"Алакүшік", "Доп тебу", "Судағы жасырынбақ"

26 Маусым 2013, 07:51

«Алакүшік» — бұл ежелгі халық ойындарының бірі. Ойынді көбінесе жазық алаңда, мектеп ауласында, жазғытұрым, күз айларында ойнайды. Ойынға жиналғандар топтасып тұрады да, араларынан біреуі «алакүшік» етіп белгілейді. Олар «Алакүшіктің назарын өзіне аударуға тырысады. Ал «Алакүшікі ойнаушылардың бірін қолға түсіруге тиіс. Қолға түскен ойыншы «Алакүшік» болады да, бұрынғы «Алакүшік» болған ойыншы, енді ойыншыларды қатарына қосылады. Ойын осылай жалғаса бередір. Ойын балалардың таза ауада дем алуларына жүгіруге, жылдамдыққа, тез шешім қабылдай білуге, сергектікке үйретеді. «Доп тебу» — бұл ойын ашық күндерде жазық далада немесе спорт алаңдарында ойналады. Ойнаушылардың саны үштен жоғары бола береді. Қатынасушыла алаңға жиналып болған соң, жеребе-таяқ ұстасады, жеңгені допты қорғаушы болады. Ойнаушылар оны айнала қоршап тұрады. Қорушы ортадағы допты басқалардан қорғап, оны айналып жүреді. Ойынның тәртібі бойынша допты тек аяқпен қорғайды. Әрбір ойнаушы оны тебе қашуға тырысады. Ал ойнаушылардың бірі допты тебуге ұмтылған кезде оған қорушының аяғы тиіп кетсе, ол қорғаушы болып қалады да, доп қорғаушы әлгі ойнаушының орнына шығады. Егер ойнаушылардың бірі теуіп шеңберден шығып кетсе, қашқан доп қорушы қуып жетіп, оны ажыратып алғанға дейін басқа ойнаушылар кезек-кезек біріне-бірі теуіп тастағаннан кейін ойнаушылар бұрынғы орнына келіп жетуге тиіс. Осы кезде қорушы ойнаушылардың бірін доппен ұруға тырысады. Егер ол допты тигізе алса, қорушы болады. Доп тиген ойнаушы да оны ала сала қашып бара жатқан ойнаушылардың бірін шеңберге жеткенше ұрып үлгеруі керек. Егер оған да доп тисе, ол да басқа біреуді ұрып қалуға тырысады. Егер ешкімді ұра алмай калса, сол ойнаушы доп қорушы болып, ойын қайта басталады. Қорушы ешкімге допты тигізе алмаса, қашан біреуді ұрғанға дейін қорушы болып қала береді. Ойын ұзаққа созылмас үшін мерзімді уақыт белгілеп, кезекпе-кезек орын ауыстырып отыруға да болады. Судағы жасырынбақ — ұлттық ойын. Ойынға қатынасушылар суға түсерде резеңке қалпақ киеді. Онымен көздері де жабық болады. Қалпағы жоқ ойыншы ортаға шығады. Оның қолында қоңырауы болады. Қалпақ киген барлық жүзуші қоңырау соғып жүрген баланы іздейді. Қоңыраушыны ұстап алған бала қалпақты қоңыраушыға кигізеді де, қоңырауды өзі алады. Өзі қуып жүргендерге ұстатпауға тырысады. Ойынға 20—30 жүргізушінің қатынасуына болады. Ойын суда жүзе білуге, дыбысты айыра білуге, сезімталдыққа үйретеді.      

«Алакүшік» — бұл ежелгі халық ойындарының бірі. Ойынді көбінесе жазық алаңда, мектеп ауласында, жазғытұрым, күз айларында ойнайды. Ойынға жиналғандар топтасып тұрады да, араларынан біреуі «алакүшік» етіп белгілейді. Олар «Алакүшіктің назарын өзіне аударуға тырысады. Ал «Алакүшікі ойнаушылардың бірін қолға түсіруге тиіс. Қолға түскен ойыншы «Алакүшік» болады да, бұрынғы «Алакүшік» болған ойыншы, енді ойыншыларды қатарына қосылады. Ойын осылай жалғаса бередір. Ойын балалардың таза ауада дем алуларына жүгіруге, жылдамдыққа, тез шешім қабылдай білуге, сергектікке үйретеді.

«Доп тебу» — бұл ойын ашық күндерде жазық далада немесе спорт алаңдарында ойналады. Ойнаушылардың саны үштен жоғары бола береді. Қатынасушыла алаңға жиналып болған соң, жеребе-таяқ ұстасады, жеңгені допты қорғаушы болады. Ойнаушылар оны айнала қоршап тұрады. Қорушы ортадағы допты басқалардан қорғап, оны айналып жүреді. Ойынның тәртібі бойынша допты тек аяқпен қорғайды. Әрбір ойнаушы оны тебе қашуға тырысады.

Ал ойнаушылардың бірі допты тебуге ұмтылған кезде оған қорушының аяғы тиіп кетсе, ол қорғаушы болып қалады да, доп қорғаушы әлгі ойнаушының орнына шығады.

Егер ойнаушылардың бірі теуіп шеңберден шығып кетсе, қашқан доп қорушы қуып жетіп, оны ажыратып алғанға дейін басқа ойнаушылар кезек-кезек біріне-бірі теуіп тастағаннан кейін ойнаушылар бұрынғы орнына келіп жетуге тиіс. Осы кезде қорушы ойнаушылардың бірін доппен ұруға тырысады. Егер ол допты тигізе алса, қорушы болады. Доп тиген ойнаушы да оны ала сала қашып бара жатқан ойнаушылардың бірін шеңберге жеткенше ұрып үлгеруі керек. Егер оған да доп тисе, ол да басқа біреуді ұрып қалуға тырысады. Егер ешкімді ұра алмай калса, сол ойнаушы доп қорушы болып, ойын қайта басталады. Қорушы ешкімге допты тигізе алмаса, қашан біреуді ұрғанға дейін қорушы болып қала береді. Ойын ұзаққа созылмас үшін мерзімді уақыт белгілеп, кезекпе-кезек орын ауыстырып отыруға да болады.

Судағы жасырынбақ — ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар суға түсерде резеңке қалпақ киеді. Онымен көздері де жабық болады. Қалпағы жоқ ойыншы ортаға шығады. Оның қолында қоңырауы болады. Қалпақ киген барлық жүзуші қоңырау соғып жүрген баланы іздейді.

Қоңыраушыны ұстап алған бала қалпақты қоңыраушыға кигізеді де, қоңырауды өзі алады. Өзі қуып жүргендерге ұстатпауға тырысады. Ойынға 20—30 жүргізушінің қатынасуына болады. Ойын суда жүзе білуге, дыбысты айыра білуге, сезімталдыққа үйретеді.

 

 

 

Бөлісу: