ХСІІ бөлім

20 Маусым 2013, 09:31

Жазушы қоғам мен адам құбылыстарын көбiнесе өзi баяндап, оқырманды жетелеп отырады. Мiнезден, байланыстан, психологиялық талдаудан туып жатқан суреттер аз. Автор адам портретiн, iшкi әлемiн бейнелеуге бейiмдiлiк танытады. Бiрақ романда мiнездiк сипаттамалар мен жан толқыныстарын көрсетуден гөрi тарихи-этнографиялық очерктер басым. Бұлай болуы тақырып пен материалға байланысты секiлдi. Қанша дегенмен, Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы әлi ескерiлiп болмағандығы, бұл салада шығарма жазу тәжiрибесiнiң жоқтығы осы тың тақырыпты көркемдiк меңгеруге кедергi келтiрген. Кей ретте автор өмiр материалын игере алмай, көркемдiк шындық деңгейiне жеткiзбеген. Соған қарамастан “Жiбек жолы” қиын тақырыпқа барған батыл бастама. Д.Досжановтың көркемдiк дарыны, қиялы бай екенiн дәлелдейтiн мысалдарды кiтаптан көп кездестiруге болады. Оның басты жетiстiгi – жазба, ауызша дерегi тым аз дәуiрдiң көп құпиясын қайта тiрiлтiп, тұтас, жүйелi қалыпқа түсiрiп, айта алғандығы. Тың тақырыпты толғаған алғашқы тәжiрибе ретiнде бұл шығарма елеулi[1]. Д.Досжанов көп жылдардан берi Қазақстанның көне дәуiрiн өз шығармаларына тақырып етiп келедi. Оның Отырар, Фараби туралы повестерi, көне қалалар жайында зерттеуi (“Құм жұтқан қалалар”) мәлiм. Автор, бiр жақсы жерi, Отырар өркениетi жөнiнде өзге ел авторларының қолда бар еңбектерiн Ұқыпты қарастырған, Қазақстан ғалымдарының кейiнгi жылдардағы мақалалары мен монографияларын, әсiресе, археологтар, этнографтар туындыларын көзден (“Древний Отрар”, Алма-Ата, “Наука”, 1972) өткiзген. Осының нәтижесiнде ХII ғасырдағы қазақ халқының мәдениетiнен мол дерек берерлiк бiлiмге ие болған. Жазушының “Фараби” (1966) атты повесiнде сонау алыс заманның бұлдыр оқиғаларын суреттеудiң iзi салынған болатын. Повесте өз елiнен жырақта жүрген ұлы ғалым—Әбунасыр әл-Фарабидiң қартайған, дерттi шағы көрсетiлген. Данышпан бiлiмпаз заманында асқан абыройға ие болып, әлемнiң “екiншi Ұстазы” атанса да, өзiн шын бақытты санай алмайды. Өйткенi, оның туған елi—Отырарды барып бiр көруге халi жоқ. Ауру меңдеген Фараби балалық, жастық шағы өткен Сыр бойын, қазақ даласын көз алдына ойша елестетiп қана бiр мезет жанына медет тапқандай болады. Бiр ауық ол Отырарға барып қайтқан қайратты кезiн еске түсiредi. Жергiлiктi билеушiлер мен дiн иелерi оның елдi оқытсам, бiлiм таратсам деген iзгi ниетiн қолдамапты. Сонда да болса, ол туған елiнде дарынды, алымды шәкiрттер қалдырып үлгерiптi. Отырар жерiнiң бiршама даңқты ғалымдары сол Фараби ашып кеткен медреседен оқып шыққандар болады. Осының бәрi қаһарманның монологы арқылы ұтымды, үйлесiмдi берiлген. Қалай болған күнде де “Фараби” повесi кемеңгер ғалымға деген махаббатқа толы туындылар қатарында тұрарлық. [1] Р.Бердiбай. Тарихи роман. Алматы, Санат, 1997. 203-207 беттер.  

Жазушы қоғам мен адам құбылыстарын көбiнесе өзi баяндап, оқырманды жетелеп отырады. Мiнезден, байланыстан, психологиялық талдаудан туып жатқан суреттер аз. Автор адам портретiн, iшкi әлемiн бейнелеуге бейiмдiлiк танытады. Бiрақ романда мiнездiк сипаттамалар мен жан толқыныстарын көрсетуден гөрi тарихи-этнографиялық очерктер басым. Бұлай болуы тақырып пен материалға байланысты секiлдi. Қанша дегенмен, Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы әлi ескерiлiп болмағандығы, бұл салада шығарма жазу тәжiрибесiнiң жоқтығы осы тың тақырыпты көркемдiк меңгеруге кедергi келтiрген. Кей ретте автор өмiр материалын игере алмай, көркемдiк шындық деңгейiне жеткiзбеген. Соған қарамастан “Жiбек жолы” қиын тақырыпқа барған батыл бастама.

Д.Досжановтың көркемдiк дарыны, қиялы бай екенiн дәлелдейтiн мысалдарды кiтаптан көп кездестiруге болады. Оның басты жетiстiгi – жазба, ауызша дерегi тым аз дәуiрдiң көп құпиясын қайта тiрiлтiп, тұтас, жүйелi қалыпқа түсiрiп, айта алғандығы. Тың тақырыпты толғаған алғашқы тәжiрибе ретiнде бұл шығарма елеулi[1].

Д.Досжанов көп жылдардан берi Қазақстанның көне дәуiрiн өз шығармаларына тақырып етiп келедi. Оның Отырар, Фараби туралы повестерi, көне қалалар жайында зерттеуi (“Құм жұтқан қалалар”) мәлiм. Автор, бiр жақсы жерi, Отырар өркениетi жөнiнде өзге ел авторларының қолда бар еңбектерiн Ұқыпты қарастырған, Қазақстан ғалымдарының кейiнгi жылдардағы мақалалары мен монографияларын, әсiресе, археологтар, этнографтар туындыларын көзден (“Древний Отрар”, Алма-Ата, “Наука”, 1972) өткiзген. Осының нәтижесiнде ХII ғасырдағы қазақ халқының мәдениетiнен мол дерек берерлiк бiлiмге ие болған.

Жазушының “Фараби” (1966) атты повесiнде сонау алыс заманның бұлдыр оқиғаларын суреттеудiң iзi салынған болатын. Повесте өз елiнен жырақта жүрген ұлы ғалым—Әбунасыр әл-Фарабидiң қартайған, дерттi шағы көрсетiлген. Данышпан бiлiмпаз заманында асқан абыройға ие болып, әлемнiң “екiншi Ұстазы” атанса да, өзiн шын бақытты санай алмайды. Өйткенi, оның туған елi—Отырарды барып бiр көруге халi жоқ. Ауру меңдеген Фараби балалық, жастық шағы өткен Сыр бойын, қазақ даласын көз алдына ойша елестетiп қана бiр мезет жанына медет тапқандай болады. Бiр ауық ол Отырарға барып қайтқан қайратты кезiн еске түсiредi. Жергiлiктi билеушiлер мен дiн иелерi оның елдi оқытсам, бiлiм таратсам деген iзгi ниетiн қолдамапты. Сонда да болса, ол туған елiнде дарынды, алымды шәкiрттер қалдырып үлгерiптi. Отырар жерiнiң бiршама даңқты ғалымдары сол Фараби ашып кеткен медреседен оқып шыққандар болады. Осының бәрi қаһарманның монологы арқылы ұтымды, үйлесiмдi берiлген. Қалай болған күнде де “Фараби” повесi кемеңгер ғалымға деген махаббатқа толы туындылар қатарында тұрарлық.



[1] Р.Бердiбай. Тарихи роман. Алматы, Санат, 1997. 203-207 беттер.

 

Бөлісу: