Астана күні мерекесіне орай қазақстандық марафоншылар Алматыдан Астанаға дейінгі қашықтықты жүгіріп өтпек. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне алматылық марафоншылар клубының төрағасы Әлім Шәріпов айтып берді. "Астана жүрегім" аталған марафонға қатысушы спортшылар осылайша бас қаланы 15-жылдық мерекесімен құттықтамақшы.
Екі қала арасындағы 1 мың 213 метр құрайтын қашықтықты 15 негізгі және 1 қосымша қатысушыдан тұратын марафоншылар клубының командасы жүгіріп өтуді жоспарлап отыр. Мұндай күрделі марафондық қашықтықты басып өту үшін команда көшбасшысы болып әртүрлі Халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, ең тәжірибелі жүйрік Марат Болтабаев тағайындалып отыр.
Ережеге сәйкес, марафонға қатысатын әйелдер әр бес шақырым сайын ауысып отырса, ал ерлер алты шақырымда демалатын болады. Алғашқыда Болтабаевпен бірге эстафетада үш ер адам жүгірмек. Олардың бірі Қазақстан туын ұстаса, қалғандары оның артынан еріп отырады.
Сонымен шараға қатысушылар ірі екі қала арасындағы жол бойында үздіксіз бір күн бойына жүгіріп отырмақ.
"Бұл біздің қала күніне орай жасаған сыйымыз. Ара қашықтықты бағындырып болғаннан кейін, біз барлық қазақстандықтарды осы айтулы мерекемен құттықтағымыз келеді. Жалпы марафон төрт күнге созылатын болады. Біз еш аялдамақ емеспіз, асымызды да жүгіріп ішетін боламыз",-дейді клуб төрағасы Шәріпов.
Эстафеталық жүгіру 2-шілде күні 09:00-де Алматының "Астана" алаңында басталып, 5-шілдеде Астана қаласындағы "Қазақ Елі" монументінде аяқталады деп күтілуде.
http://www.massaget.kz