Алакөл туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына еніп, оған автокөлік, темір жол және әуе көліктерінің қатынауына жағдай жасалу керек. Бұл туралы «Тұран Экспресс» ЖШС-нің Алматыдан Алакөлге ұйымдастырған туристік пойызының баспасөз-туры кезінде айтылды.
«Алматыдан Алакөлге пойыздар бұрын да қатынаған болатын. Алайда бұл аймақта халықтың аз тұруына байланысты, пойыздар өз құнын ақтамады. Сондықтан былтыр бұл бағыт темір жол көлігі кестесінен алынып тасталған еді. Ал автокөлікпен қатынауға жол ұзақ және оның сапасы да сын көтермейтін халде. Сондықтан суы шипалы, ауасы таза Алакөлге демалысын өткізу үшін келген туристердің көпшілігі, онда қайта ат басын бұруға онша құлықты бола бермейді», - дейді «Тұран Экспресс» ЖШС-нің бас директоры Роман Ботабеков. Оның айтуынша, Алакөлдің батыс жағалауындағы демалыс орындарының өзі ғана жүзу маусымы кезінде аптасына 3 мыңға дейін туристерді қабылдай алады. Егер қажетті инфрақұрылым жасалса, онда 6 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар. Бұл - 62 мың тұрғыны бар өңір үшін үлкен көрсеткіш. Өйткені туризм мұнда халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудың бірден-бір көзі болып отыр.
ҚазАқпарат.