25 Маусым 2013, 06:46
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жауына айналған Эдвард Сноуден із-түссіз жоғалып кетті.
Кеше ол Мәскеуден Гаванаға ұшуы керек еді. Бірақ, экс-агент ұшаққа отырған жоқ. 24 маусымда осы рейске тіркелгенін анықтаған пысық журналистер де сол ұшаққа билет алған. Алайда, 30 тілшінің үміті ақталмай, лайнерге атышулы Америкалық барлау агенттігінің бұрынғы қызметкері көтірілген жоқ. Тілшілер оны 23 маусымда Мәскеуге Гонконгтан келгеннен кейін көре алмағандарын айтады. Естеріңізге сала кетейік, Эдвард Сноуден АҚШ барлаушыларының құпия істеріне қатысты құжаттарды қолына түсіріп, әлем баспасөзінде жариялап келеді.