"Бәлләй", "Асау мәстек"

26 Маусым 2013, 05:22

«Бәлләй» — ұлттық ойын. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. («А» және «Б») Ойын үшін ұзындығы бір кездей таяқ пен жұдырықтай доп керек. Екі топтан екі адам белгіленеді. Содан соң алаң шетіне көлденең сызық сызылады. Қай топтың ойынды бастайтынын анықтау үшін жеребе тартады. Жеребе шыққан топтың ойыншысы таяққа, оның қарсыласы допқа ие болады. Екі ойыншы көлденең сызық бойында біріне-бірі қарама-қарсы қарап тұрады. Аралықтары сілтеген таяқ жетпейтіндей болуы керек. Басқа ойнаушылар алаңға шашырай орналасады. Таяқ ұстаған ойыншыға қарсыласы («Б») қолындағы допты әулете тастап беріп тұрады. Таяқты ұстаған («А) ойыншы сол кезде әлгі допты жерге түсірмей. Алаңға қарай соғады. Басқа ойнаушылар допты қағып алуға тырысады. Ешкім ұстай алмай доп жерге түссе, доп тастап тұрған топтың бір баласы допты қолына алып сөреге дейін: «Бәллі, бәллі, бәлләй! Бәллі, бәллі, бәлләй!» — деп, дем алмай, жүгіріп баруға тиіс. Сөреге жетпей тыныс алып қойса, қарсы топқа ұпай жазылады. Егер әуелеп келе жатқан допты бұл топтың ойыншысы ұстап алса да ұпай жазылады. Сол сияқты, «бәллі, бәллі, бәлләй!» деп жүгірген бала тыныс алмай сөреге жетсе, допты соғу кезегі сол топқа өтеді. Таяқ ұстаған ойыншы допты соға алмай. қалса да, кезек ана топқа ауысады. Допты тастап беріп түрган топтың ойыншысы әуелей ұшқан допты қағып алса да таяқ соғу кезегіне ие болады. Осылайша қай топ өз ұпайын көбейтсе, жеңіске жетеді. Ойынды үш-төрт бала ойнай береді. Мұнда әр бала допты қағып ап немесе доп түскен жерден доп соңңан бала түрған жерге дейін: «Бәллі, бәллі, бәлләй!»— деп, жүгіріп келіп, доп соғу кезегіне ие болады. Сол кезде бүган дейін доп соғып тұрған ойыншы енді допты тастап берушінің міндетін атқарады. Сөйтіп, доп соғу және тастап беру кезегі жеңіс арқылы ауысып отырады. Ойын жастарды тез жүгіре білуге, дәл соғуға, тыныс алуды реттеп, төзімділікке үйретеді. Нерві жүйелерін шыңдай түседі.    Асау мәстек - ұлттық ойын. Жазық алаңда өтеді. Ойынға қатынасушы жастар жиылып келіп, асау мәстек құрады. Ол үшін 4—5 қадамдай қашықтықтан екі мықты қада қағады. Кейде бұған өсіп тұрған екі ағашты да пайдалануға болады. Жерден 50—70 см. биіктікте екі қаданың арасына арқан байлайды да, оның үстіне ескі көрпеше (шапан, тон) салады. Ойын жүргізуші балаларды ойынға тақпақ айтып шақырады: Әй, ер екенің білейін, Ешкі сойып берейін. Тақия алсаң еңкейіп, Құламасаң төңкейіп, Ерлігіңе сенейін! Өзінің ептілігін сынағысы келген ойыншы: Асау мәстек бұл болса, Үйретейін көріңіз, Маған таяқ беріңіз! — деп, ортаға шығады. Ойын жүргізуші таяқты беріп тұрып санай бастайды:[1] Міне, саған таяқ, Үшке дейін санақ. Бір..„ Екі... Үш... Ойынға шыққан жас санақ біткенше таяқтың көмегімен арқанның үстіне атша мініп алуы тиіс те, жерден еңкейіп тақия алады. Жеңіп шықса ойын жүргізуші айыпты болады да, жығылса өзі айып тартады. Айып өлең айту, ән салу немесе қораз болып шақыру, түйедей боздау, ешкі сияқты маңырау түрінде болады. 

«Бәлләй» — ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. («А» және «Б») Ойын үшін ұзындығы бір кездей таяқ пен жұдырықтай доп керек. Екі топтан екі адам белгіленеді. Содан соң алаң шетіне көлденең сызық сызылады. Қай топтың ойынды бастайтынын анықтау үшін жеребе тартады. Жеребе шыққан топтың ойыншысы таяққа, оның қарсыласы допқа ие болады. Екі ойыншы көлденең сызық бойында біріне-бірі қарама-қарсы қарап тұрады. Аралықтары сілтеген таяқ жетпейтіндей болуы керек. Басқа ойнаушылар алаңға шашырай орналасады. Таяқ ұстаған ойыншыға қарсыласы («Б») қолындағы допты әулете тастап беріп тұрады. Таяқты ұстаған («А) ойыншы сол кезде әлгі допты жерге түсірмей. Алаңға қарай соғады. Басқа ойнаушылар допты қағып алуға тырысады. Ешкім ұстай алмай доп жерге түссе, доп тастап тұрған топтың бір баласы допты қолына алып сөреге дейін:

«Бәллі, бәллі, бәлләй! Бәллі, бәллі, бәлләй!» — деп, дем алмай, жүгіріп баруға тиіс. Сөреге жетпей тыныс алып қойса, қарсы топқа ұпай жазылады.

Егер әуелеп келе жатқан допты бұл топтың ойыншысы ұстап алса да ұпай жазылады. Сол сияқты, «бәллі, бәллі, бәлләй!» деп жүгірген бала тыныс алмай сөреге жетсе, допты соғу кезегі сол топқа өтеді. Таяқ ұстаған ойыншы допты соға алмай. қалса да, кезек ана топқа ауысады. Допты тастап беріп түрган топтың ойыншысы әуелей ұшқан допты қағып алса да таяқ соғу кезегіне ие болады. Осылайша қай топ өз ұпайын көбейтсе, жеңіске жетеді. Ойынды үш-төрт бала ойнай береді. Мұнда әр бала допты қағып ап немесе доп түскен жерден доп соңңан бала түрған жерге дейін: «Бәллі, бәллі, бәлләй!»— деп, жүгіріп келіп, доп соғу кезегіне ие болады. Сол кезде бүган дейін доп соғып тұрған ойыншы енді допты тастап берушінің міндетін атқарады. Сөйтіп, доп соғу және тастап беру кезегі жеңіс арқылы ауысып отырады. Ойын жастарды тез жүгіре білуге, дәл соғуға, тыныс алуды реттеп, төзімділікке үйретеді. Нерві жүйелерін шыңдай түседі. 

 

Асау мәстек - ұлттық ойын. Жазық алаңда өтеді.

Ойынға қатынасушы жастар жиылып келіп, асау мәстек құрады. Ол үшін 4—5 қадамдай қашықтықтан екі мықты қада қағады. Кейде бұған өсіп тұрған екі ағашты да пайдалануға болады. Жерден 50—70 см. биіктікте екі қаданың арасына арқан байлайды да, оның үстіне ескі көрпеше (шапан, тон) салады. Ойын жүргізуші балаларды ойынға тақпақ айтып шақырады:

Әй, ер екенің білейін,
Ешкі сойып берейін.
Тақия алсаң еңкейіп,
Құламасаң төңкейіп,
Ерлігіңе сенейін!

Өзінің ептілігін сынағысы келген ойыншы:

Асау мәстек бұл болса,
Үйретейін көріңіз,
Маған таяқ беріңіз!

— деп, ортаға шығады. Ойын жүргізуші таяқты беріп тұрып санай бастайды:[1]

Міне, саған таяқ,
Үшке дейін санақ.
Бір..„
Екі...
Үш...

Ойынға шыққан жас санақ біткенше таяқтың көмегімен арқанның үстіне атша мініп алуы тиіс те, жерден еңкейіп тақия алады. Жеңіп шықса ойын жүргізуші айыпты болады да, жығылса өзі айып тартады.

Айып өлең айту, ән салу немесе қораз болып шақыру, түйедей боздау, ешкі сияқты маңырау түрінде болады. 

Бөлісу: