LXXXVII бөлім

20 Маусым 2013, 06:16

“Тiршiлiктегi” туған перзентi Қыжымкүлдiң тағдыр тәлкегiне ұшырағаны аз болғандай, өз қолынан қаңғыртып жiберген әке қатыгездiгiнiң тамыры қайда жатыр? Осылардың бәрiнiң ақыры неге жеткiзедi? Олардың нәтижесi, сүйекшiнiң аянышты өлiмi, Қыжымкүлдiң сұрқай тiршiлiгi, iштен шыққан перзентiн бiр көре алмай көз жұмуымен аяқталады. Демек, “қатыгездiк пен қараулық ылғи да адам өмiрiн мән-мағынадан, негiзгi нысанасынан айыра алмаған. Тағдырдың аяусыз да мейiрiмсiз құрығына тұсiп, қорлық мазаққа ұшырап, беймәлiм бiреуден бала жүктеген Қыжымкүлге үйленген Молдарәсiл күндердiң күнiнде сол беймәлiм зорлықшыдан туған баланың баласына өзiнiң осынау жарық дүниедегi соңғы үмiтiн байланыстырам деп әсте ойлай қойды ма екен. Тiршiлiктегi оң шырайын берген ең соңғы жарық сәуле сол бала болады деп те ойламаған-ды”[1]. Тiршiлiк, өмiр дегенiмiздiң жасампаздық құдiретi осындай қым-қиғаш, ешкiмнiң ырқы мен еркiне көнбейтiн, әр пендеге өз тағдыры бұйыртқан кездейсоқ сыйлардан да нәр алатын болды ғой, сiрә. “Д.Исабеков өз буыны арасында стилист жазушының бiрi. Стильдiк сұлулық әр сөздiң орнынан табылып, мiндет атқарып, характер ашуға септесуi болса керек. Д.Исабековтi стилист ретiнде танығысы келген оқушы оның қаламынан шыққан пейзажға зер салуы керек. Оған көз жеткiзуi үшiн жазушы қолданысында қарапайым қазақы теңеу, метафораларға зер салайықшы. Сонда ол тұрмыстық теңеу, метафораларды жазушының характер ашар деталь райында пайдаланатынына көз жеткiземiз,”[2] – дейдi ғалым Қ.Ергөбек. “Адам баласының тағдыры тал күйдей айнығыш”, “…Қыжымкүлдiң ойын шәлiге түскен күйедей жедi…”, “Содан соң дәлiзден екi жапырақ ет әкеп, қазанға салғанда түйе бойламас суға асық лақтырғандай, онысы шiпiлдеген қазанның жұмырына жұқ болмай шым батып кеттi”, “…бұл тарыдай шашылып, қауындай тарылып той жасады”, “…текеметтiң үстiмен құйрығымен сүйреген мысықтай қыс та қара жердi тырбанып жатып алды”,—секiлдi қазақ халқының тұрмысынан алынған теңеулер бiздiң ойымыздың куәсi. Қазақы топырақта туып өспеген кiсiнiң ойына келе қоймас тұрмыстық теңеулер. Жазушы осынау тұрмыстық теңеулердi қалауын келтiрiп, оңтайымен әдемi пайдаланады. Тұрмыстық деталь, майда сурет автор мақсатына қызмет етедi. Сыншы Николай Ровескийдiң Дулат Исабековтi: “автор оқушысын тұрмыстық сценадан жоғары әлеуметтiк-писхологиялық жинақтауға табиғи және батыл жетелей жөнеледi,”[3]—дейтiнi де сондықтан болса керек.   [1] Елубай С. Дулат Исабеков // Парасат, 1992, N10, 5-б. [2] Ергөбеков І. Баянғұмыр. Алматы: Жазушы, 1991. 225-б. [3] “Литературная газета”, 29 сентября, 1982 г. N394897.  

“Тiршiлiктегi” туған перзентi Қыжымкүлдiң тағдыр тәлкегiне ұшырағаны аз болғандай, өз қолынан қаңғыртып жiберген әке қатыгездiгiнiң тамыры қайда жатыр? Осылардың бәрiнiң ақыры неге жеткiзедi? Олардың нәтижесi, сүйекшiнiң аянышты өлiмi, Қыжымкүлдiң сұрқай тiршiлiгi, iштен шыққан перзентiн бiр көре алмай көз жұмуымен аяқталады.

Демек, “қатыгездiк пен қараулық ылғи да адам өмiрiн мән-мағынадан, негiзгi нысанасынан айыра алмаған. Тағдырдың аяусыз да мейiрiмсiз құрығына тұсiп, қорлық мазаққа ұшырап, беймәлiм бiреуден бала жүктеген Қыжымкүлге үйленген Молдарәсiл күндердiң күнiнде сол беймәлiм зорлықшыдан туған баланың баласына өзiнiң осынау жарық дүниедегi соңғы үмiтiн байланыстырам деп әсте ойлай қойды ма екен. Тiршiлiктегi оң шырайын берген ең соңғы жарық сәуле сол бала болады деп те ойламаған-ды”[1]. Тiршiлiк, өмiр дегенiмiздiң жасампаздық құдiретi осындай қым-қиғаш, ешкiмнiң ырқы мен еркiне көнбейтiн, әр пендеге өз тағдыры бұйыртқан кездейсоқ сыйлардан да нәр алатын болды ғой, сiрә.

“Д.Исабеков өз буыны арасында стилист жазушының бiрi. Стильдiк сұлулық әр сөздiң орнынан табылып, мiндет атқарып, характер ашуға септесуi болса керек. Д.Исабековтi стилист ретiнде танығысы келген оқушы оның қаламынан шыққан пейзажға зер салуы керек. Оған көз жеткiзуi үшiн жазушы қолданысында қарапайым қазақы теңеу, метафораларға зер салайықшы. Сонда ол тұрмыстық теңеу, метафораларды жазушының характер ашар деталь райында пайдаланатынына көз жеткiземiз,”[2] – дейдi ғалым Қ.Ергөбек.

“Адам баласының тағдыры тал күйдей айнығыш”, “…Қыжымкүлдiң ойын шәлiге түскен күйедей жедi…”, “Содан соң дәлiзден екi жапырақ ет әкеп, қазанға салғанда түйе бойламас суға асық лақтырғандай, онысы шiпiлдеген қазанның жұмырына жұқ болмай шым батып кеттi”, “…бұл тарыдай шашылып, қауындай тарылып той жасады”, “…текеметтiң үстiмен құйрығымен сүйреген мысықтай қыс та қара жердi тырбанып жатып алды”,—секiлдi қазақ халқының тұрмысынан алынған теңеулер бiздiң ойымыздың куәсi. Қазақы топырақта туып өспеген кiсiнiң ойына келе қоймас тұрмыстық теңеулер. Жазушы осынау тұрмыстық теңеулердi қалауын келтiрiп, оңтайымен әдемi пайдаланады. Тұрмыстық деталь, майда сурет автор мақсатына қызмет етедi. Сыншы Николай Ровескийдiң Дулат Исабековтi: “автор оқушысын тұрмыстық сценадан жоғары әлеуметтiк-писхологиялық жинақтауға табиғи және батыл жетелей жөнеледi,”[3]—дейтiнi де сондықтан болса керек.

 



[1] Елубай С. Дулат Исабеков // Парасат, 1992, N10, 5-б.

[2] Ергөбеков І. Баянғұмыр. Алматы: Жазушы, 1991. 225-б.

[3] “Литературная газета”, 29 сентября, 1982 г. N394897.

 

Бөлісу: