Астанада БАҚ қызметкерлерінің арасында волейболдан турнир басталды

22 Маусым 2013, 05:40

Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде Журналистер күніне орай БАҚ қызметкерлерінің арасында волейболдан жолдастық матч басталды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. «Биыл біз волейболдан әйелдер арасында турнир өткіземіз. Оған әзірше 2 команда қатысады, дегенмен алдағы жылдары қатысатын командалар саны көбейеді деп ойлаймын. Сіздерге сәтті ойын тілеймін, мен қос команданың да дайындығы мықты екенін білемін. Өздеріңізге «Қазконтент» кубогын жеңіп алуларыңызға тілектеспін», - деді «Қазконтент» АҚ төрағасы Айдос Қыдырма. «Қазконтент» АҚ ұйымдастырған турнирге 2 команда қатысады, атап айтсақ аталмыш АҚ құрамасы мен «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігінің құрамасы. Бақ қызметкерлері «Қазконтент» АҚ кубогы үшін сайысқа түсетін болады. Еске сала кетсек, Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні 28 маусым күні аталып өтеді. Сондай-ақ, 29 маусым күні сағат 9:00 - 14:00-ге дейін «Алатау» спорт кешенінде ерлер арасында футболдан турнир өтеді. Оған барлығы 8 команда қатысады: «Қазконтент» АҚ, «Хабар» телеарнасы, «24.kz», «Қазақстан», «KzSport», «Егемен Қазақстан», «Астана Ақшамы» және «Керек Инфо» газеттері қатысады.

Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде Журналистер күніне орай БАҚ қызметкерлерінің арасында волейболдан жолдастық матч басталды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«Биыл біз волейболдан әйелдер арасында турнир өткіземіз. Оған әзірше 2 команда қатысады, дегенмен алдағы жылдары қатысатын командалар саны көбейеді деп ойлаймын. Сіздерге сәтті ойын тілеймін, мен қос команданың да дайындығы мықты екенін білемін. Өздеріңізге «Қазконтент» кубогын жеңіп алуларыңызға тілектеспін», - деді «Қазконтент» АҚ төрағасы Айдос Қыдырма.

«Қазконтент» АҚ ұйымдастырған турнирге 2 команда қатысады, атап айтсақ аталмыш АҚ құрамасы мен «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігінің құрамасы.

Бақ қызметкерлері «Қазконтент» АҚ кубогы үшін сайысқа түсетін болады.

Еске сала кетсек, Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні 28 маусым күні аталып өтеді.

Сондай-ақ, 29 маусым күні сағат 9:00 - 14:00-ге дейін «Алатау» спорт кешенінде ерлер арасында футболдан турнир өтеді. Оған барлығы 8 команда қатысады: «Қазконтент» АҚ, «Хабар» телеарнасы, «24.kz», «Қазақстан», «KzSport», «Егемен Қазақстан», «Астана Ақшамы» және «Керек Инфо» газеттері қатысады.

Бөлісу: