ПРЕЗИДЕНТ ТУРАЛЫ КІТАП ТҮРКИЯДА ЖАРЫҚ КӨРДІ

24 Маусым 2013, 11:21

Түркия астанасы Анкарада «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев - әлемдік ауқымдағы көшбасшы» атты кітаптың тұсауы кесілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.   Кітапқа Түркияның белгілі қайраткерлері, олардың қатарында бұрынғы президент Сүлейман Демирел, президент Абдулла Гүл, бұрынғы премьер-министр Бүлент Ежевит, парламенттің бұрынғы төрағасы Коксал Топтан, бұрынғы Сыртқы істер министрі және парламенттің бұрынғы төрағасы Хикмет Четин және басқалардың мақалалары енгізілді. Таныстырылым рәсіміне парламенттің бұрынғы төрағасы Хикмет Четин, Түркия бас прокуроры Хасан Ербил, бұрынғы мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек, бұрынғы ұлттық білім министрі Хасан Желал Гүзел, Таяушығыстық зерттеулер орталығының басшысы Хасан Канболат, сондай-ақ түрік ғылыми-академиялық, қоғамдық, іскер топтарының және БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатта Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев аталған кітапта Түркияның мемлекеттік және академиялық қайраткерлерінің көзімен Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихын кеңінен көрсететін түрік көрнекті қайраткерлерінің бірегей материалдары, мақалалары, очерктері жинақталғанын жеткізді. Қоғам қайраткері Хикмет Четин 1990-шы жылдары Түркияның сыртқы істер министрі болған кезінде өзінің қазақстан-түрік дипломатиялық қатынастары қалыптасуының басында тұрғанын атап өтті. Президент Н.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы маңызды рөлін атап өте отырып, түрік саясатшысы Мемлекет басшысының көрегенді саясатының арқасында Қазақстанның қысқа мерзімде әлемнің жетекші елдері қатарына кіргенін және жоғары деңгейде дүниежүзілік ауқымдағы саммиттерді, соның ішінде ЕҚЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ және т.б. өткізіп отырғанына тоқталды. Ал Н.Зейбек екі ел арасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың дамуын жоғары бағалады. Оның айтуынша, Қазақстанның ғана емес, бүкіл түркі әлемінің көшбасшысы болып табылатын Н.Назарбаев туралы кітаптың жарыққа шығуы екі бауырлас елдің қарқынды дамып жатқан қатынастарына қосылатын тағы бір үлес болып табылатынын атап көрсетті. Ол Қазақстан Президентінің түркітілдес елдердің өзара қатынастарын нығайтудағы және түркі әлеміндегі интеграциялық үдерістердің дамуындағы орасан зор рөліне тоқталды. Рәсімге қатысушылар Қазақстан мен Түркия өзара қатынастарын ынтымақтастықтың барлық салаларында тереңдететініне, ал аталған кітап олардың бұдан әрі дамуының бағдары болып қызмет ететініне сенім білдірді.  

Түркия астанасы Анкарада «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев - әлемдік ауқымдағы көшбасшы» атты кітаптың тұсауы кесілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Кітапқа Түркияның белгілі қайраткерлері, олардың қатарында бұрынғы президент Сүлейман Демирел, президент Абдулла Гүл, бұрынғы премьер-министр Бүлент Ежевит, парламенттің бұрынғы төрағасы Коксал Топтан, бұрынғы Сыртқы істер министрі және парламенттің бұрынғы төрағасы Хикмет Четин және басқалардың мақалалары енгізілді.

Таныстырылым рәсіміне парламенттің бұрынғы төрағасы Хикмет Четин, Түркия бас прокуроры Хасан Ербил, бұрынғы мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек, бұрынғы ұлттық білім министрі Хасан Желал Гүзел, Таяушығыстық зерттеулер орталығының басшысы Хасан Канболат, сондай-ақ түрік ғылыми-академиялық, қоғамдық, іскер топтарының және БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатта Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев аталған кітапта Түркияның мемлекеттік және академиялық қайраткерлерінің көзімен Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихын кеңінен көрсететін түрік көрнекті қайраткерлерінің бірегей материалдары, мақалалары, очерктері жинақталғанын жеткізді.

Қоғам қайраткері Хикмет Четин 1990-шы жылдары Түркияның сыртқы істер министрі болған кезінде өзінің қазақстан-түрік дипломатиялық қатынастары қалыптасуының басында тұрғанын атап өтті. Президент Н.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы маңызды рөлін атап өте отырып, түрік саясатшысы Мемлекет басшысының көрегенді саясатының арқасында Қазақстанның қысқа мерзімде әлемнің жетекші елдері қатарына кіргенін және жоғары деңгейде дүниежүзілік ауқымдағы саммиттерді, соның ішінде ЕҚЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ және т.б. өткізіп отырғанына тоқталды.

Ал Н.Зейбек екі ел арасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың дамуын жоғары бағалады. Оның айтуынша, Қазақстанның ғана емес, бүкіл түркі әлемінің көшбасшысы болып табылатын Н.Назарбаев туралы кітаптың жарыққа шығуы екі бауырлас елдің қарқынды дамып жатқан қатынастарына қосылатын тағы бір үлес болып табылатынын атап көрсетті. Ол Қазақстан Президентінің түркітілдес елдердің өзара қатынастарын нығайтудағы және түркі әлеміндегі интеграциялық үдерістердің дамуындағы орасан зор рөліне тоқталды. Рәсімге қатысушылар Қазақстан мен Түркия өзара қатынастарын ынтымақтастықтың барлық салаларында тереңдететініне, ал аталған кітап олардың бұдан әрі дамуының бағдары болып қызмет ететініне сенім білдірді.

 

Бөлісу: