"Құнан жарыс", "Дөнен жарыс", "Жорға жарыс"

26 Маусым 2013, 06:16

Құнан жарыс — ертеден келе жатқан халықтық спорттық ойындарының бірі. Құнан жарысқа тай кезінде озып, бәйгеден келіп жүрген екі жасар жылқы қатыстырылады. Құнан жарысқа қосылмай тұрып, күн ілгері әзірленеді — бапталып, жаратылады. Құнан жарысы көбінесе шағын тойларда өткізіледі. Құнан жарысы 8—10 шақырымдық қысқа қашықтықта өтеді. Ал үлкен жиын-тойларда көбінесе аса қашыққа шабатын бәйге, аламан бәйге аттары келгенше, жиылған жұртты зеріктірмес үшін пайдаланылады. Құнан жарысына 8—9 жастағы балалар қатынасады. Бала құнанды бәйгеге баптаудан бастап, барлық әзірлік кезеңіне қатынасып шаруашылық мектебінен өтеді. Өмірге әзірленіп, шаруашылыққа қатынасады, ерік-қайратын шыңдап, жеңіске деген ынта-жігері артады. Дөнен жарыс — халықтық көне спорттық ойындарының бірі. Дөнен жарысына әзірлік жарыс болардан әлдеқайда ерте басталады. Жарысқа төрт жасар аттар әзірленеді. Жарысқа қатынасатын дөнендер мұқият іріктеледі және ат жарысына жасалатын әзірліктің барлық тәртіптері мұқият сақталады. Дөнен жарысы үлкен жиын-тойларда, алысқа шабатын сақа аттардың алдында, құнан жарысының соңынан басталады. Дөнен жарысына да жас мөлшері 9-10 шамасындағы немесе одан ересек балалар қатынасады. Дөнендерді қай қашықтықтан жіберу керектігін алдын ала белгіленген төрешілер алқасы келісіп шешеді. Ертеде дөнендер 25—30 шаңырым тіпті одан да алыс қашықтыққа жіберілген. Озып бәйге алған дөнендер келесі жылдары бәйгенің ең жоғары сатылары — ат жарысы мен аламан бәйгеге қосыла алады. Дөнен жарысын әзірлеуге қатынасқан бала мал шаруашылығы саласынан көп мағлұмат алып, жылқы малын танып, біліп өседі. Жорға жарыс, жорға салу – жорға мінген шабандоздар жарысы; ұлттық ат спорты түрлерінің бірі. Жақсы жорғалар жарыс кезінде ешқашан да шоқыраққа, желіске не шабысқа көшпейді.[1] Жорға жарысы спортының да өзіне тән ерекшелігі бар. Жорға өзінің жұмсақ та тайпалма жүрісімен көзге түседі. Жорға оң жақтағы алдыңғы аяғы мен оң жақтағы артқы аяғын, сол жақтағы артқы аяғымен, сол жаңтағы аяңтарын бір мезгілде алады. Жарыс кезінде нағыз жорғалар жорғасынан танбайды. Ондай жорғаларды су жорға дейді. Өйткені ондай жорғалармен алып жүрген су шайқалмайды да, төгілмейді. Ондай жорғалар жарыс кезінде басынан аяғына дейін жорғасынан бір танбайды. Егерде жорға жарысына қосқан жорға жорғасынан жаңылып, шоқырақтап шабатын болса, оны жарысқа қосушы иесіне айып салынады. Ал ол тәртіпті төртке дейін бұзатын болса, онда жарыстан шығарылып тасталатын болады. Жорға жарысы тек қысқа, жол ыңғайына қарай 2—3 шақырым аралықта өткізіледі. Мұның өзі аттың шаршап, жорғадан шабысқа түспеуі үшін қолданатын тәртіп екені түсінікті. Жарысқа түсетін аттар — көбінесе жол жорғалар мен шаппа жорғалар болады. Жорға аттарды мұқият іріктеп, саралап алу қажет. Жорға түрін араластырмау — басты шарт. Жарысқа қолданылып жүрген қазіргі тәртіп бойынша жорға жарыстарына әйелдер мен қыздар да қатынаса алады. Жорға жарысы, сөз жоқ, спорттың пайдалы түрі, спортшының күші мен моральдық сапасын жетілдіреді және жалпы спортқа оның ішінде ат спортына сүйіспеншілігін арттырады. Оның тағы бір бағалылығы — қазақ әйелдері мен қыздарының арасында физкультура мен спортты дамыта түсетіндігінде.  

Құнан жарыс — ертеден келе жатқан халықтық спорттық ойындарының бірі. Құнан жарысқа тай кезінде озып, бәйгеден келіп жүрген екі жасар жылқы қатыстырылады. Құнан жарысқа қосылмай тұрып, күн ілгері әзірленеді — бапталып, жаратылады. Құнан жарысы көбінесе шағын тойларда өткізіледі. Құнан жарысы 8—10 шақырымдық қысқа қашықтықта өтеді. Ал үлкен жиын-тойларда көбінесе аса қашыққа шабатын бәйге, аламан бәйге аттары келгенше, жиылған жұртты зеріктірмес үшін пайдаланылады. Құнан жарысына 8—9 жастағы балалар қатынасады. Бала құнанды бәйгеге баптаудан бастап, барлық әзірлік кезеңіне қатынасып шаруашылық мектебінен өтеді. Өмірге әзірленіп, шаруашылыққа қатынасады, ерік-қайратын шыңдап, жеңіске деген ынта-жігері артады.

Дөнен жарыс — халықтық көне спорттық ойындарының бірі. Дөнен жарысына әзірлік жарыс болардан әлдеқайда ерте басталады. Жарысқа төрт жасар аттар әзірленеді. Жарысқа қатынасатын дөнендер мұқият іріктеледі және ат жарысына жасалатын әзірліктің барлық тәртіптері мұқият сақталады. Дөнен жарысы үлкен жиын-тойларда, алысқа шабатын сақа аттардың алдында, құнан жарысының соңынан басталады. Дөнен жарысына да жас мөлшері 9-10 шамасындағы немесе одан ересек балалар қатынасады. Дөнендерді қай қашықтықтан жіберу керектігін алдын ала белгіленген төрешілер алқасы келісіп шешеді.

Ертеде дөнендер 25—30 шаңырым тіпті одан да алыс қашықтыққа жіберілген. Озып бәйге алған дөнендер келесі жылдары бәйгенің ең жоғары сатылары — ат жарысы мен аламан бәйгеге қосыла алады.

Дөнен жарысын әзірлеуге қатынасқан бала мал шаруашылығы саласынан көп мағлұмат алып, жылқы малын танып, біліп өседі.

Жорға жарыс, жорға салу – жорға мінген шабандоздар жарысы; ұлттық ат спорты түрлерінің бірі. Жақсы жорғалар жарыс кезінде ешқашан да шоқыраққа, желіске не шабысқа көшпейді.[1]

Жорға жарысы спортының да өзіне тән ерекшелігі бар. Жорға өзінің жұмсақ та тайпалма жүрісімен көзге түседі. Жорға оң жақтағы алдыңғы аяғы мен оң жақтағы артқы аяғын, сол жақтағы артқы аяғымен, сол жаңтағы аяңтарын бір мезгілде алады. Жарыс кезінде нағыз жорғалар жорғасынан танбайды. Ондай жорғаларды су жорға дейді. Өйткені ондай жорғалармен алып жүрген су шайқалмайды да, төгілмейді. Ондай жорғалар жарыс кезінде басынан аяғына дейін жорғасынан бір танбайды. Егерде жорға жарысына қосқан жорға жорғасынан жаңылып, шоқырақтап шабатын болса, оны жарысқа қосушы иесіне айып салынады. Ал ол тәртіпті төртке дейін бұзатын болса, онда жарыстан шығарылып тасталатын болады.

Жорға жарысы тек қысқа, жол ыңғайына қарай 2—3 шақырым аралықта өткізіледі. Мұның өзі аттың шаршап, жорғадан шабысқа түспеуі үшін қолданатын тәртіп екені түсінікті. Жарысқа түсетін аттар — көбінесе жол жорғалар мен шаппа жорғалар болады.

Жорға аттарды мұқият іріктеп, саралап алу қажет. Жорға түрін араластырмау — басты шарт.

Жарысқа қолданылып жүрген қазіргі тәртіп бойынша жорға жарыстарына әйелдер мен қыздар да қатынаса алады.

Жорға жарысы, сөз жоқ, спорттың пайдалы түрі, спортшының күші мен моральдық сапасын жетілдіреді және жалпы спортқа оның ішінде ат спортына сүйіспеншілігін арттырады. Оның тағы бір бағалылығы — қазақ әйелдері мен қыздарының арасында физкультура мен спортты дамыта түсетіндігінде.

 

Бөлісу: