Мағжан Жұмабаевтың туғанына 120 жыл

25 Маусым 2013, 11:36

Бүгін қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың дүниеге келген күні. Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында туған. Жастайынан зерек болған Мағжан алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашады. Баласының зеректігін байқаған әкесі Бекен Мағжанды Қызылжардағы Бегішев медресесіне оқуға береді. Мұсылмандық орташа дәрежелі білім беретін бұл медресені бес жылдай оқып бітірген соң, 1910-1913 жылдары Уфа қаласында «Ғалия» медресесінде оқиды. Медреседе оқып жүріп, «Садақ» журналының шығуына атсалысады. Алғаш рет өзінің өлеңдерін жариялайды. Осы жерде қазақ поэзиясының ғұламасы Абайдың өлеңдерімен танысады. Араб, парсы, түрік тілдерін оқып үйренуін жалғастырады. Орыс тілінен сабақ алады. Абай үлгісімен Шығыс пен Батыс поэзиясынан бірдей нәр алады. 1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны үздік бітіреді. Омбыда оқып жүрген кезінде сондағы жастармен тізе қосып, «Бірлік» әдеби үйірмесін құрысып, оның «Балапан» атты қолжазба әдеби журналын редакциялайды. 1917-1923 жылдары «Бостандық туы», «Ақжол» газеттерінде және «Шолпан» журналында істеп жүріп халық ағарту жұмысына белсене араласады. 1923-1926 жылдары Мәскеуде көркем әдебиет институтында оқиды. 1927-1929 жылдары Бурабайда, одан соң Петропавлда оқытушылық қызметтер атқарады. 1912 жылы Қазан шаһарында «Шолпан» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. «Батыр Баян», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Өтірік ертегі», «Шын ертегі» поэмаларында адам жанының, психологиялық әлемнің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын асқан шеберлікпен кестелеп өрнектей білген. Мағжанның поэзиясын жайында академик Серік Қирабаев: «Мағжан бүкіл ұлтқа тән ұғым-сезімнің, поэтикалық өнердің шекарасын кеңейтіп, қазақ әлемінің жан дүниесін ашып берді. Оның таза қазақтық рухы кімнен де болса жоғары. …» деп оның поэзиядағы суреткерлігіне тәнті болған. Мағжан Жұмабаев өмірден өз орнын үнемі іздеумен өткен, бар білген-түйгенін соған сарп еткен суреткер. Оның шығармашылығының бір қырында мұңлы толғаныс, өкініш және қайғы-қасірет, күйініш жатса, екінші қырында романтикалық өршілдік, махаббат, сүйіспеншілік, қуаныш пен сүйініш, арман, мақсат, үміт жатады. Ұлы суреткердің шығармашылығында тарих тұңғиығын терең түсіну, өткенді бажайлау, болашақты болжай білу, бүгіннің ақиқатына көз жеткізу сияқты терең толғаныстар заманның астаң-кестең аласапыран жайымен астасып жатады. Мағжанның кеңес үкіметі жылдары екі өлеңдер жинағын жарияланды. Алғашқысы - 1922 жылы Қазанда, екіншісі Ташкентте басылып шыққан. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап «Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» еңбектерін жариялаған. 1929 жылы Жұмабаев «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесілген. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға оралып, Петропавл қаласындағы мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген. 1937 жылы наурызда Жұмабаев Алматыға келіп, аударма ісімен айналысқан. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілген. Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма» өлеңін Мұстафа Шоқай «Яш Түркістан» журналында жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең пайдалы өлең деп бағалаған. Мағжан Жұмабаев - философ ақын. Оның шығармашылығы әлеуметтік, эстетикалық талғам, талабымен айрықша жаралған дүние.Тұтасымен алғанда Мағжан өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа, соны әлем. Мағжан лирикасының құдіреті – оның түр сипатының сонылығы, сөз қолданыс қасиетінде. Тілінің дәлдігі, ой-толғамдарының жаңалығы, суреттелген жайлардың айқындығы, сөз ойнату иірімдерінің таңғаларлық жарасымы – осының бәрі жинақтала келе Мағжан поэзиясының ерекше қасиетін байқатады. Ақын «Қорқыт» поэмасында философиядағы мәңгілік тақырып - өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде суреттеген. Жұмабаев Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу үлгілерін жинауға жәрдемдескен. Ол орыс ақын-жазушылары И. Гете, Г. Гейне, Әбу Фирас, А. Кольцов, М. Лермонтов, А. Фет, И. Дмитриев, И. Мятлов, А. Блок өлеңдерін, М. Горький, В. Иванов, Д. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізген. Ақын 1960 жылы ақталған соң, кітаптары Түркияда жарық көре бастаған. Қазақстанда Жұмабаев шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан жариялана бастады. Алматы және Петропавл қалаларында көшелерге Жұмабаев есімі берілген. Петропавл қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған. Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Булаев ауданына М. Жұмабаевтың есімі берілді. Дереккөз: baq.kz

Бүгін қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың дүниеге келген күні.

Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында туған. Жастайынан зерек болған Мағжан алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашады. Баласының зеректігін байқаған әкесі Бекен Мағжанды Қызылжардағы Бегішев медресесіне оқуға береді. Мұсылмандық орташа дәрежелі білім беретін бұл медресені бес жылдай оқып бітірген соң, 1910-1913 жылдары Уфа қаласында «Ғалия» медресесінде оқиды. Медреседе оқып жүріп, «Садақ» журналының шығуына атсалысады. Алғаш рет өзінің өлеңдерін жариялайды. Осы жерде қазақ поэзиясының ғұламасы Абайдың өлеңдерімен танысады. Араб, парсы, түрік тілдерін оқып үйренуін жалғастырады. Орыс тілінен сабақ алады. Абай үлгісімен Шығыс пен Батыс поэзиясынан бірдей нәр алады. 1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны үздік бітіреді. Омбыда оқып жүрген кезінде сондағы жастармен тізе қосып, «Бірлік» әдеби үйірмесін құрысып, оның «Балапан» атты қолжазба әдеби журналын редакциялайды. 1917-1923 жылдары «Бостандық туы», «Ақжол» газеттерінде және «Шолпан» журналында істеп жүріп халық ағарту жұмысына белсене араласады. 1923-1926 жылдары Мәскеуде көркем әдебиет институтында оқиды. 1927-1929 жылдары Бурабайда, одан соң Петропавлда оқытушылық қызметтер атқарады. 1912 жылы Қазан шаһарында «Шолпан» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. «Батыр Баян», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Өтірік ертегі», «Шын ертегі» поэмаларында адам жанының, психологиялық әлемнің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын асқан шеберлікпен кестелеп өрнектей білген. Мағжанның поэзиясын жайында академик Серік Қирабаев: «Мағжан бүкіл ұлтқа тән ұғым-сезімнің, поэтикалық өнердің шекарасын кеңейтіп, қазақ әлемінің жан дүниесін ашып берді. Оның таза қазақтық рухы кімнен де болса жоғары. …» деп оның поэзиядағы суреткерлігіне тәнті болған. Мағжан Жұмабаев өмірден өз орнын үнемі іздеумен өткен, бар білген-түйгенін соған сарп еткен суреткер. Оның шығармашылығының бір қырында мұңлы толғаныс, өкініш және қайғы-қасірет, күйініш жатса, екінші қырында романтикалық өршілдік, махаббат, сүйіспеншілік, қуаныш пен сүйініш, арман, мақсат, үміт жатады. Ұлы суреткердің шығармашылығында тарих тұңғиығын терең түсіну, өткенді бажайлау, болашақты болжай білу, бүгіннің ақиқатына көз жеткізу сияқты терең толғаныстар заманның астаң-кестең аласапыран жайымен астасып жатады.

Мағжанның кеңес үкіметі жылдары екі өлеңдер жинағын жарияланды. Алғашқысы - 1922 жылы Қазанда, екіншісі Ташкентте басылып шыққан. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап «Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» еңбектерін жариялаған. 1929 жылы Жұмабаев «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесілген. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға оралып, Петропавл қаласындағы мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген. 1937 жылы наурызда Жұмабаев Алматыға келіп, аударма ісімен айналысқан. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілген. Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма» өлеңін Мұстафа Шоқай «Яш Түркістан» журналында жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең пайдалы өлең деп бағалаған.

Мағжан Жұмабаев - философ ақын. Оның шығармашылығы әлеуметтік, эстетикалық талғам, талабымен айрықша жаралған дүние.Тұтасымен алғанда Мағжан өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа, соны әлем. Мағжан лирикасының құдіреті – оның түр сипатының сонылығы, сөз қолданыс қасиетінде. Тілінің дәлдігі, ой-толғамдарының жаңалығы, суреттелген жайлардың айқындығы, сөз ойнату иірімдерінің таңғаларлық жарасымы – осының бәрі жинақтала келе Мағжан поэзиясының ерекше қасиетін байқатады. Ақын «Қорқыт» поэмасында философиядағы мәңгілік тақырып - өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде суреттеген. Жұмабаев Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу үлгілерін жинауға жәрдемдескен. Ол орыс ақын-жазушылары И. Гете, Г. Гейне, Әбу Фирас, А. Кольцов, М. Лермонтов, А. Фет, И. Дмитриев, И. Мятлов, А. Блок өлеңдерін, М. Горький, В. Иванов, Д. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізген. Ақын 1960 жылы ақталған соң, кітаптары Түркияда жарық көре бастаған. Қазақстанда Жұмабаев шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан жариялана бастады. Алматы және Петропавл қалаларында көшелерге Жұмабаев есімі берілген. Петропавл қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған. Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Булаев ауданына М. Жұмабаевтың есімі берілді.

Дереккөз: baq.kz

Бөлісу: