағы барлық тарих кафедраларын қайта қалпына келтіру қажеттігін баса айтты. Өйткені қайда болса да алдымен тарих оқытылады. Әлемдік тәжірибе елдің тарихы – адамды, жастарды тәрбиелеудің іргетасы екенін көрсетуде», - деп толықтырды институт директоры.

ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры Қазақстанда тарих ғылымын дамыту проблемаларының бірі кадр жетіспеушілігі деп есептейді. Бұл туралы ол бүгін «Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеудің жаңа тәсілдері» тақырыбында өткен онлайн конференция барысында айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қазақстанда тарих ғылымының кенже қалуына кадр жетіспеушілігі басты себеп. Шетел тілін білетін ғалымдар аз. Бүгінде бұл тұрғыда зор міндеттер қойылып отыр», - деді Б.Аяған.

Таяуда, оның айтуынша, Қазақстанның 23 ғалымы еліміздің ежелгі және орта ғасырлардағы тыныс-тіршілігінен сыр тартатын артефактілерді іздеп тауып, тарихи отанына қайтару мақсатында Қытай, Иран, Түркия, Ресейге аттанған.

Аяған соңғы жылдары Қазақстанда әр түрлі сылтаумен тарих кафедралары қысқартылып, бакалавриаттар мен магистратураларға бөлінетін орынның азайтылуын дұрыс емес деп есептейді.

«Мемлекеттік хатшы нақты міндет қойды – еліміздегі, әсіресе ірі және мемлекеттік жоғары оқу орындарындағы барлық тарих кафедраларын қайта қалпына келтіру қажеттігін баса айтты. Өйткені қайда болса да алдымен тарих оқытылады. Әлемдік тәжірибе елдің тарихы – адамды, жастарды тәрбиелеудің іргетасы екенін көрсетуде», - деп толықтырды институт директоры.

Бөлісу: