Twitter-де Обаманы өлтіруге шақырған америка азаматы сотталды

21 Маусым 2013, 06:26

АҚШ-та Twitter микрблогында президент Барак Обаманы өлтіруге шақырған Алабама штатының тұрғыны бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Lenta.ru.  26 жасар Джарвис Бриттон (Jarvis Britton) өз кінәсін мойнына алды. Түрмеден шыққаннан кейін ол үш жыл бойы полицияның бақылауында болады. Ол 2012 жылы қыркүйек айында блогына «Президентті өлтірейік» деп жазған. Сонымен бірге, ол мәтінде мемлекеттік төңкеріс жасауды жоспарлаған F.E.A.R. (Forever Enduring Always Ready, "Мәңгіге өлімсізбіз, үнемі дайынбыз") ұйымының атын атаған. Басылымның хабарлауынша, биылғы жылдың мамыр айында дәл осындай қылмыс жасаған Солтүстік Каролина тұрғыны Донте Джамар Симс (Donte Jamar Sims) сотталған. Ол 2012 жылдың қыркүйегінде блогына бес рет осындай үндеу жазғаны үшін жарты жылға қамауға алынған. Хабарламада ол өзін Джон Кеннедиді өлтірген Ли Харви Освальдпен салыстырып, Обаманы өлтіруге ниетті екенін жазған.   Baq.kz

АҚШ-та Twitter микрблогында президент Барак Обаманы өлтіруге шақырған Алабама штатының тұрғыны бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Lenta.ru. 

26 жасар Джарвис Бриттон (Jarvis Britton) өз кінәсін мойнына алды. Түрмеден шыққаннан кейін ол үш жыл бойы полицияның бақылауында болады.
Ол 2012 жылы қыркүйек айында блогына «Президентті өлтірейік» деп жазған. Сонымен бірге, ол мәтінде мемлекеттік төңкеріс жасауды жоспарлаған F.E.A.R. (Forever Enduring Always Ready, "Мәңгіге өлімсізбіз, үнемі дайынбыз") ұйымының атын атаған.
Басылымның хабарлауынша, биылғы жылдың мамыр айында дәл осындай қылмыс жасаған Солтүстік Каролина тұрғыны Донте Джамар Симс (Donte Jamar Sims) сотталған. Ол 2012 жылдың қыркүйегінде блогына бес рет осындай үндеу жазғаны үшін жарты жылға қамауға алынған. Хабарламада ол өзін Джон Кеннедиді өлтірген Ли Харви Освальдпен салыстырып, Обаманы өлтіруге ниетті екенін жазған.
 

Baq.kz

Бөлісу: