LXXXIХ бөлім

20 Маусым 2013, 09:29

Дүкенбай Досжанов /1942/ (9.9.1942 ж.т. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, “Бiрлiк” совхозы) – жазушы. ҚР Мемлекеттiк сыйлығының (1996), М.Әуезов атындағы Әдебиет сыйлығының иегерi. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiн бiтiрген (1964). 1963-66 ж. Алматы облыстық “Жетiсу” газетiнде әдеби қызметкер, 1966-75 ж. “Жазушы” баспасында аға редактор, 1976-84 ж. ҚазССР Баспа, полиграфия және кiтап саудасы iстерi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнде бөлiм бастығы. 1984 жылдар Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесшi. “Жусан мен гүлдер” (1966), “Зауал” (1970), “Жiбек жолы” (1973), “Дария” (1975), “Кiсi ақысы” (1978), “Табалдырығыңа табын” (1980), “Жолбарыстың сүрлеуi” (1984), “Құмда қалған кемелер” (1986), “Мұхтар жолы” (1988), “Абақты” (1992), “Алаң” (1993) т.б. әңгiме, повесть жинақтары, “Алыптың азабы” (1998) романы шықты. Жазушының 1990 жылы 2 томдық шығармалар жинағы жарық көрдi. Досжановтың шығармалары КСРО халықтары мен шетел тiлдерiне аударылған. «Жiбек жолы», «Жолбарыстың сұрлеуi», «Тiлегiмдi бере гөр» шығармалары немiс, түрiк, монғол тiлдерiнде басылып шыққан. «Ергежейлi» әңгiмесiнде автор кемтар адамның үлкендердiң қолбала ойыншығына айналуы, «Кiсi ақысы» әңгiмесiнде адам наласы жiбермейдi деген ұжданның сабағы суреттелсе, «Арыстанды-Қарабастың желi» әңгiмесiнде адамның адамгершiлiгi өзгеге керектiгiмен өлшенедi деген пәлсапалық ой, «Көкпар» туындысында қазақ бойында тек момындық емес, беттесiп, белдесiп өтер қайсарлық мол деген ой айтылады. Дүкенбай Досжановтың шығармалары қазақ жазушыларының iшiнен бiрiншi  болып жапон тiлiне аударылған /»Қымыз», «Көкпар», «Өрiк», «Бетпақтың сексеуiлi»/. Д.Досжановтың “Жолбарыстың сүрлеуi” повесiнiң негiзгi айтпақ идеясы табиғатты қорғау, аялау мәелесi. Автор орман, тоғайды иесiз дүниедей бей-берекет рәсуа етудiң салдарынан шаруашылыққа, адам өмiр-тұрмысына үлкен зиян келетiнiн, адам мен табиғат үйлесiмi бұзылатынын нанымды ситуациялар арқылы көрсетуге ұмтылады. Қызылқұм ойпатындағы көз жеткiсiз Бұйрат құмының бүгiнгi тағдыры не болып бара жатыр? Сол Бұйраттың бергi қапталына осы өлкеде мал бағып, егiн салып, ұрпақ өсiрген iлкi қазақта қашаннан сексеуiл өсiрiп, құмға бөгет қойыпты. Ғасырлар бойы бiр-бiрiмен иiндесiп, қойындасып сүйегi iрiленген сексеуiл тоғайы кешегi күнге дейiн жыныс болып, құм селiне қарсы тұрушы едi. Тоғай iшi аңға да, малға да жай болатын. Осыдан он шақты жыл бұрын дария жағасындағы совхоздан машинамен сексеуiл отап, отын сататын бригада дүниеге келдi. Өңшең желкесiне шаш жiберiп, қуықтай шалбар киген, арақ iшкен боз бастар әуелi тоғайдың iшiн терiп тонады, бiрер жылда қалың сексеуiлдi сиретiп салды. Сол сол-ақ екен, күндiз-түнi дамылсыз соғатын дүлей жел еспе құмды үрлейдi-ай кеп. Әуелi тоғайдың iшiн басты. Ойпаттың шұрайлы жерiн жалмап жұтты, қолтықта отырған қойшы қыстауына айдаһарша ысқырып, жылжып, жер бауырлап жақындай түстi. Мiне, осы құм-жыланға шопан Аяпбердi қарсы шығып жұр. Мұнымен не бiтпек?! Совхоз орталығына, ауданға барып жағдай түсiндiрдi, сайқымазақ жерлестерi арасында сау да емес, жынды да емес, “Құм адамы” деген тұрпайы есiм жамады. Ақырында өз iшiне өзi тығылған адамдай саппа тиылды. “Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегiнде қойшыларымыз ертеңдi-кеш бүкшеңдеп құм күредi деген не сұмдық!”—деп тоғанады Мұса зоотехник.

Дүкенбай Досжанов /1942/

(9.9.1942 ж.т. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, “Бiрлiк” совхозы) – жазушы. ҚР Мемлекеттiк сыйлығының (1996), М.Әуезов атындағы Әдебиет сыйлығының иегерi. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiн бiтiрген (1964). 1963-66 ж. Алматы облыстық “Жетiсу” газетiнде әдеби қызметкер, 1966-75 ж. “Жазушы” баспасында аға редактор, 1976-84 ж. ҚазССР Баспа, полиграфия және кiтап саудасы iстерi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнде бөлiм бастығы. 1984 жылдар Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесшi. “Жусан мен гүлдер” (1966), “Зауал” (1970), “Жiбек жолы” (1973), “Дария” (1975), “Кiсi ақысы” (1978), “Табалдырығыңа табын” (1980), “Жолбарыстың сүрлеуi” (1984), “Құмда қалған кемелер” (1986), “Мұхтар жолы” (1988), “Абақты” (1992), “Алаң” (1993) т.б. әңгiме, повесть жинақтары, “Алыптың азабы” (1998) романы шықты. Жазушының 1990 жылы 2 томдық шығармалар жинағы жарық көрдi. Досжановтың шығармалары КСРО халықтары мен шетел тiлдерiне аударылған.

«Жiбек жолы», «Жолбарыстың сұрлеуi», «Тiлегiмдi бере гөр» шығармалары немiс, түрiк, монғол тiлдерiнде басылып шыққан.

«Ергежейлi» әңгiмесiнде автор кемтар адамның үлкендердiң қолбала ойыншығына айналуы, «Кiсi ақысы» әңгiмесiнде адам наласы жiбермейдi деген ұжданның сабағы суреттелсе, «Арыстанды-Қарабастың желi» әңгiмесiнде адамның адамгершiлiгi өзгеге керектiгiмен өлшенедi деген пәлсапалық ой, «Көкпар» туындысында қазақ бойында тек момындық емес, беттесiп, белдесiп өтер қайсарлық мол деген ой айтылады.

Дүкенбай Досжановтың шығармалары қазақ жазушыларының iшiнен бiрiншi  болып жапон тiлiне аударылған /»Қымыз», «Көкпар», «Өрiк», «Бетпақтың сексеуiлi»/.

Д.Досжановтың “Жолбарыстың сүрлеуi” повесiнiң негiзгi айтпақ идеясы табиғатты қорғау, аялау мәелесi. Автор орман, тоғайды иесiз дүниедей бей-берекет рәсуа етудiң салдарынан шаруашылыққа, адам өмiр-тұрмысына үлкен зиян келетiнiн, адам мен табиғат үйлесiмi бұзылатынын нанымды ситуациялар арқылы көрсетуге ұмтылады.

Қызылқұм ойпатындағы көз жеткiсiз Бұйрат құмының бүгiнгi тағдыры не болып бара жатыр? Сол Бұйраттың бергi қапталына осы өлкеде мал бағып, егiн салып, ұрпақ өсiрген iлкi қазақта қашаннан сексеуiл өсiрiп, құмға бөгет қойыпты. Ғасырлар бойы бiр-бiрiмен иiндесiп, қойындасып сүйегi iрiленген сексеуiл тоғайы кешегi күнге дейiн жыныс болып, құм селiне қарсы тұрушы едi. Тоғай iшi аңға да, малға да жай болатын. Осыдан он шақты жыл бұрын дария жағасындағы совхоздан машинамен сексеуiл отап, отын сататын бригада дүниеге келдi. Өңшең желкесiне шаш жiберiп, қуықтай шалбар киген, арақ iшкен боз бастар әуелi тоғайдың iшiн терiп тонады, бiрер жылда қалың сексеуiлдi сиретiп салды. Сол сол-ақ екен, күндiз-түнi дамылсыз соғатын дүлей жел еспе құмды үрлейдi-ай кеп. Әуелi тоғайдың iшiн басты. Ойпаттың шұрайлы жерiн жалмап жұтты, қолтықта отырған қойшы қыстауына айдаһарша ысқырып, жылжып, жер бауырлап жақындай түстi. Мiне, осы құм-жыланға шопан Аяпбердi қарсы шығып жұр. Мұнымен не бiтпек?! Совхоз орталығына, ауданға барып жағдай түсiндiрдi, сайқымазақ жерлестерi арасында сау да емес, жынды да емес, “Құм адамы” деген тұрпайы есiм жамады. Ақырында өз iшiне өзi тығылған адамдай саппа тиылды. “Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегiнде қойшыларымыз ертеңдi-кеш бүкшеңдеп құм күредi деген не сұмдық!”—деп тоғанады Мұса зоотехник.

Бөлісу: