«Қасқырқақпан», «Доп тебу»

26 Маусым 2013, 05:04

«Қасқырқақпан» — ежелгі халық ойындарының бірі. Ойын жазық көгалды алаңда, мектеп ауласында, спорт, мәдениет үйлерінің кең залдарында өткізіледі. Ойнаушылар ойын болатын жерге жиылады да, екі топқа бөлінеді. Үлкен тобы —«Қақпан», кіші тобы — «Қасқырлар». Ойынға басқарушы тағайындалады. Басқарушы ойнаушылардың арасынан дауығы ашық, тақпақты жақсы білетін біреуіне бастауды міндеттейді, қалғандары оған қосылады. Қасқыр түссе қақпанға, Ұстамасқа бола ма. Қол ұстасып тұрайық, Қасқырқақпан құрайық. Біздің қақпан болаттай. Қасқырды тұр жолатпай, Қасқыр, қасқыр, келіп көр, Қақпан, қақпан берік бол. Ойынға қатынасушылар әбден бір-бірімен қол ұстасып, дөңгеленіп, шеңбер құрып тұрып болғанша: Кәне, кәне, тұрайық, Қасқырқақпан құрайық — деген өлең жолдарын қайталап айта береді. Сонан соң өлеңнің соңғы шумағы: Кәне, қақпан, берік бол, Қасқыр, қасқыр, келіп көр! — деген жолдарды айтып болысымен, «қақпан» болып тұрғандар бір-бірінің ұстаған қолдарын жоғары көтереді. Ал «қасқыр» тобындағылар арғы беттегі «қораға» көтерілген қолдардың астымен жүгіріп өтіп кетуге тырысады. Қасқырлар осылай өтіп жатқан кезде бастаушының «а-ап!» деген белгісімен көтерілген қолдар төмен түсіріледі. Ойнаушылар жүрелерінен отыра қалады. Сөйтіп «қақпан» жабылады. Іште қалғантдар «қақпан» тобына қосылады да, «қасқырлар» азая береді. Ойын қайталанып жалғаса береді. Ойынға қатынасушылар кезектесіп орын ауыстырып отырады.   «Доп тебу» — бұл ойын ашық күндерде жазық далада немесе спорт алаңдарында ойналады. Ойнаушылардың саны үштен жоғары бола береді. Қатынасушыла алаңға жиналып болған соң, жеребе-таяқ ұстасады, жеңгені допты қорғаушы болады. Ойнаушылар оны айнала қоршап тұрады. Қорушы ортадағы допты басқалардан қорғап, оны айналып жүреді. Ойынның тәртібі бойынша допты тек аяқпен қорғайды. Әрбір ойнаушы оны тебе қашуға тырысады. Ал ойнаушылардың бірі допты тебуге ұмтылған кезде оған қорушының аяғы тиіп кетсе, ол қорғаушы болып қалады да, доп қорғаушы әлгі ойнаушының орнына шығады. Егер ойнаушылардың бірі теуіп шеңберден шығып кетсе, қашқан доп қорушы қуып жетіп, оны ажыратып алғанға дейін басқа ойнаушылар кезек-кезек біріне-бірі теуіп тастағаннан кейін ойнаушылар бұрынғы орнына келіп жетуге тиіс. Осы кезде қорушы ойнаушылардың бірін доппен ұруға тырысады. Егер ол допты тигізе алса, қорушы болады. Доп тиген ойнаушы да оны ала сала қашып бара жатқан ойнаушылардың бірін шеңберге жеткенше ұрып үлгеруі керек. Егер оған да доп тисе, ол да басқа біреуді ұрып қалуға тырысады. Егер ешкімді ұра алмай калса, сол ойнаушы доп қорушы болып, ойын қайта басталады. Қорушы ешкімге допты тигізе алмаса, қашан біреуді ұрғанға дейін қорушы болып қала береді. Ойын ұзаққа созылмас үшін мерзімді уақыт белгілеп, кезекпе-кезек орын ауыстырып отыруға да болады.  

«Қасқырқақпан» — ежелгі халық ойындарының бірі. Ойын жазық көгалды алаңда, мектеп ауласында, спорт, мәдениет үйлерінің кең залдарында өткізіледі. Ойнаушылар ойын болатын жерге жиылады да, екі топқа бөлінеді. Үлкен тобы —«Қақпан», кіші тобы — «Қасқырлар». Ойынға басқарушы тағайындалады. Басқарушы ойнаушылардың арасынан дауығы ашық, тақпақты жақсы білетін біреуіне бастауды міндеттейді, қалғандары оған қосылады.

Қасқыр түссе қақпанға,
Ұстамасқа бола ма.
Қол ұстасып тұрайық,
Қасқырқақпан құрайық.
Біздің қақпан болаттай.
Қасқырды тұр жолатпай,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр,
Қақпан, қақпан берік бол.

Ойынға қатынасушылар әбден бір-бірімен қол ұстасып, дөңгеленіп, шеңбер құрып тұрып болғанша:

Кәне, кәне, тұрайық,
Қасқырқақпан құрайық

— деген өлең жолдарын қайталап айта береді. Сонан соң өлеңнің соңғы шумағы:

Кәне, қақпан, берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр!

— деген жолдарды айтып болысымен, «қақпан» болып тұрғандар бір-бірінің ұстаған қолдарын жоғары көтереді. Ал «қасқыр» тобындағылар арғы беттегі «қораға» көтерілген қолдардың астымен жүгіріп өтіп кетуге тырысады.

Қасқырлар осылай өтіп жатқан кезде бастаушының «а-ап!» деген белгісімен көтерілген қолдар төмен түсіріледі. Ойнаушылар жүрелерінен отыра қалады. Сөйтіп «қақпан» жабылады. Іште қалғантдар «қақпан» тобына қосылады да, «қасқырлар» азая береді. Ойын қайталанып жалғаса береді. Ойынға қатынасушылар кезектесіп орын ауыстырып отырады.

 

«Доп тебу» — бұл ойын ашық күндерде жазық далада немесе спорт алаңдарында ойналады. Ойнаушылардың саны үштен жоғары бола береді. Қатынасушыла алаңға жиналып болған соң, жеребе-таяқ ұстасады, жеңгені допты қорғаушы болады. Ойнаушылар оны айнала қоршап тұрады. Қорушы ортадағы допты басқалардан қорғап, оны айналып жүреді. Ойынның тәртібі бойынша допты тек аяқпен қорғайды. Әрбір ойнаушы оны тебе қашуға тырысады.

Ал ойнаушылардың бірі допты тебуге ұмтылған кезде оған қорушының аяғы тиіп кетсе, ол қорғаушы болып қалады да, доп қорғаушы әлгі ойнаушының орнына шығады.

Егер ойнаушылардың бірі теуіп шеңберден шығып кетсе, қашқан доп қорушы қуып жетіп, оны ажыратып алғанға дейін басқа ойнаушылар кезек-кезек біріне-бірі теуіп тастағаннан кейін ойнаушылар бұрынғы орнына келіп жетуге тиіс. Осы кезде қорушы ойнаушылардың бірін доппен ұруға тырысады. Егер ол допты тигізе алса, қорушы болады. Доп тиген ойнаушы да оны ала сала қашып бара жатқан ойнаушылардың бірін шеңберге жеткенше ұрып үлгеруі керек. Егер оған да доп тисе, ол да басқа біреуді ұрып қалуға тырысады. Егер ешкімді ұра алмай калса, сол ойнаушы доп қорушы болып, ойын қайта басталады. Қорушы ешкімге допты тигізе алмаса, қашан біреуді ұрғанға дейін қорушы болып қала береді. Ойын ұзаққа созылмас үшін мерзімді уақыт белгілеп, кезекпе-кезек орын ауыстырып отыруға да болады.

 

Бөлісу: