C бөлім

20 Маусым 2013, 09:33

Ақынның ең алғашқы жыр жинағы “Көктем” деген атпен 1959 жылы жарық көрдi. Содан бергi уақытты ақынның “Ой арманы” (1965), “Дала дидары” (1966), “Бұлбұл бағы” (1967), “Ақ отау” (1968), “Көш” (1973), “Жер ұйық” (1974), “Алақан” (1977), “Қорамсақ” (1980), “Көкпар” (1981), “Домбыра” (1970) сияқты тағы басқа бiрнеше жинақтары жарық көрдi. 1989 жылы ақынның үш томдық шығармалар жинағы дүниеге келдi. Соңғы жинағы “Мәңгi майдан” кiтабына келiп тiреледi. Ол 1992 жылы жарыққа шықты. Бұдан басқа кейiнгi уақыттарда баспа беттерiнде жарық көрiп жүрген жекелеген шығармалары да аз емес. Өнер жолындағы қай кiсiнiң болмасын үлгi етер ұстазы, сыйынар пiрi болатыны белгiлi. Өнердi шын ардақтай бiлетiн көненiң көзi Жамбыл атамыз “Менiң пiрiм—Сүйiнбай, Сөз сөйлемен сыйынбай,”—деп кеттi. Олай болса, ақын Қадыр Мырза Әлiнiң ондай пiрi кiм? Өзiне салсақ, “Менiң үлкен ақылшым өмiрдiң өзi және Қожанасыр,”—дейдi. Сонымен қатар оқу-үйрену кезiнде түрiкмен шайры Мақтымқұлы, венгер ақыны Ш.Петефи мен Лермонтовты бiраз қызықтаған. Қадырдың тағы бiр басты пiрi, ақылшы ағасы, Ұстазы—Мырзахмет Бекболатов. Ол жөнiнде: “Кеудемдегi жыр қазанын қайнатқан Пеш менiкi От сенiкi тәрiздi,”[1] —дейдi. Қадыр – қаламы әбден ұшталған, ой-өресi шыңдалған өте шебер ақын. Таныс құбылыстың танық астарына үңiлу, қарапайым детальдан қабырғалы ой түю, тiршiлiк философиясының тамырын танып басып, тауып айту – мерген ақынның қанына сiңген қасиет. “Адам күлiп тумайды, туа сала күлмейдi, Үйренедi күлудi, бiрақ күлiп өлмейдi. Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып, Және жылап өледi, өзгенi де жылатып. Жылайтыны туарда—жамандар бар қинайтын, Жылайтыны өлерде—жақсылар бар қимайтын,”— деп, адам ғұмырының қамшы сабындай ғана келте болмысынан мұңлы да мағыналы сыр түйген ақын алақандай өлеңге атан түйе тарта алмас жүк артып, өлеңнiң бойымен емес—ойымен, көлемiмен емес—кенеуiмен көгеретiнiн көлегейсiз көрсете бiлуi, ердiң құнын екi ауыз сөзбен шешкен айтқыш бабаларындай алып романға арқау болар өмiр драмасын алты жол өлеңмен таңбалап беруi әрi шеберлiк, әрi ерлiк. Әдетте, Қадыр поэзиясы өзгеше бiтiм, басқаны қайталамайтын бiтiм деушiлер бар. Ал бұл жөнiнде ақынның өзiне жүгiнсек: “Тапқырлық – бiр ойды бiрiншi рет айту, тапқырлық—бiрiншi рет солай суреттеу, тапқырлық – ескiнi су жаңа етiп бiрiншi рет қайтадан құлпырту, тапқырлық – бiрiншi рет жаңа түрге жол салу. Қысқасы, тапқырлық – тапқырлық қана, оны басқаша айтуға болмайды,”[2]—дейдi. [1] Мырзалиев Қ. Шығармалар жинағы. А., 1989. lll том. “Менiң пiрiм”. [2] Сөз сиқыры. Алматы, “Жазушы”, 1982, 336-бет.  

Ақынның ең алғашқы жыр жинағы “Көктем” деген атпен 1959 жылы жарық көрдi. Содан бергi уақытты ақынның “Ой арманы” (1965), “Дала дидары” (1966), “Бұлбұл бағы” (1967), “Ақ отау” (1968), “Көш” (1973), “Жер ұйық” (1974), “Алақан” (1977), “Қорамсақ” (1980), “Көкпар” (1981), “Домбыра” (1970) сияқты тағы басқа бiрнеше жинақтары жарық көрдi. 1989 жылы ақынның үш томдық шығармалар жинағы дүниеге келдi. Соңғы жинағы “Мәңгi майдан” кiтабына келiп тiреледi. Ол 1992 жылы жарыққа шықты. Бұдан басқа кейiнгi уақыттарда баспа беттерiнде жарық көрiп жүрген жекелеген шығармалары да аз емес.

Өнер жолындағы қай кiсiнiң болмасын үлгi етер ұстазы, сыйынар пiрi болатыны белгiлi. Өнердi шын ардақтай бiлетiн көненiң көзi Жамбыл атамыз “Менiң пiрiм—Сүйiнбай, Сөз сөйлемен сыйынбай,”—деп кеттi. Олай болса, ақын Қадыр Мырза Әлiнiң ондай пiрi кiм? Өзiне салсақ, “Менiң үлкен ақылшым өмiрдiң өзi және Қожанасыр,”—дейдi. Сонымен қатар оқу-үйрену кезiнде түрiкмен шайры Мақтымқұлы, венгер ақыны Ш.Петефи мен Лермонтовты бiраз қызықтаған. Қадырдың тағы бiр басты пiрi, ақылшы ағасы, Ұстазы—Мырзахмет Бекболатов. Ол жөнiнде:

“Кеудемдегi жыр қазанын қайнатқан

Пеш менiкi

От сенiкi тәрiздi,”[1]

—дейдi.

Қадыр – қаламы әбден ұшталған, ой-өресi шыңдалған өте шебер ақын. Таныс құбылыстың танық астарына үңiлу, қарапайым детальдан қабырғалы ой түю, тiршiлiк философиясының тамырын танып басып, тауып айту – мерген ақынның қанына сiңген қасиет.

“Адам күлiп тумайды, туа сала күлмейдi,

Үйренедi күлудi, бiрақ күлiп өлмейдi.

Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,

Және жылап өледi, өзгенi де жылатып.

Жылайтыны туарда—жамандар бар қинайтын,

Жылайтыны өлерде—жақсылар бар қимайтын,”—

деп, адам ғұмырының қамшы сабындай ғана келте болмысынан мұңлы да мағыналы сыр түйген ақын алақандай өлеңге атан түйе тарта алмас жүк артып, өлеңнiң бойымен емес—ойымен, көлемiмен емес—кенеуiмен көгеретiнiн көлегейсiз көрсете бiлуi, ердiң құнын екi ауыз сөзбен шешкен айтқыш бабаларындай алып романға арқау болар өмiр драмасын алты жол өлеңмен таңбалап беруi әрi шеберлiк, әрi ерлiк.

Әдетте, Қадыр поэзиясы өзгеше бiтiм, басқаны қайталамайтын бiтiм деушiлер бар. Ал бұл жөнiнде ақынның өзiне жүгiнсек: “Тапқырлық – бiр ойды бiрiншi рет айту, тапқырлық—бiрiншi рет солай суреттеу, тапқырлық – ескiнi су жаңа етiп бiрiншi рет қайтадан құлпырту, тапқырлық – бiрiншi рет жаңа түрге жол салу. Қысқасы, тапқырлық – тапқырлық қана, оны басқаша айтуға болмайды,”[2]—дейдi.



[1] Мырзалиев Қ. Шығармалар жинағы. А., 1989. lll том. “Менiң пiрiм”.

[2] Сөз сиқыры. Алматы, “Жазушы”, 1982, 336-бет.

 

Бөлісу: