Сөз өнері саласында теңдессіз еңбек жарық көрді

20 Маусым 2013, 08:52

1436-37 жылдары жазылған Шейх Ахмет Құдайдад Таразидің «Фонун әл-бәлағе» еңбегін қазіргі тілімізге аударып, оқырманға жеткізген аудармашының еңбегіне өлшем жоқ. Бұл туралы кеше Алматыда Шейх Ахмет Құдайдад Таразидің Ислам Жемейнейдің аудармасымен «Көркем сөз өнері» деген атпен жарық көрген «Фонун әл-бәлағе» кітабының таныстырылымында айтылды. «Бұл теңдесі жоқ еңбек, әсіресе, сөз өнері саласында. Оның дүниеде бар екенін және қадірін білудің өзінің үлкен маңызы бар. Оған тіліміз жетпеген соң, көзіміз де көрмей жүріп қалдық осынша уақытқа. Сондықтан аудармашы Ислам Жеменейдің еңбегі осы тұрғыдан құнды, маңызды. Бұл өнертабу емес, жаңалық. Елдің көзіне, құлағына жетпей жатқанды жеткізудің өзі жаңалық. Оны ашқан Мырзатай Жолдасбеков», - дейді филология ғылымдарының докторы Жаңғара Дәдебаев. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті профессорының айтуынша, Шейх Ахмет Құдайдад Таразидің «Фонун әл-бәлағе» еңбегі 1436-37 жылдары жазылған. Оны қазіргі тілімізге аударып, оқырманға жеткізген аудармашының еңбегінің бағасына да өлшем жоқ. Бұл ғылымдағы ерлік. ҚазАқпарат.

1436-37 жылдары жазылған Шейх Ахмет Құдайдад Таразидің «Фонун әл-бәлағе» еңбегін қазіргі тілімізге аударып, оқырманға жеткізген аудармашының еңбегіне өлшем жоқ.

Бұл туралы кеше Алматыда Шейх Ахмет Құдайдад Таразидің Ислам Жемейнейдің аудармасымен «Көркем сөз өнері» деген атпен жарық көрген «Фонун әл-бәлағе» кітабының таныстырылымында айтылды.

«Бұл теңдесі жоқ еңбек, әсіресе, сөз өнері саласында. Оның дүниеде бар екенін және қадірін білудің өзінің үлкен маңызы бар. Оған тіліміз жетпеген соң, көзіміз де көрмей жүріп қалдық осынша уақытқа. Сондықтан аудармашы Ислам Жеменейдің еңбегі осы тұрғыдан құнды, маңызды. Бұл өнертабу емес, жаңалық. Елдің көзіне, құлағына жетпей жатқанды жеткізудің өзі жаңалық. Оны ашқан Мырзатай Жолдасбеков», - дейді филология ғылымдарының докторы Жаңғара Дәдебаев.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті профессорының айтуынша, Шейх Ахмет Құдайдад Таразидің «Фонун әл-бәлағе» еңбегі 1436-37 жылдары жазылған. Оны қазіргі тілімізге аударып, оқырманға жеткізген аудармашының еңбегінің бағасына да өлшем жоқ. Бұл ғылымдағы ерлік.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: