ХСІ бөлім

20 Маусым 2013, 09:30

Өткен заман оқиғалары мен адамдар тағдырын жаңғырта көрсетудiң өзiндiк қиындығы көп. Соның бiрi – белгiлi дәуiрге, кезеңге тән оқиғалар, байланыстар, мiнездер құрамын дәл екшеп алу мәселесi. Жазушыға таудай тiрек болатын ерте заманның жазаб деректерi, шежiрелер, тарихи аңыздар, тағы басқа жәдiгерлер. Мұндай деректер кем соққан жерде қаламгер мiндетiнiң қиындай түсетiнi кәмiл. Дәл осындай ахуалды жазушы Дүкенбай Досжанов “Жiбек жолы” романын жазу үстiнде бастан кешкендей. Шығарманың он шақты (1962-1972) жылдар iшiнде жазылып бiтуi де бұл айтқанымызды растайды. Шындығында, Қазақстанның Шыңғысхан шапқыншылығының алдындағы жағдайын роман көлемiнде кеңiнен суреттеп шығу деген қиынның қиыны. Оған себеп, бiрiншiден, аталған дәуiрдегi қаазқ елiнiң жай-күйi, тұрмыс, мәдениет, салт-сана дәрежесi әлi күнге дейiн тарихтық жүйеде тексерiлiп болмаған. Бұл кезең туралы сан тарап зерттеулер: археологиялық, этнографиялық, тiлдiк, тарихтық, экономикалық, саяси-әлеуметтiк тұрғыдағы еңбектер ғана нақтылы түсiнiк, баға айтуы мүмкiн. Екiншiден, қазақтың өз шежiресi де көп жағдайда арғы ғасырларға бара бермейдi. Қазақ халқының негiзiн құраған үлкен рулар мен бiрлестiктердiң тарихы да, тұрiк монғол тайпаларының өзара байланыстары жайы да толық анықталып бiтпеген. Үшiншiден, ХI-ХII ғасырлардан жеткен кейбiр жазба әдеби мұралар көбiнше Орта Азияның көптеген халқына ортақ мәселенi қамтиды. Олардың iшiнен қазаққа тиесiлi үлестi ажыратып алу да оңайға соқпайды. Мiне, мұндай жағдайда ескi тақырыпқа тәуекел ету үлкен отаншылдық сананы, ыждағаттылықты, зерттеушiлiк пен суреткерлiктi ұштастыруды керек етедi. Сонымен қатар көркемдiк қиялдаудың да қызметi айрықша күрделi болмақ. Романның құрылыстық, көркемдiк бояулары көңiл бөлерлiк. Мұнда оқиғалық байланыстар Отырар билеушiсi Қадырхан мен алыстағы монғол ханының арасында жүрiп жатқан дипломатиялық тартыстар негiзiне құрылған. Жазушы шығарманың әрбiр тарауында сол дәуiрдiң елеулi мәдени, салттық құбылыстарын таныстыруды көздеген. Романда оқиғалар, мiнездер қақтығысы шапшаң өрбiмейдi, қазақтың кең сахарасы секiлдi жайбарақат өмiрдiң иiрiмдерi кезек көрсетiледi. Алайда иесiз жүрген, ерiне екi дабыл байланған жұмбақ ат, қайта-қайта келiп, Қадырханға көрiне астам шарттар қойған моңғол елшiлерi болмаса, бұл өлкенiң бейбiт өмiр ырғағын ешкiм бұзбайды. Болашақ сойқан соғысты келе жатқанын моңғол тұтқыны болып қайтқан Ошақбай сияқтылар болмаса, өзгелер аңғара бермейдi. Сөйтiп, Д.Досжанов романында ежелгi Отырар елiнiң ақырғы тыныш айлары, алдамшы салтанаты, кұл болып ұшуға жақын қалған игiлiгi, дарынды, қажырлы ел адамдарының мiнезi, үмiтi, аңсары бейнеленген.  

Өткен заман оқиғалары мен адамдар тағдырын жаңғырта көрсетудiң өзiндiк қиындығы көп. Соның бiрi – белгiлi дәуiрге, кезеңге тән оқиғалар, байланыстар, мiнездер құрамын дәл екшеп алу мәселесi. Жазушыға таудай тiрек болатын ерте заманның жазаб деректерi, шежiрелер, тарихи аңыздар, тағы басқа жәдiгерлер. Мұндай деректер кем соққан жерде қаламгер мiндетiнiң қиындай түсетiнi кәмiл.

Дәл осындай ахуалды жазушы Дүкенбай Досжанов “Жiбек жолы” романын жазу үстiнде бастан кешкендей. Шығарманың он шақты (1962-1972) жылдар iшiнде жазылып бiтуi де бұл айтқанымызды растайды. Шындығында, Қазақстанның Шыңғысхан шапқыншылығының алдындағы жағдайын роман көлемiнде кеңiнен суреттеп шығу деген қиынның қиыны. Оған себеп, бiрiншiден, аталған дәуiрдегi қаазқ елiнiң жай-күйi, тұрмыс, мәдениет, салт-сана дәрежесi әлi күнге дейiн тарихтық жүйеде тексерiлiп болмаған. Бұл кезең туралы сан тарап зерттеулер: археологиялық, этнографиялық, тiлдiк, тарихтық, экономикалық, саяси-әлеуметтiк тұрғыдағы еңбектер ғана нақтылы түсiнiк, баға айтуы мүмкiн. Екiншiден, қазақтың өз шежiресi де көп жағдайда арғы ғасырларға бара бермейдi. Қазақ халқының негiзiн құраған үлкен рулар мен бiрлестiктердiң тарихы да, тұрiк монғол тайпаларының өзара байланыстары жайы да толық анықталып бiтпеген. Үшiншiден, ХI-ХII ғасырлардан жеткен кейбiр жазба әдеби мұралар көбiнше Орта Азияның көптеген халқына ортақ мәселенi қамтиды. Олардың iшiнен қазаққа тиесiлi үлестi ажыратып алу да оңайға соқпайды. Мiне, мұндай жағдайда ескi тақырыпқа тәуекел ету үлкен отаншылдық сананы, ыждағаттылықты, зерттеушiлiк пен суреткерлiктi ұштастыруды керек етедi. Сонымен қатар көркемдiк қиялдаудың да қызметi айрықша күрделi болмақ.

Романның құрылыстық, көркемдiк бояулары көңiл бөлерлiк. Мұнда оқиғалық байланыстар Отырар билеушiсi Қадырхан мен алыстағы монғол ханының арасында жүрiп жатқан дипломатиялық тартыстар негiзiне құрылған. Жазушы шығарманың әрбiр тарауында сол дәуiрдiң елеулi мәдени, салттық құбылыстарын таныстыруды көздеген. Романда оқиғалар, мiнездер қақтығысы шапшаң өрбiмейдi, қазақтың кең сахарасы секiлдi жайбарақат өмiрдiң иiрiмдерi кезек көрсетiледi. Алайда иесiз жүрген, ерiне екi дабыл байланған жұмбақ ат, қайта-қайта келiп, Қадырханға көрiне астам шарттар қойған моңғол елшiлерi болмаса, бұл өлкенiң бейбiт өмiр ырғағын ешкiм бұзбайды. Болашақ сойқан соғысты келе жатқанын моңғол тұтқыны болып қайтқан Ошақбай сияқтылар болмаса, өзгелер аңғара бермейдi. Сөйтiп, Д.Досжанов романында ежелгi Отырар елiнiң ақырғы тыныш айлары, алдамшы салтанаты, кұл болып ұшуға жақын қалған игiлiгi, дарынды, қажырлы ел адамдарының мiнезi, үмiтi, аңсары бейнеленген.

 

Бөлісу: