ХСІV бөлім

20 Маусым 2013, 09:31

Оралхан Бөкеев /1943-1993/ (28.9.1943 ж.т., Шығыс Қазақстан обл., Қатонқарағай ауд., Шыңғыстай с.,—1993)—жазушы, драматург. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiн бiтiрген (1969). 1965-68 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Большенарым аудандық “Еңбек туы” газетiнде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы, “Коммунизм туы” газетiнде әдеби қызметкер, кейiн “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас алаш”) газетiнде (1968-74), “Жұлдыз” журналында (1974-83), бөлiм меңгерушiсi, 1983-1993 ж. “Қазақ әдебиетi” газетi бас редакторының орынбасары қызметтерiн атқарған. “Қамшыгер” (1970), “Үркер” (1971), “Қайдасың, қасқа құлыным” (1973), “Мұзтау” (1976, орыс тiлiнде 1987), “Үн салады шағылдар” (1978, орыс тiлiнде—М., 1981), “Үркер ауып барады” (1981), “Бiздiң жақта қыс ұзақ” (1984, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының иегерi—1986, орыс тiлiнде—М., 1984), әңгiмелер мен повестер жинақтары, “Өз отыңды өшiрме” (1983, орыс тiлiнде—1984) романы, “Құлыным менiң” (1987) пьесалар жинағы шықты. “Құлыным менiң” (2 актiлi драма, 1974; Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы—1976), “Текетiрес” (2 актiлi драма, 1976), “Қар қызы” (2 актiлi элегия, 1982), “Зымырайды поездар” (2 бөлiмдi тарихи драма, 1984), “Жау тылындағы бала” (2 бөлiмдi драма, 1985), “Мен сiзден қорқамын” (2 бөлiмдi драма, 1987) пьесалары қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық, облыстық, сондай-ақ одақтас республикалар театрларында қойылды. Орыс тiлiнде “Жасынның iзi” (М., 1978; Н.Островский атындағы бүкiлодақтық әдеби сыйлық—1978) әңгiмелер мен повестер жинағы жарық көрдi. Бiрқатар шығармалары шетел халықтары тiлдерiне аударылған. Бөкеев шығармалары бойынша “Кiсiкиiк” (реж. М.Смағұлов, 1985), “Сайтан көпiр” (реж. Д.Манабаев, 1986) көркем фильмдер түсiрiлiп, “Кербұғы” әңгiмесiнiң желiсi бойынша балет-спектакль (1986, балетмейстер Б.Аюханов) қойылды. О.Бөкеев “Құрмет Белгiсi” орденiмен марапатталған. Есiмi өзiмiзге де, өзгеге де кеңiнен таралған ерекше талант иесi Оралхан Бөкеев әдебиетiмiзге өзiндiк бетiмен, өзiндiк өрнегiн сала келген жазушы едi. Оның алғашқы әңгiме-повестерiнен-ақ (“Қамшыгер”, “Үркер”, “Қайдасың қасқа құлыным”) ешкiмге ұқсамайтын өзгеше сөз саптасы, асқақ мінезi, алғыр зерде-зейiнi оқырманын бiрден баураған болатын. Жазушының ой мен сезiмдi қатар өрген бiраз шығармалары бiрде тұңғиық ойға жетелесе, бiрде асқақтыққа, өршiлдiкке тартып, толғау-толғаныстары кең тынысты, өзгеше үндi болып шығатын. Олардан бiрде романтикалық құштарлықты, бiрде публицистiк от-жалынды, бiрде реалистiк өткiрлiктi, ендi бiрде сағыныш-мұңға бөлейтiн лирикалық әуендi айқын аңғарар едiк.

Оралхан Бөкеев

/1943-1993/

(28.9.1943 ж.т., Шығыс Қазақстан обл., Қатонқарағай ауд., Шыңғыстай с.,—1993)—жазушы, драматург. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiн бiтiрген (1969). 1965-68 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Большенарым аудандық “Еңбек туы” газетiнде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы, “Коммунизм туы” газетiнде әдеби қызметкер, кейiн “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас алаш”) газетiнде (1968-74), “Жұлдыз” журналында (1974-83), бөлiм меңгерушiсi, 1983-1993 ж. “Қазақ әдебиетi” газетi бас редакторының орынбасары қызметтерiн атқарған. “Қамшыгер” (1970), “Үркер” (1971), “Қайдасың, қасқа құлыным” (1973), “Мұзтау” (1976, орыс тiлiнде 1987), “Үн салады шағылдар” (1978, орыс тiлiнде—М., 1981), “Үркер ауып барады” (1981), “Бiздiң жақта қыс ұзақ” (1984, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының иегерi—1986, орыс тiлiнде—М., 1984), әңгiмелер мен повестер жинақтары, “Өз отыңды өшiрме” (1983, орыс тiлiнде—1984) романы, “Құлыным менiң” (1987) пьесалар жинағы шықты. “Құлыным менiң” (2 актiлi драма, 1974; Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы—1976), “Текетiрес” (2 актiлi драма, 1976), “Қар қызы” (2 актiлi элегия, 1982), “Зымырайды поездар” (2 бөлiмдi тарихи драма, 1984), “Жау тылындағы бала” (2 бөлiмдi драма, 1985), “Мен сiзден қорқамын” (2 бөлiмдi драма, 1987) пьесалары қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық, облыстық, сондай-ақ одақтас республикалар театрларында қойылды. Орыс тiлiнде “Жасынның iзi” (М., 1978; Н.Островский атындағы бүкiлодақтық әдеби сыйлық—1978) әңгiмелер мен повестер жинағы жарық көрдi. Бiрқатар шығармалары шетел халықтары тiлдерiне аударылған. Бөкеев шығармалары бойынша “Кiсiкиiк” (реж. М.Смағұлов, 1985), “Сайтан көпiр” (реж. Д.Манабаев, 1986) көркем фильмдер түсiрiлiп, “Кербұғы” әңгiмесiнiң желiсi бойынша балет-спектакль (1986, балетмейстер Б.Аюханов) қойылды. О.Бөкеев “Құрмет Белгiсi” орденiмен марапатталған.

Есiмi өзiмiзге де, өзгеге де кеңiнен таралған ерекше талант иесi Оралхан Бөкеев әдебиетiмiзге өзiндiк бетiмен, өзiндiк өрнегiн сала келген жазушы едi. Оның алғашқы әңгiме-повестерiнен-ақ (“Қамшыгер”, “Үркер”, “Қайдасың қасқа құлыным”) ешкiмге ұқсамайтын өзгеше сөз саптасы, асқақ мінезi, алғыр зерде-зейiнi оқырманын бiрден баураған болатын.

Жазушының ой мен сезiмдi қатар өрген бiраз шығармалары бiрде тұңғиық ойға жетелесе, бiрде асқақтыққа, өршiлдiкке тартып, толғау-толғаныстары кең тынысты, өзгеше үндi болып шығатын. Олардан бiрде романтикалық құштарлықты, бiрде публицистiк от-жалынды, бiрде реалистiк өткiрлiктi, ендi бiрде сағыныш-мұңға бөлейтiн лирикалық әуендi айқын аңғарар едiк.

Бөлісу: