Бүгінде Алтын орда тарихы басқа елдің тарихы деп оқытылады – сарапшы

20 Маусым 2013, 11:46

Қазір Алтын орда тарихы елімізде басқа мемлекеттің тарихы деп оқытылады. Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеу жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Радик Темірғалиев осындай пікірді білдірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «Бірінші рет осындай деңгейде Қазақстан тарихы ғылымындағы мәселелер көтерілуде. Меніңше бұл шаруаның жартысы ғана, яғни кемшілік мойындалды», - деп атап өтті Р.Темірғалиев. «Егер тәуелсіздіктің 20 жылында жасалған шаруаны санамаласақ, біз кеңес заманына қатысты тарихты өзгерттік. Сталинизмді сынадық, ұлт-азаттық қозғалыстарды ақтадық, батырларымыздың аттарын білдік. Алайда 19-шы ғасырға дейінгі уақытта ештеңе өзгермеді. Егер оқулықтарды алып қарасаңыз олар кеңес заманындағыдан аса өзгере қойған жоқ. Осы тұрғыдан алып қарасақ, көптеген тарауларды қайта қарап шығу керек», - деп отыр тарихшы. «Ең өкініштісі бізде Алтын орда тарихы еліміздің тарихы болса да басқа мемлекеттің тарихы ретінде оқытылады. Мен тіпті түркі қағанаты туралы сөз де қозғамаймын. Өйткені түркі қағанатының тарихын санаулы адамдар ғана зерттеп жүр», - деді Р.Темірғалиев. Тарихты зерттейтін институттың басшысының орынбасары тарихты Марксизм мен Ленизм тұрғысынан қарастырудан бас тартумыз керек, өйткені тарих оқушылар үшін аса қызықсыз пәнге айналған деген уәж айтады.

Қазір Алтын орда тарихы елімізде басқа мемлекеттің тарихы деп оқытылады. Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеу жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Радик Темірғалиев осындай пікірді білдірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Бірінші рет осындай деңгейде Қазақстан тарихы ғылымындағы мәселелер көтерілуде. Меніңше бұл шаруаның жартысы ғана, яғни кемшілік мойындалды», - деп атап өтті Р.Темірғалиев.

«Егер тәуелсіздіктің 20 жылында жасалған шаруаны санамаласақ, біз кеңес заманына қатысты тарихты өзгерттік. Сталинизмді сынадық, ұлт-азаттық қозғалыстарды ақтадық, батырларымыздың аттарын білдік. Алайда 19-шы ғасырға дейінгі уақытта ештеңе өзгермеді. Егер оқулықтарды алып қарасаңыз олар кеңес заманындағыдан аса өзгере қойған жоқ. Осы тұрғыдан алып қарасақ, көптеген тарауларды қайта қарап шығу керек», - деп отыр тарихшы.

«Ең өкініштісі бізде Алтын орда тарихы еліміздің тарихы болса да басқа мемлекеттің тарихы ретінде оқытылады. Мен тіпті түркі қағанаты туралы сөз де қозғамаймын. Өйткені түркі қағанатының тарихын санаулы адамдар ғана зерттеп жүр», - деді Р.Темірғалиев.

Тарихты зерттейтін институттың басшысының орынбасары тарихты Марксизм мен Ленизм тұрғысынан қарастырудан бас тартумыз керек, өйткені тарих оқушылар үшін аса қызықсыз пәнге айналған деген уәж айтады.

Бөлісу: