Ауылдардағы медицинаны жақсартуға 45,5 млрд. теңге бөлінді

21 Маусым 2013, 09:30

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізген сәттен бастап Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау саласын жақсартуға бөлінетін қаржы 30 млрд-тан 45,5 млрд. теңгеге дейін артты, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінен.  Мемлекет ауыл медицинасына көңіл бөлгеннен бері, ауылдарда материалдық техникалық база нығайды, санитариялық көлікпен қамтамасыз етілді және науқастар саны азайды. Жалпы, 2013 жылдың алғашқы тоқсанында 350 мыңға тарта адам скринингтік тексеруден өтті. Диспансерлік есепке 8 мыңнан астам адам алынды. 330 мыңнан астам бала профилактикалық тексеруден өтті. Ауыл балаларының 59%-ы диспансерлік есепке алынды. Осының арқасында ауылдардағы науқастар санын азайтуға мүмкіндік алдық. 2011 жылы 100 мың адамнан 43 831 адам ауырса, 2012 жылы сырқаттар саны 43 066,4 адамға азайған. Бұл – қаладағы көреткіштен 1,5 есе аз. Есеп беру кезеңінде туберкулезбен ауыратын және көз жұматын ауыл тұрғындарының саны 5-9%-ға, жазатайым оқиғалардан, жарақаттан, уланудан 3-1,5%-ға және қан айналымы жүйесі ауруларынан көз жұматындар 20%-ға төмендеген. Соңғы жылдары ауыл тұрғындарының денсаулығы, ауылдағы денсаулық сақтау саласының материалдық техникалық базасы және ауыл тұрғындарына көретілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі бірнеше есе жақсарған. Мұның дәлелі, ауыл халқы санының артуы, мысалы, соңғы жылда 8 мың адамға артқан. Жалпы республика бойынша ауылдық жерлерде 7,5 млн. (45%) адам тұрады.   Baq.kz  

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізген сәттен бастап Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау саласын жақсартуға бөлінетін қаржы 30 млрд-тан 45,5 млрд. теңгеге дейін артты, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінен. 

Мемлекет ауыл медицинасына көңіл бөлгеннен бері, ауылдарда материалдық техникалық база нығайды, санитариялық көлікпен қамтамасыз етілді және науқастар саны азайды. Жалпы, 2013 жылдың алғашқы тоқсанында 350 мыңға тарта адам скринингтік тексеруден өтті. Диспансерлік есепке 8 мыңнан астам адам алынды. 330 мыңнан астам бала профилактикалық тексеруден өтті. Ауыл балаларының 59%-ы диспансерлік есепке алынды.

Осының арқасында ауылдардағы науқастар санын азайтуға мүмкіндік алдық. 2011 жылы 100 мың адамнан 43 831 адам ауырса, 2012 жылы сырқаттар саны 43 066,4 адамға азайған. Бұл – қаладағы көреткіштен 1,5 есе аз. Есеп беру кезеңінде туберкулезбен ауыратын және көз жұматын ауыл тұрғындарының саны 5-9%-ға, жазатайым оқиғалардан, жарақаттан, уланудан 3-1,5%-ға және қан айналымы жүйесі ауруларынан көз жұматындар 20%-ға төмендеген.

Соңғы жылдары ауыл тұрғындарының денсаулығы, ауылдағы денсаулық сақтау саласының материалдық техникалық базасы және ауыл тұрғындарына көретілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі бірнеше есе жақсарған. Мұның дәлелі, ауыл халқы санының артуы, мысалы, соңғы жылда 8 мың адамға артқан. Жалпы республика бойынша ауылдық жерлерде 7,5 млн. (45%) адам тұрады.

 

Baq.kz
 

Бөлісу: