"Табақ алып қашу ойыны", "Қардан жасалған тир"

26 Маусым 2013, 06:22

Табақ алып қашу ойыны — өте ертеден келе жатқан ең қызықты әрі көне ойындардың бірі. Бұл ойын ат үстінде ойналатын болған. Ойын негізі өмір шындығынан туған. Үлкен тойларда немесе атақты кісілердің асында халық көп жиналып, көп үй тігілген. Сол жиылған көп халықты тамақтандыру, ас беріп күту қажеттігі туған. Ол үшін сандаған мал сойылып, тай қазандар көтеріліп, ет асылған. Сол тамақты басаяғы ат шаптырым ұлан-ғайыр жұртқа, жаяу тасып жеткізу мүмкін болмаған. Сондықтан етті үйді үйге (киіз үйлерге) салт атты жігіттер жеткізіп беріп тұрған. Ал шауып келе жатқан аттың үстінде, қолына табақ толы ет көтеріп, оны төкпей-шашпай, апаратын жеріне дұрыстап жеткізіп берудің өзі де үлкен өнер. Осыны дұрыс орындап шығу үшін, той болардан көп бұрын, той, не ас беретін елдің азаматтары әзірлік ретінде табақ алып қашу ойынын ойлап тауып, жаттығу ретінде ойнайтын болған. Келе-келе ол жалпы халықтық ойынға айналған. Ойынға қатынасушылардың санына шек қойылмайды. Салт аттылар алаңға жиылып, араларынан біреуін табақ алып қашушы етіп тағайындайды. Ол табаққа салынған затты алып қашады. Қуып жеткен ойыншы одан табақты алып өзі бұрын белгілеген жерге жеткізуге тырысады. Табақты белгілеген жерге кім бұрын жеткізсе, сол жеңіске жетеді. Табаңты бермес үшін бұлтарма шабу сияқты түрлі амал-айла қолданылады. Табақ қолдан-қолға ауысады. Бірақ табаққа салынған зат түспеуі керек. Ол әлденеше қайталанып ойналады. «Қардан жасалған тир» — ұлттық ойын түрі. Бұл ойын қыста ойналады. Ертеде бұны «дәл тигіз» деп атаған. Ойынға жиналғандар алаңды жерге жиналып келіп, аққала соғады да, оның бетін тегістеп үш жерден шеңбер сызады. Сонан соң аңқаладан 10—15 метр немесе одан да алыстау жерден лақтыратын орын белгілейді. Ол — ойынға қатынасушылардың жасына байланысты. Ойынға қатынасатын жастар қардан сығымдап жасаған доптарымен жаңағы сызылған шеңберлерді көздеп лақтырады. «Доп» ортадағы кішірек дөңгелекке тисе, ол 10 ұпай алады. Одан кейін орта шеңбер-5 ұпай, ал ең үлкен шеңбер —1 ұпай. Ал шеңберге тигізе алмағандар ұпайдан құр қалады. Кім ортадағы кішкене шеңберге көп тигізсе, сол көп ұпай жинап, жеңіске жетеді. -Ұпайларды санап, қадағалап тұратын бір ойын басқарушы тағайындалады. Ол кімнің ұпайы қанша екенін мұқият бақылап тұрады. Ойын қыза түседі, ол — ойыншыларды дәлдікке, мөлшерлей білуге, өз мүмкіншілігін дұрыс бағалай білуге үйретеді.

Табақ алып қашу ойыны — өте ертеден келе жатқан ең қызықты әрі көне ойындардың бірі. Бұл ойын ат үстінде ойналатын болған. Ойын негізі өмір шындығынан туған. Үлкен тойларда немесе атақты кісілердің асында халық көп жиналып, көп үй тігілген. Сол жиылған көп халықты тамақтандыру, ас беріп күту қажеттігі туған. Ол үшін сандаған мал сойылып, тай қазандар көтеріліп, ет асылған. Сол тамақты басаяғы ат шаптырым ұлан-ғайыр жұртқа, жаяу тасып жеткізу мүмкін болмаған. Сондықтан етті үйді үйге (киіз үйлерге) салт атты жігіттер жеткізіп беріп тұрған. Ал шауып келе жатқан аттың үстінде, қолына табақ толы ет көтеріп, оны төкпей-шашпай, апаратын жеріне дұрыстап жеткізіп берудің өзі де үлкен өнер. Осыны дұрыс орындап шығу үшін, той болардан көп бұрын, той, не ас беретін елдің азаматтары әзірлік ретінде табақ алып қашу ойынын ойлап тауып, жаттығу ретінде ойнайтын болған. Келе-келе ол жалпы халықтық ойынға айналған. Ойынға қатынасушылардың санына шек қойылмайды. Салт аттылар алаңға жиылып, араларынан біреуін табақ алып қашушы етіп тағайындайды. Ол табаққа салынған затты алып қашады. Қуып жеткен ойыншы одан табақты алып өзі бұрын белгілеген жерге жеткізуге тырысады. Табақты белгілеген жерге кім бұрын жеткізсе, сол жеңіске жетеді. Табаңты бермес үшін бұлтарма шабу сияқты түрлі амал-айла қолданылады. Табақ қолдан-қолға ауысады. Бірақ табаққа салынған зат түспеуі керек. Ол әлденеше қайталанып ойналады.

«Қардан жасалған тир» — ұлттық ойын түрі.

Бұл ойын қыста ойналады. Ертеде бұны «дәл тигіз» деп атаған. Ойынға жиналғандар алаңды жерге жиналып келіп, аққала соғады да, оның бетін тегістеп үш жерден шеңбер сызады. Сонан соң аңқаладан 10—15 метр немесе одан да алыстау жерден лақтыратын орын белгілейді. Ол — ойынға қатынасушылардың жасына байланысты. Ойынға қатынасатын жастар қардан сығымдап жасаған доптарымен жаңағы сызылған шеңберлерді көздеп лақтырады. «Доп» ортадағы кішірек дөңгелекке тисе, ол 10 ұпай алады. Одан кейін орта шеңбер-5 ұпай, ал ең үлкен шеңбер —1 ұпай. Ал шеңберге тигізе алмағандар ұпайдан құр қалады.

Кім ортадағы кішкене шеңберге көп тигізсе, сол көп ұпай жинап, жеңіске жетеді. -Ұпайларды санап, қадағалап тұратын бір ойын басқарушы тағайындалады. Ол кімнің ұпайы қанша екенін мұқият бақылап тұрады. Ойын қыза түседі, ол — ойыншыларды дәлдікке, мөлшерлей білуге, өз мүмкіншілігін дұрыс бағалай білуге үйретеді.

Бөлісу: