СІІ бөлім

20 Маусым 2013, 09:34

Қадыр – қазақтың майталман ақынына айналғаны даусыз. Өзiнiң ойлы өлеңдерiмен оқырманын мойындатты. Оқырманды ғана емес, зиялы сыншы қауымды да мойындамасына қоймады. “Қадырға қарсы кейде солақай сын садағы жұмсалып жатады. Бiрақ жасып көрген ол жоқ. Өнер бар жерде – Оразбайлар, Жантықтар да болуы объективтi заңдылық. Жақсы жазған сайын жауың да көбейе түседi. Қадырдай маңдайын жел сүйген жүйрiк мұндайда сасушы ма едi? Мұндайда тiке шабуылға шығу, пыш-пыш етiп әр жерден қоңырсытып сөз айту ақын дағдысында жоқ. Қайта ол мұндай әрекеттен рахат тауып, қайралады, қанаттанады. Есесiне ғажайып, солақай сынға, сыншыға соққы боларлық өнер туады. “Қалам алдым. Қамығамын несiне! Оның қойған “екiсi” не, “бесi” не? Бiр кездерде сыншы жайлы ойландым, Ойланып ем, ұры тұстi есiме!”—дейдi. Осылайша серке сөз сыйлап, өлмес өнер төктi. Қадыр тек қалам қайраткерi емес, қоғам қайраткерi де. Ақын: “Қазақстанда ұлтыңды сұю, ұлтыңды мақтаныш тұту саясаты ешқашан мемлекеттiк дәрежеде жүргiзiлiп көрген емес. Қазiр де солай…”. “Ұлттық сана әбден қалыптасып болмай, интернационализмдi қызықтау жақсылыққа апарып соқпайды екен. Бiз мұны әлi де түсiнбей келемiз…”[1]—дейдi. Қадыр ақын тағы бiр сөзiнде: “Өткен өмiрiмiзге табыстар биiгiнен көз жүгiртiп, рухани шолу жасар болсақ, жiберген кемшiлiктерiмiз де аз емес. Алдын ала ескертетiн бiр жайт: сол кеткен үстiрттiктердiң бәрi дерлiк, негiзiнен, қоғамның болмысынан шығып жатқан қателер емес, сол қоғамда өмiр сүрiп отырған жеке адамдардың қатесi,”—деген екен. Бұрысы не өткеннiң, Дұрысы не? Таң қаламын тарихтың жүрiсiне! Бұл қазақты әлi де ұғу керек Қайшы келер бiр iсi бiр iсiне,— деген жолдарынан Қадыр ақынның заманынан қалмайтындығын, қырағы көзi мен ұшқыр ойы қалт шалмайтындығын, өле-өлгенше қазақпен бiрге болып, оның өмiрiн назарынан тыс қалдырмау ақын мақсаты екендiгiн айқын аңғаруға әбден болады. Қадыр – заман мен адам арасындағы елгезек елшi тәрiздi. Зейнолла Қабдоловша айтқанда, “қазiргi қазақ поэзиясын көп дауысты, қуатты оркестр десек, мұның құрамында Қадыр мұрасының қайталанбас өз үнi, машығы мен мәнерi, айшығы мен өрнегi бар. Қадыр лирикасының сыңғыры бөлек, сыры терең”. Иә, серке сөздiң семсерi Қадырлар тұрғанда қазақ өнерi аттан түспейдi, ол тәуелсiз Қазақстанның тектi тұрпатын тұлғалай бередi. Қадырлар аман тұрғанда қара сөздiң киесi қашпайды, қадiрi кетпейдi.                                  [1] “Жалын”, N5-6, 1994.  

Қадыр – қазақтың майталман ақынына айналғаны даусыз. Өзiнiң ойлы өлеңдерiмен оқырманын мойындатты. Оқырманды ғана емес, зиялы сыншы қауымды да мойындамасына қоймады.

“Қадырға қарсы кейде солақай сын садағы жұмсалып жатады. Бiрақ жасып көрген ол жоқ. Өнер бар жерде – Оразбайлар, Жантықтар да болуы объективтi заңдылық. Жақсы жазған сайын жауың да көбейе түседi. Қадырдай маңдайын жел сүйген жүйрiк мұндайда сасушы ма едi? Мұндайда тiке шабуылға шығу, пыш-пыш етiп әр жерден қоңырсытып сөз айту ақын дағдысында жоқ. Қайта ол мұндай әрекеттен рахат тауып, қайралады, қанаттанады. Есесiне ғажайып, солақай сынға, сыншыға соққы боларлық өнер туады. “Қалам алдым. Қамығамын несiне! Оның қойған “екiсi” не, “бесi” не? Бiр кездерде сыншы жайлы ойландым, Ойланып ем, ұры тұстi есiме!”—дейдi. Осылайша серке сөз сыйлап, өлмес өнер төктi.

Қадыр тек қалам қайраткерi емес, қоғам қайраткерi де. Ақын: “Қазақстанда ұлтыңды сұю, ұлтыңды мақтаныш тұту саясаты ешқашан мемлекеттiк дәрежеде жүргiзiлiп көрген емес. Қазiр де солай…”. “Ұлттық сана әбден қалыптасып болмай, интернационализмдi қызықтау жақсылыққа апарып соқпайды екен. Бiз мұны әлi де түсiнбей келемiз…”[1]—дейдi.

Қадыр ақын тағы бiр сөзiнде: “Өткен өмiрiмiзге табыстар биiгiнен көз жүгiртiп, рухани шолу жасар болсақ, жiберген кемшiлiктерiмiз де аз емес. Алдын ала ескертетiн бiр жайт: сол кеткен үстiрттiктердiң бәрi дерлiк, негiзiнен, қоғамның болмысынан шығып жатқан қателер емес, сол қоғамда өмiр сүрiп отырған жеке адамдардың қатесi,”—деген екен.

Бұрысы не өткеннiң,

Дұрысы не?

Таң қаламын тарихтың жүрiсiне!

Бұл қазақты әлi де ұғу керек

Қайшы келер бiр iсi бiр iсiне,—

деген жолдарынан Қадыр ақынның заманынан қалмайтындығын, қырағы көзi мен ұшқыр ойы қалт шалмайтындығын, өле-өлгенше қазақпен бiрге болып, оның өмiрiн назарынан тыс қалдырмау ақын мақсаты екендiгiн айқын аңғаруға әбден болады. Қадыр – заман мен адам арасындағы елгезек елшi тәрiздi.

Зейнолла Қабдоловша айтқанда, “қазiргi қазақ поэзиясын көп дауысты, қуатты оркестр десек, мұның құрамында Қадыр мұрасының қайталанбас өз үнi, машығы мен мәнерi, айшығы мен өрнегi бар. Қадыр лирикасының сыңғыры бөлек, сыры терең”.

Иә, серке сөздiң семсерi Қадырлар тұрғанда қазақ өнерi аттан түспейдi, ол тәуелсiз Қазақстанның тектi тұрпатын тұлғалай бередi. Қадырлар аман тұрғанда қара сөздiң киесi қашпайды, қадiрi кетпейдi.

                                



[1] “Жалын”, N5-6, 1994.

 

Бөлісу: