"Шымбике", "Үй артында қол ағаш"

26 Маусым 2013, 05:16

Шымбике — ұлттық ойын. Ойынға қатынасушылардың саны он адамнан кем болмауы керек. Ойын басталмас бұрын арасы бес метрдей екі көмбе белгіленеді. Бірінші көмбеде ойнаушылар топ басқарушының артына қатарға тұрады, ал екінші көмбеде қаламақ айтып белгіленген «Жалмауыз кемпір» (ақсақ) қарап тұрады. Қатардағы ең бірінші ойыншы немесе топ басқарушы «жалмауыз кемпірге» қарап: Шым-шым шымбике, Шымылдығыңды құр бике, Ақсақ кемпір тоңқылдақ, Бұрама темір солқылдақ, Мына судан қайтіп өтейін? — дейді. «Жалмауыз кемпір»: Ақсақ кемпір тоңқылдайды, Бұрама темір солқылдайды, Көйлегіңді салып өт! Мұны естіген ойыншы алға бір секіреді де, тағы да: ' — Мына судан қайтіп өтемін? — дейді. — Тоныңды салып өт! Ойыншы тағы секіреді. Осылайша төртінші рет секіргенде «жалмауыз кемпір» қолынан ұстап өткізеді де: — Неше аяқ көже ішесің?— дер сұрайды да отырғызып қояды. Келесі ойыншы да осылай өтеді. Бәрі өтіп болған соң, «кемпір» нөкерінің бірін шақырып алып: — Адам баласы жалмауыздың қолына түсті, жазалайсың, — деп бұйрық береді. Нөкер бүйрық бойынша неше аяң көже ішемін деген болса, сонша рет маңдайынан шертеді. Бәрін жазалап болған соң «жалмауыз кемпір» рөлін ауыстырады да, ойын жалғаса береді. «Үй артында қол ағаш» — ұлттық ойын. Бұл ойынды 10—15 жас өспірім, кейде одан да көп бала, топтасып ойнайды. Ойын тәртібі: Қатынасушылар бірінің қолынан бірі ұстап дөңгелене тұрады. Ойын бастаушы не белбеу, не орамал алады да, дөңгелене тұрған топтың сыртын айнала жүгіріп былай дейді: Үй артында қол ағаш, Желбау тартам, есік аш. Бұл сөзді бірнеше рет қайталай береді. Дөңгелене тұрған ойыншылар: Үй артында қол ағаш, Жел кірмесін, есік бас, — деген сөзді қайталай береді. Тұрған ойыншылар ұстасқан қолдарын ажыратпайды. Ол — есік ашпағанның белгісі. Енді: Үй артында қол ағаш, Желбау тартам, есік аш, — деп жүгіріп жүрген ойыншы өзі таңдаған бір ойыншының артына орамалмен бір соғып қалады да, оны сол ойыншыға тастай сала: Үй артында қол ағаш, Озам десең, ала қаш, — деп өзі сол бетімен жүгіре береді. Осының боларын біліп, әзір тұрған ойыншы да «қол ағашты» ала сала, әлгі балаға қарай қарамақарсы жүгіреді. Бұл кезде дөңгелене тұрған балалар: Үй артында қол ағаш, Қол ағаштан ала қаш. Бұрын келген балаға Тездеп бар да есік аш, — деп хормен айтып тұрады. Қол ағаш, қол ағаш! Жел кірмесін, есік бас! — деген сөзді барлық бала хормен тағы да айтады. «Есік жабылады». Енді осы қалып қойған бала бәрін қайталап орындайды. Ойын осылай созыла береді. Ойын балаларды коллектившілдікке, бірігіп әрекет жасауға, творчестволық ынтымақтыққа үйретеді.  

Шымбике — ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылардың саны он адамнан кем болмауы керек. Ойын басталмас бұрын арасы бес метрдей екі көмбе белгіленеді. Бірінші көмбеде ойнаушылар топ басқарушының артына қатарға тұрады, ал екінші көмбеде қаламақ айтып белгіленген «Жалмауыз кемпір» (ақсақ) қарап тұрады. Қатардағы ең бірінші ойыншы немесе топ басқарушы «жалмауыз кемпірге» қарап:

Шым-шым шымбике,
Шымылдығыңды құр бике,
Ақсақ кемпір тоңқылдақ,
Бұрама темір солқылдақ,
Мына судан қайтіп өтейін?

— дейді. «Жалмауыз кемпір»:

Ақсақ кемпір тоңқылдайды,
Бұрама темір солқылдайды,
Көйлегіңді салып өт!

Мұны естіген ойыншы алға бір секіреді де, тағы да: '

— Мына судан қайтіп өтемін? — дейді. — Тоныңды салып өт!

Ойыншы тағы секіреді. Осылайша төртінші рет секіргенде «жалмауыз кемпір» қолынан ұстап өткізеді де:

— Неше аяқ көже ішесің?— дер сұрайды да отырғызып қояды.

Келесі ойыншы да осылай өтеді. Бәрі өтіп болған соң, «кемпір» нөкерінің бірін шақырып алып:

— Адам баласы жалмауыздың қолына түсті, жазалайсың, — деп бұйрық береді. Нөкер бүйрық бойынша неше аяң көже ішемін деген болса, сонша рет маңдайынан шертеді. Бәрін жазалап болған соң «жалмауыз кемпір» рөлін ауыстырады да, ойын жалғаса береді.

«Үй артында қол ағаш» — ұлттық ойын.

Бұл ойынды 10—15 жас өспірім, кейде одан да көп бала, топтасып ойнайды.

Ойын тәртібі: Қатынасушылар бірінің қолынан бірі ұстап дөңгелене тұрады. Ойын бастаушы не белбеу, не орамал алады да, дөңгелене тұрған топтың сыртын айнала жүгіріп былай дейді:

Үй артында қол ағаш,
Желбау тартам, есік аш.

Бұл сөзді бірнеше рет қайталай береді. Дөңгелене тұрған ойыншылар:

Үй артында қол ағаш,
Жел кірмесін, есік бас,

— деген сөзді қайталай береді. Тұрған ойыншылар ұстасқан қолдарын ажыратпайды. Ол — есік ашпағанның белгісі. Енді:

Үй артында қол ағаш,
Желбау тартам, есік аш,

— деп жүгіріп жүрген ойыншы өзі таңдаған бір ойыншының артына орамалмен бір соғып қалады да, оны сол ойыншыға тастай сала:

Үй артында қол ағаш,
Озам десең, ала қаш,

— деп өзі сол бетімен жүгіре береді.

Осының боларын біліп, әзір тұрған ойыншы да «қол ағашты» ала сала, әлгі балаға қарай қарамақарсы жүгіреді. Бұл кезде дөңгелене тұрған балалар:

Үй артында қол ағаш,
Қол ағаштан ала қаш.
Бұрын келген балаға
Тездеп бар да есік аш,

— деп хормен айтып тұрады.

Қол ағаш, қол ағаш! Жел кірмесін, есік бас! —

деген сөзді барлық бала хормен тағы да айтады. «Есік жабылады». Енді осы қалып қойған бала бәрін қайталап орындайды. Ойын осылай созыла береді. Ойын балаларды коллектившілдікке, бірігіп әрекет жасауға, творчестволық ынтымақтыққа үйретеді.

 

Бөлісу: