26 Маусым 2013, 07:59
«Қарагие» — ұлттық ойын.
Бұл ойын көгалда, спорт алаңдарында өтеді. Ойынға тек ер балалар қатынасады. Олардың саны 3—8 адамға дейін, одан да көп болуы мүмкін. Әр ойыншының қолында қайың, ырғай, тал секілді қатты ағаштан жасалған үшы істік тәріздес ұзындығы 3—4 метр найза таяқ болады. Сонымен бірге әр ойыншының қолында бір-бір кіші таяқшалар және ескі малақай немесе түрлі түсті қапшық болуы керек. Ойынға қатынасушылар қатарласып сапқа тұрады. Олардың қарсы алдынан 15—20 метр қашықтықта көлденең сызық сызылады да, сол сызықтың бойымен әр ойыншының қарсы алдына таяқтар шаншылып, оларға малақайлар немесе басқа заттар ілінеді.
Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша оң жақтағы ойыншы өзінің қолындағы найза таяғын сол малаңай-мишенге лақтырады. Оның артынан басқалары да кезектесіп лақтырады. Ойын үш рет қайталанады. Үш ретінде де мишенге дәл тигізген ойыншы жеңіске жетеді. Тигізе алмағандар ойыннан шығады. Ойын қатысушыларды дәлдікке үйретеді, қол күшінің дамуына септігін тигізеді.
Сайыскерлер — ұлттық ойын.
Ойынға кезекпен екі баладан қатысады. Тегіс жерге диаметрі бір метрден екі шеңбер сызылады. Шеңбердің ара қашыңтыгы 20 сантиметрден болуы керек. Әр шеңбердің ішінде бір-бірден шайба жатады. Ағаш таяқпен шеңбер ішіндегі шайбаны ұрып шыгару керек. Ойыншылар өз шеңберін қоргай отырып, қарсылстарының шеңберіне шабуыл жасайды. Сайыс үш рет қайталанады. Кімде-кім қарсыласының шеңберінен шайбаны екі рет үрып шығарса, сол жеңеді.
«Дәл басу» — ұлттық ойын.
Бұл ойыншының көп-аздығына қарамай жиналғандардың қатысуымен ойнала береді. Балалар жиналып болған соң, бір бала тас не кішкене орындық сыңылды затты тікесінен қойып, осыны дәл басу үшін балалардың көзін кезекпен байлап, 15—20 қадамдай жерге апарып тұрады. Көзін байлаған бала қадамдап келіп, тігулі тұрған нәрсені дәл төбесінен басуы керек. Баса алмаса, айып тартады. Кім дәл басса, сол бала жеңіп шығады.
Ойын көгалда, жазық алаңда, тегіс аулада өткізіледі. Ойын бағдарлай білуге, сезімталдыққа үйретеді.
Білектесу. Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі жігіт оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан, ойын бастаушы команда берісімен, шынтақтарын сол орнынан қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.