СІ бөлім

20 Маусым 2013, 09:33

Әр ақын, әр өнер саңлағы жұрттан бұрын өз жайын алдымен өзi танитыны рас болса, Қадырдың бұл меңзеуi тегiн емес, демек, осылай деп отырған ақынның өзi де тапқыр. Ақынның “Ой орманы” қазақ поэзиясына философиялық жаңа бiр құбылыс енгiздi. Ақынның лирикалық қаһарманы жүйемен тұтаса келiп, заманымыздың ойлы да парасатты философиясын көз алдымызға әкелiп, жүрегiмiзбен сырласты. Бұл жөнiнде ақын Жұмекен Нәжiмеденов: “Бұл—осы күнгi, өзiмiз күнде көрiп жүрген орман. Бiрақ, күнде көрiп жүрсек те, араламаған екенбiз. Араласақ та, мән бермеппiз, ештеңе де ұқпаппыз. Тiптi, орманда қандай құстар қалай сайрайтынынан да хабарымыз жоқ екен. Ағаш көлеңкелерiнiң қай жағына қарай құлайтынын да бiлмейдi екенбiз. Бiр сөзбен айтқанда, бұл жинақ—орманның картасы, жанды карта. Орман құстары тамылжытып әдемi сайрайды ғой деушi едiк, жоқ ол әдемi де емес, тұрпайы да емес… дәл осылай сайрайды екен. Бұл—таң жаңа атқан кездегi орман, алда түс бар, екiндi бар. Түн бар!”[1]—деп баға берген едi. Бұл өмiрдiң, бұл қоғамның, бұл заманның негiзi – адам. Қадыр ақын осыны анық аңғарады. Адамның мықтылығын, құдiретiн жырлай отырып, ақын сол құдiреттiлiкке жауап iздейдi. Жауабын таба да бiледi. Адамның құдiретi байлығында да, аса даналығында да емес, оқырманның дүниетанымына жаңалық кiргiзетiн құдiреттi қабiлетiнде ғана жатыр. “Көкжиекте – көзiм де, Айдалада—құлағым” дейтiн Қадыр ақын даламыздың ұлы қасиетiне терең үңiлiп, терең ұғынып, кешегi тоталитарлық жүйе кезiнде де, кеңес өкiметiне қылау түсiрмей, қарсы сөз айтылмайтын 1965 жылдары: “Тауларға жалтақтама, жалпақ далам, төсiңде басқыншылар қалбақтаған…”—деп салды. Оны бiреу байқады, бiрақ байқамаған болып өттi, ендi бiреуi аңдаған жоқ. Ал мұндағы астарларды тарқатып айту, оны ұғыну көзi ашық жанның бәрiнiң қолынан келер iс екендiгi хақ. Қадыр – қазақ әдебиетiне “мен—Мырзалиевпiн” деп келген ақын. Ерекше дарынмен замандастарыңнан да айрықша көрiну, танылу үшiн де өзiңнiң “менiң” болмай, жұлдызыңның айқын көзге шалынуы екi талай. Виктор Гюгоның ғылымға байланысты айтылған Ұлы сөзi бар: “Искусство—это я, наука—это мы”, – деген. Сол секiлдi Қадыр да әдебиет пен өнердегi “менiн” айта бiлген ақын. “Жүректен шықпаса, жүрекке жетпейдi” дейдi ақын. Жүрекке жетудiң басты темiрқазығы—шындық, шындықты бүкпесiз айту. Ақын да бiр перзентiң қолыңдағы, Өз сырым де жырларын томындағы. Өз балаңдай ұрысып, Өз балаңдай Сынау керек басынан оныңдағы. Ғажапты айтар, Ақын не сұмдықты айтар, Азат арман, Қаусаған құлдықты айтар. Сендер оны сөкпеңдер, Ақын—сәби, Сәби, әсте, ақиқат – шындықты айтар, – дейдi. Бұл өлеңде ақын деген құбылыстың, ақын деген болмыстың күллi шындығы жатыр. Бала болып дүниеге таңырқамай, сәби боп әдiлетсiздiк үшiн шырқырамай, нәрестедей көзiне жас алмай ақынның ақындығы көрiнбек емес.   [1] 2 желтоқсан, 1963 ж.  

