ХСVIII бөлім

20 Маусым 2013, 09:32

М.Шахановтың «Өркениеттiң адасуы» /1999/ поэмасы қазақтың эпикалық поэзиясының әлем алдындағы беделiн жоғарылатты. Ақынның ұлттық шеңберден шығып, бүкiл адамзаттық арман-мұратты жырлауы шығарманың құнын арттыра түскен. Поэманың қамтыған мерзiмi ұзақ.  Ақын шығармасында бiрде өтiп кеткен көне ғасырлар қойнауына барлау жасаса, ендi бiрде бүгiнгi күнi жер бетiндегi  адамзатты қатты мазалап отырған түбегейлi мәселенi қозғайды.  Поэманың негiзгi идеялық өзегi-жер бетiндегi жақсылық пен жамандықтың, iзгiлiк пен зұлымдықтың, рухани күш пен ынжықтықтың бiтiспес тартысы. әлем тарихына төтенше қасiрет әкелген Шыңғысхан, Ақсақ Темрi, Гитлер, Сталин, Пол Пот т.б. зұлымдықтарын ақын әшкерлесе, iзгiлiктi сақтау үшiн күрескен, кемеңгерлiк ой қазынасын берген Аристотель, Конфуций, Әл-Фараби, Шекспир, Фирдоуси, Гете, Достоевский, Бетховен, Моцарт, Шыңғыс Айтматов, Олжас Сүлейменов т.б. поэмада шабытпен тебiрене жырланған.             Соңғы жылдары ақынның жарық көрген өлеңмен жазылған  романы «Жазагер жадының космоформуласы».  «Жазагер жадының космоформуласы» поэмасының обьектiсi аса үлкен, адамзат тарихындағы ғасырларға созылған ұзақ мерзiмдi қамтиды.  Поэмаға арқау болған негiзгi кейiпкер, тарихи тұлға-Шыңғыс хан /1155-1227/. Поэмада басты кейiпкерлермен тiлдесулерден, өзiнiң өткен өмiр жолдарын еске алу эпизодтарынан Шыңғыс ханның тарихи ұнамсыз, зұлымдықтың шын мәнiсiндегi әдеби бейнесi сомдалады. Шыңғыс ханның Ақеркемен беттесiп, пiкiрлескен тұстары-поэманың шырқау биiгi. Аттан құлап, ауыр дертке ұшыраған Шыңғыс ханның Ақерке алдындағы екiжүздiлiкпен құрақ ұшуы, оның ажал алдындағы пенделiк әлсiздiгiн, сондай-ақ өмiрбойы өз қолымен жасаған зұлымдықтың сазайын тартуы екенiн де бiлдiредi. Отырардың ғұлама ғалымы Айбар тапқан ғылыми жаңалықтың  Шыңғыс ханға бұйырмай,  оның тағдырының биiк құздан құлдырай құлауы-шығарманың шарықтау шегi. Поэмадағы Қайыр хан-өз отанын қорғауда қаһармандықтың шыңына шыққан халықтың адал перзентi, отаншылдық сезiмнiң жарқын үлгiсi ретiнде сақталатын әдеби тұлға. Поэманың соңғы бөлiмiнде бүгiнгi өмiрдi, жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылындағы аласапыран тiршiлiктi реалистiк бейнемен көрсетуге арналған, ақын жинақталған көркем образдарды сомдаған. Поэма-ұлттық әдебиетiмiзге жаңа леп, тың бояу, соны көркем образдар әкелген туынды.                М.Шаханов шығармашылығының зерттелу жайы.   Мұхтар Шаханов шығармашылығы туралы еңбектер:   1.      Мұсiрепов Ғ. Әдебиет – кәсiп емес, өнер. Ойлар. Толғаныстар. Алматы, 1987. 2.      Нарымбетов Ә. Зұлымдық пен iзгiлiктiң күресi.// Ана тiлi. 2002, 3 қазан, № 41. 3.      Нарымбетов Ә. Қазақ совет поэмасы. Алматы. Ғылым. 1977. 4.      Нарымбетов Ә. Уақыт шындығы-көркемдiк кепiлi. А., 1989. 5.      Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы. Алматы, Қазақ университетi, 1999. 6.      Ибраева Г. М.Шаханов балладаларындағы фабула мен сюжеттiң поэтикасы. // Қазақ тiлi мен әдебиетi, № 12. 7.      Оразалин Н. Құдiреттi жырдың құндағы. Егемен Қазақстан, 2001, 9 ақпан. 8.      Кәрiбаева Б. Қазiргi қазақ лирикасының поэтикасы. Алматы, Жазушы, 2001. 9.      Кәрiбаева Б. Қара өлең және лирика. Алматы, Жазушы, 2001.  

М.Шахановтың «Өркениеттiң адасуы» /1999/ поэмасы қазақтың эпикалық поэзиясының әлем алдындағы беделiн жоғарылатты. Ақынның ұлттық шеңберден шығып, бүкiл адамзаттық арман-мұратты жырлауы шығарманың құнын арттыра түскен. Поэманың қамтыған мерзiмi ұзақ.  Ақын шығармасында бiрде өтiп кеткен көне ғасырлар қойнауына барлау жасаса, ендi бiрде бүгiнгi күнi жер бетiндегi  адамзатты қатты мазалап отырған түбегейлi мәселенi қозғайды.  Поэманың негiзгi идеялық өзегi-жер бетiндегi жақсылық пен жамандықтың, iзгiлiк пен зұлымдықтың, рухани күш пен ынжықтықтың бiтiспес тартысы. әлем тарихына төтенше қасiрет әкелген Шыңғысхан, Ақсақ Темрi, Гитлер, Сталин, Пол Пот т.б. зұлымдықтарын ақын әшкерлесе, iзгiлiктi сақтау үшiн күрескен, кемеңгерлiк ой қазынасын берген Аристотель, Конфуций, Әл-Фараби, Шекспир, Фирдоуси, Гете, Достоевский, Бетховен, Моцарт, Шыңғыс Айтматов, Олжас Сүлейменов т.б. поэмада шабытпен тебiрене жырланған.

            Соңғы жылдары ақынның жарық көрген өлеңмен жазылған  романы «Жазагер жадының космоформуласы».  «Жазагер жадының космоформуласы» поэмасының обьектiсi аса үлкен, адамзат тарихындағы ғасырларға созылған ұзақ мерзiмдi қамтиды.  Поэмаға арқау болған негiзгi кейiпкер, тарихи тұлға-Шыңғыс хан /1155-1227/. Поэмада басты кейiпкерлермен тiлдесулерден, өзiнiң өткен өмiр жолдарын еске алу эпизодтарынан Шыңғыс ханның тарихи ұнамсыз, зұлымдықтың шын мәнiсiндегi әдеби бейнесi сомдалады. Шыңғыс ханның Ақеркемен беттесiп, пiкiрлескен тұстары-поэманың шырқау биiгi. Аттан құлап, ауыр дертке ұшыраған Шыңғыс ханның Ақерке алдындағы екiжүздiлiкпен құрақ ұшуы, оның ажал алдындағы пенделiк әлсiздiгiн, сондай-ақ өмiрбойы өз қолымен жасаған зұлымдықтың сазайын тартуы екенiн де бiлдiредi. Отырардың ғұлама ғалымы Айбар тапқан ғылыми жаңалықтың  Шыңғыс ханға бұйырмай,  оның тағдырының биiк құздан құлдырай құлауы-шығарманың шарықтау шегi. Поэмадағы Қайыр хан-өз отанын қорғауда қаһармандықтың шыңына шыққан халықтың адал перзентi, отаншылдық сезiмнiң жарқын үлгiсi ретiнде сақталатын әдеби тұлға. Поэманың соңғы бөлiмiнде бүгiнгi өмiрдi, жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылындағы аласапыран тiршiлiктi реалистiк бейнемен көрсетуге арналған, ақын жинақталған көркем образдарды сомдаған. Поэма-ұлттық әдебиетiмiзге жаңа леп, тың бояу, соны көркем образдар әкелген туынды.   

            М.Шаханов шығармашылығының зерттелу жайы.

 

Мұхтар Шаханов шығармашылығы туралы еңбектер:

 

1.      Мұсiрепов Ғ. Әдебиет – кәсiп емес, өнер. Ойлар. Толғаныстар. Алматы, 1987.

2.      Нарымбетов Ә. Зұлымдық пен iзгiлiктiң күресi.// Ана тiлi. 2002, 3 қазан, № 41.

3.      Нарымбетов Ә. Қазақ совет поэмасы. Алматы. Ғылым. 1977.

4.      Нарымбетов Ә. Уақыт шындығы-көркемдiк кепiлi. А., 1989.

5.      Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы. Алматы, Қазақ университетi, 1999.

6.      Ибраева Г. М.Шаханов балладаларындағы фабула мен сюжеттiң поэтикасы. // Қазақ тiлi мен әдебиетi, № 12.

7.      Оразалин Н. Құдiреттi жырдың құндағы. Егемен Қазақстан, 2001, 9 ақпан.

8.      Кәрiбаева Б. Қазiргi қазақ лирикасының поэтикасы. Алматы, Жазушы, 2001.

9.      Кәрiбаева Б. Қара өлең және лирика. Алматы, Жазушы, 2001.

 

Бөлісу: