Ғалымдар адам ойын оқудың жолын тапты

25 Маусым 2013, 11:24

Ғалымдар адамның қуану, қайғыру, ашулану сынды мидағы эмоциялық күйін білудің жолын тапты. Питтсбург университетінің оқытушылары бұл тәжірбиені миды сканерлеудің көмегі арқылы жасады. Бұған театр жоғары оқу орындарының 10 студенті қатысты. Ең қызығы, адамдар бірдей көңіл күйде болғанда, олардың ми белсенділігі де бір-біріне өте ұқсас болады екен. Адам ішкі ойы көбіне өзгеге құпия болып қала береді. Себебі әр адамның мінез-құлқы сан алуан, олардың ойы мен эмоциялық күйі де әр түрлі. Сол себепті, адамдар бір-бірімен тіл табысу үшін эмоциялық күйін жасырып ұстайды. Ал компьютер адамның не сезіп тұрғанын оның сыртқы көңіл-күйін, айтқан сөзін есепке алмай, миды сканерлеу арқылы нақты айтып береді. Зерттеуге қатысқан студенттер өздерінің ашулану, жиіркену, кектену, қорқу, шаттану, құмарлану, тәкаппарлану, қайғыру және ұялу сынды эмоциялық күйінің тоғыз түрін анықтап, оның компьтердегі бейнесін көрсетуді өтінді. Әр адам өз сезімін әр түрлі білдірсе де, компьютер олардың шын эмоциялық күйін 84 % анықтап берді. Бұл жаңалық әсіресе психикалық ауытқуларға ұшыраған, аутизммен ауыратын жандарды емдеуде және эмоциялық ауытқулардың медициналық диагностикасын жасауда таптырмас тәсіл болып табылады. Дереккөз: baq.kz

Ғалымдар адамның қуану, қайғыру, ашулану сынды мидағы эмоциялық күйін білудің жолын тапты.

Питтсбург университетінің оқытушылары бұл тәжірбиені миды сканерлеудің көмегі арқылы жасады.
Бұған театр жоғары оқу орындарының 10 студенті қатысты. Ең қызығы, адамдар бірдей көңіл күйде болғанда, олардың ми белсенділігі де бір-біріне өте ұқсас болады екен.

Адам ішкі ойы көбіне өзгеге құпия болып қала береді. Себебі әр адамның мінез-құлқы сан алуан, олардың ойы мен эмоциялық күйі де әр түрлі. Сол себепті, адамдар бір-бірімен тіл табысу үшін эмоциялық күйін жасырып ұстайды.

Ал компьютер адамның не сезіп тұрғанын оның сыртқы көңіл-күйін, айтқан сөзін есепке алмай, миды сканерлеу арқылы нақты айтып береді.
Зерттеуге қатысқан студенттер өздерінің ашулану, жиіркену, кектену, қорқу, шаттану, құмарлану, тәкаппарлану, қайғыру және ұялу сынды эмоциялық күйінің тоғыз түрін анықтап, оның компьтердегі бейнесін көрсетуді өтінді. Әр адам өз сезімін әр түрлі білдірсе де, компьютер олардың шын эмоциялық күйін 84 % анықтап берді.

Бұл жаңалық әсіресе психикалық ауытқуларға ұшыраған, аутизммен ауыратын жандарды емдеуде және эмоциялық ауытқулардың медициналық диагностикасын жасауда таптырмас тәсіл болып табылады.

Дереккөз: baq.kz

Бөлісу: