Елорданың 15 жылдығына орай «Астана - арман қала» көрмесі ашылады

20 Маусым 2013, 08:48

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайы Астана қаласының 15 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар легін әзірледі. 26 маусымда танымал астаналық фотограф Владимир Куриловтың «Астана - арман қала» атты жеке көрмесі ашылады. Бұл серіктестік жобалар аясында ұйымдастырылған мұражайдағы Астана күніне арналған іс-шаралардың бастамасы болуда, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты. «Владимир Курилов біздің бас қаланың жылнамашысы ретінде кеңінен танымал. Қазақстанның жас астанасына арналған оның көптеген фотосюжеттері өзінің қайталанбас өрнектері мен тың көзқарасымен ерекшеленеді», - деп атап өтті мұражайдың баспасөз қызметінен. В.Курилов 1956 жылы 25 маусымда Ақмола (Астана) қаласында дүниеге келген. Оның барлық еңбек жолы, өсу, өркендеу белестері осы қаламен тығыз байланысты. Автордың фотосуреттері халық жүрегіне ұялаған арман қаланың қалыптасу тарихын көз алдыңызға алып келеді.  Көрмеге Владимир Куриловтың 30-дан астам еңбегі қойылады.  Оның фотосуреттері қаланың барлық қонақжай орындары мен көздің жауын алатын көрікті жерлерін, атап айтқанда: «Ақорда», «Бәйтерек», Бейбітшілік пен келісім сарайы, «Хазірет Сұлтан» мешіті, «Хан Шатыр» СОСО, тағы да басқа сәулет өнерін өзіндік мәнерімен, өзіндік талғаммен ұсынуымен бағалы. Әсіресе, елорданың керемет келбетін үлкен биіктерден түсіру тек Владимир Куриловке ғана тән. Осы суреттерді халыққа ұсыну үшін ол ерінбей-жалықпай кез келген биіктіктің ұшар басына шығып, шығармашылық ізденіспен жүреді. «Кез келген дүниені беріле, сүйсіне істесең, ол өз жемісін көрсетеді. Мен де өз еңбегімнің нәтижесін көрудемін», - дейді автор. ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайы Астана қаласының 15 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар легін әзірледі.

26 маусымда танымал астаналық фотограф Владимир Куриловтың «Астана - арман қала» атты жеке көрмесі ашылады. Бұл серіктестік жобалар аясында ұйымдастырылған мұражайдағы Астана күніне арналған іс-шаралардың бастамасы болуда, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.

«Владимир Курилов біздің бас қаланың жылнамашысы ретінде кеңінен танымал. Қазақстанның жас астанасына арналған оның көптеген фотосюжеттері өзінің қайталанбас өрнектері мен тың көзқарасымен ерекшеленеді», - деп атап өтті мұражайдың баспасөз қызметінен.

В.Курилов 1956 жылы 25 маусымда Ақмола (Астана) қаласында дүниеге келген. Оның барлық еңбек жолы, өсу, өркендеу белестері осы қаламен тығыз байланысты. Автордың фотосуреттері халық жүрегіне ұялаған арман қаланың қалыптасу тарихын көз алдыңызға алып келеді. 

Көрмеге Владимир Куриловтың 30-дан астам еңбегі қойылады. 

Оның фотосуреттері қаланың барлық қонақжай орындары мен көздің жауын алатын көрікті жерлерін, атап айтқанда: «Ақорда», «Бәйтерек», Бейбітшілік пен келісім сарайы, «Хазірет Сұлтан» мешіті, «Хан Шатыр» СОСО, тағы да басқа сәулет өнерін өзіндік мәнерімен, өзіндік талғаммен ұсынуымен бағалы.

Әсіресе, елорданың керемет келбетін үлкен биіктерден түсіру тек Владимир Куриловке ғана тән. Осы суреттерді халыққа ұсыну үшін ол ерінбей-жалықпай кез келген биіктіктің ұшар басына шығып, шығармашылық ізденіспен жүреді.

«Кез келген дүниені беріле, сүйсіне істесең, ол өз жемісін көрсетеді. Мен де өз еңбегімнің нәтижесін көрудемін», - дейді автор.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: