Допингті қолданғанын мойындаған неміс велошабандозы Ян Ульрих 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының медальдарынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Неміс спортшысы Сиднейде топтық жарыста алтынды еншілесе, жеке тартыста күміс жүлдені олжалаған болатын. Топтық жарыста екінші болып мәре сызығына қазақстандық Александр Винокуров жетті. Егер 39 жастағы Ульрих жүлделерінен айырылатын болса, онда топтық жарыстағы «алтын» А.Винокуровқа берілуі тиіс.
Айта кетейік, 22 маусым күні Ульрих велоспортта допингтік жүйені ұйымдастыруға қатысқаны үшін биылғы сәуір айында бір жылға бас бостандығынан айрылған испандық дәрігер Эуфемиано Фуэнтестің қадағалауымен «қан допингін» қолданғанын мойындады.
ҚазАқпарат.