Астанада темір жол билеттерін Электронды сату орталығы құрылады

21 Маусым 2013, 04:16

«Жолаушылар тасымалы» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және оларды заманауи стандарттарға жақындату мақсатында Астанада темір жол билеттерін Электронды сату орталығын құрмақ. Астана қаласының темір жол вокзалында Электронды сату орталығын құру бойынша ілкі жобаны енгізу 2013 жылдың күзіне белгіленіп, жылдық сату ауқымы кем дегенде 450 мың электрондық билетті құрайды деп жоспарлануда. Темір жол вокзалындағы электронды сату орталығы тиісті қызметтерді көрсетуге қабілетті автоматтандырылған өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары орнатылған жолаушыларға қызмет көрсету залынан тұрады. Аталған компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, электрондық сөреге қосылған автоматтандырылған өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары жолаушыға қажет билетін іздеп табуға, оны артық ақшаны алумен қолма-қол ақшаға немесе банк картасы арқылы сатып алуға мүмкіндік береді. Қолма-қол ақшаға сатып алу кезінде артық ақшаны беру қағаз ақшада және тиын түрінде де жүзеге асырылады. Жобаның екінші сатысында e-Tenge, WebMoney, Yandex ақша және өзге де электрондық ақшалармен төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған. Билеттерді басып шығару отырғызу купоны, чек ретінде жүзеге асырылады. Бір автоматтандырылған кассаның әлеуеті тәулігіне 250 билетті құрайды. ҚазАқпарат.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және оларды заманауи стандарттарға жақындату мақсатында Астанада темір жол билеттерін Электронды сату орталығын құрмақ.

Астана қаласының темір жол вокзалында Электронды сату орталығын құру бойынша ілкі жобаны енгізу 2013 жылдың күзіне белгіленіп, жылдық сату ауқымы кем дегенде 450 мың электрондық билетті құрайды деп жоспарлануда.

Темір жол вокзалындағы электронды сату орталығы тиісті қызметтерді көрсетуге қабілетті автоматтандырылған өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары орнатылған жолаушыларға қызмет көрсету залынан тұрады.

Аталған компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, электрондық сөреге қосылған автоматтандырылған өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары жолаушыға қажет билетін іздеп табуға, оны артық ақшаны алумен қолма-қол ақшаға немесе банк картасы арқылы сатып алуға мүмкіндік береді. Қолма-қол ақшаға сатып алу кезінде артық ақшаны беру қағаз ақшада және тиын түрінде де жүзеге асырылады.

Жобаның екінші сатысында e-Tenge, WebMoney, Yandex ақша және өзге де электрондық ақшалармен төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Билеттерді басып шығару отырғызу купоны, чек ретінде жүзеге асырылады. Бір автоматтандырылған кассаның әлеуеті тәулігіне 250 билетті құрайды.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: