28 маусым күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Жібек жолы» атты аймақтық батик өнері сайысына қатысушылардың жұмыстарынан ұйымдастырылған көрменің ашылуы болады, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметі.
«Бұл «Балалық шақтан көзқарас» атты жоба аясындағы ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің және Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының бірлескен кезекті іс шарасы»,- делінген ақпаратта.
Мұндай көлемде бейнелеу өнерінің осындай жанры бойынша сайыс-көрме Астана қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл сайыс Астана қаласы Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының бастамасы болып табылады. ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі көрменің қонақтары мен қатысушыларына музейдің ең көрікті көрме залдарының есігін ашады.
Көрме балалар шығармашылығы арқылы ертедегі батик өнерімен танысуға мүмкіндік береді. Батик - матаны қолмен безендірудің ерекше техникасы. «Батик» термині бізге Индонезиядан келген. Батик тарихы сан ғасырларды қамтиды. Алғашында ол жай қол өнері, қазіргі күнде - өнердің жеке бір түрі болып табылады. Қазіргі заманда батик техникасы арқылы Үндістанда авангардтық көркем шығармалар дүниеге келеді.
Үндістаннан басқа көптеген елдер де батик өнерін өздерінің ұлттық өнері деп санайды. Олар мысалы, Индонезия, Малайзия, Шри-ланка және Тайланд. Батик техникасы үлгісінде жасалған ғажайып дүниелер Шығыс пен Батыс елдері нарығында көптеген сұранысқа ие.
Батик өнері бойынша сайыста Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Бадамша және Павлодар қалаларынан 100-ден астам жұмыстар қойылған. Сайысқа жергілікті конкурстық іріктеу нәтіжесінде алынған, көркем және өнер мектептерінде оқитын 10 мен 17 жас аралығындағы балалар қатысты.
Осы сайыс аясында батик өнері бойынша мастер-кластар, жеңімпаздарды құттықтау рәсімі, қаланың көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылады. Жеңімпаздар сайыстың дипломдарымен және құнды сыйлықтармен марапатталады.
Көрме 2013 жылдың тамыздың 25 дейін жалғасады.
bnews.kz