Әр ақын, әр өнер саңлағы жұрттан бұрын өз жайын алдымен өзi танитыны рас болса, Қадырдың бұл меңзеуi тегiн емес, демек, осылай деп отырған ақынның өзi де тапқыр.

Ақынның “Ой орманы” қазақ поэзиясына философиялық жаңа бiр құбылыс енгiздi. Ақынның лирикалық қаһарманы жүйемен тұтаса келiп, заманымыздың ойлы да парасатты философиясын көз алдымызға әкелiп, жүрегiмiзбен сырласты. Бұл жөнiнде ақын Жұмекен Нәжiмеденов: “Бұл—осы күнгi, өзiмiз күнде көрiп жүрген орман. Бiрақ, күнде көрiп жүрсек те, араламаған екенбiз. Араласақ та, мән бермеппiз, ештеңе де ұқпаппыз. Тiптi, орманда қандай құстар қалай сайрайтынынан да хабарымыз жоқ екен. Ағаш көлеңкелерiнiң қай жағына қарай құлайтынын да бiлмейдi екенбiз. Бiр сөзбен айтқанда, бұл жинақ—орманның картасы, жанды карта. Орман құстары тамылжытып әдемi сайрайды ғой деушi едiк, жоқ ол әдемi де емес, тұрпайы да емес… дәл осылай сайрайды екен. Бұл—таң жаңа атқан кездегi орман, алда түс бар, екiндi бар. Түн бар!”[1]—деп баға берген едi.

Бұл өмiрдiң, бұл қоғамның, бұл заманның негiзi – адам. Қадыр ақын осыны анық аңғарады. Адамның мықтылығын, құдiретiн жырлай отырып, ақын сол құдiреттiлiкке жауап iздейдi. Жауабын таба да бiледi. Адамның құдiретi байлығында да, аса даналығында да емес, оқырманның дүниетанымына жаңалық кiргiзетiн құдiреттi қабiлетiнде ғана жатыр.

“Көкжиекте – көзiм де, Айдалада—құлағым” дейтiн Қадыр ақын даламыздың ұлы қасиетiне терең үңiлiп, терең ұғынып, кешегi тоталитарлық жүйе кезiнде де, кеңес өкiметiне қылау түсiрмей, қарсы сөз айтылмайтын 1965 жылдары: “Тауларға жалтақтама, жалпақ далам, төсiңде басқыншылар қалбақтаған…”—деп салды. Оны бiреу байқады, бiрақ байқамаған болып өттi, ендi бiреуi аңдаған жоқ. Ал мұндағы астарларды тарқатып айту, оны ұғыну көзi ашық жанның бәрiнiң қолынан келер iс екендiгi хақ.

Қадыр – қазақ әдебиетiне “мен—Мырзалиевпiн” деп келген ақын. Ерекше дарынмен замандастарыңнан да айрықша көрiну, танылу үшiн де өзiңнiң “менiң” болмай, жұлдызыңның айқын көзге шалынуы екi талай. Виктор Гюгоның ғылымға байланысты айтылған Ұлы сөзi бар: “Искусство—это я, наука—это мы”, – деген. Сол секiлдi Қадыр да әдебиет пен өнердегi “менiн” айта бiлген ақын.

“Жүректен шықпаса, жүрекке жетпейдi” дейдi ақын. Жүрекке жетудiң басты темiрқазығы—шындық, шындықты бүкпесiз айту.

Ақын да бiр перзентiң қолыңдағы,

Өз сырым де жырларын томындағы.

Өз балаңдай ұрысып,

Өз балаңдай

Сынау керек басынан оныңдағы.

Ғажапты айтар,

Ақын не сұмдықты айтар,

Азат арман,

Қаусаған құлдықты айтар.

Сендер оны сөкпеңдер,

Ақын—сәби,

Сәби,

әсте,

ақиқат – шындықты айтар, –

дейдi. Бұл өлеңде ақын деген құбылыстың, ақын деген болмыстың күллi шындығы жатыр. Бала болып дүниеге таңырқамай, сәби боп әдiлетсiздiк үшiн шырқырамай, нәрестедей көзiне жас алмай ақынның ақындығы көрiнбек емес.

 



[1] 2 желтоқсан, 1963 ж.

 

Бөлісу: