LXXXIV бөлім

20 Маусым 2013, 06:13

“Сүйекшi”, “Тiршiлiк” повесiндегi кейiпкерлер тосын. Олардың тағдыры жайлы әр қилы трактовка жасауға болады. Ондағы оқиғалар типтiк емес жағдайдан туындайды, өзгеше кездейсоқ ситуациялардан дамиды деуге болар едi. Алайда трагизмге апаратын сол кездейсоқ ситуациялар ғана емес қой. Адам баласының өмiрге келуiнiң өзiнiң негiзiнде кездейсоқтық барлығын ескерсек, бұдан типтiк шындық көрiнiс бермей ме? Сонда жазушы трагизмiнiң iргетасы неде? Оның кейiпкерлерiнiң көбi неге үнемi азап шегiп жүредi, жеңiлiс тауып жатады? Әдiлеттiлiк, адалдық үшiн неге ашық күреске шықпайды? Табанды күрестi талап етпей-ақ қоялық, Тұңғыш ең болмаса өз тағдыры үшiн неге тырбанбайды? Неге күрес нышанын көрсетпейдi? – деп те жазушымен таласуға болар едi. Бiрақ, ол күрестiң баршасы сырт қарағанда ғана. Авторлық мақсат, характер өзегiмен қарағанда райдан тез қайтасың. Осы екi шығарманы оқығанда бiздiң есiмiзге Гетенiң характер—адамның өмiрбаяны деп бiлгенi оралады. Г.Джеймстiң еске алуына қарағанда, И.С.Тургенев те әрбiр кейiпкерiне лайықтап “өмiрбаян” жазса керек. Мұнда не сыр бар? Бiздiңше, Гете жеке адамның өмiрбаянын тарих, қоғам сипатын, мiнезiн көргiсi келсе, Тургенев өмiрбаянды характер ашуға жол деп бiлгендей. Қоғамдық құбылыстарды бейнелеуге ол суреткер жеке адам мiнез-құлқын, тегiн зерттеу арқылы барса керек. Д.Исабеков аталған екi повесiнде осындай жолды ұстанғандай болып көрiнедi. “Сүйекшi”—Тұңғыштың өмiрбаяны. “Тiршiлiк” – Молдарәсiл мен Қыжымгүлдiң өмiрбаяны. Бар болғаны бұл ғана емес бiрақ. Жазушы жалқыны жалпыға ұластырып әкетедi. Белгiлi бiр нақты адам өмiрiн талдай әңгiмелеу арқылы ол тiршiлiк кешкен орта, өткен уақытқа барлау жасайды. Тұңғыш өмiрiн – жүрек қазынасын танытқан, мәңгүрт хал кешкен тұңғыштар тағдырына, тiршiлiк сапарын сәтсiз бастап, тиянақсыз аяқтайтын Молдарәсiл мен Қыжымкүл өмiрiн осылар тектес жандар тағдырына сабақтастыра, ұластыра суреттейдi. Мұндай жағдайда, әдеби кейiпкер әрi жеке характер, әрi белгiлi бiр уақытқа тән тип. Бiз әлгi кейiпкерлерден уақыт үнiн, қоғам тынысын аңғарамыз. “Сүйекшiдегi” Тұңғыштың, “Тiршiлiктегi” Молдарәсiлдiң бақытсыздығын, әдеттегi ұғымға салсақ, революцияға дейiнгi тар да қапас өмiрмен ғана түсiндiруге бола ма. Немесе ғалым-сыншы Ш.Елеуков талдауына сәйкес жазушының “…азап пен жан қиналысын дәрiптеу, жақсылық атаулының арсеналынан күрес әуендерiн мүлдем алыстату… кейiпкерлердi тiптi өз басын да қорғай бiлмейтiн дәрменсiз кейiпте бейнелеу – тағдыр талқысына төзе бiлуге, қорлық атаулының бәрiне көнуге үндейтiн көне Шығыс поэмаларынан бергi сарынға, таптаурын жерде талай керенау шығармаларға азық болған жолдардың iшiнде ең тозығына iш тартқандығынан ба”[1].   [1] Елеукенов Ш. Замандас парасаты. Алматы: Жазушы, 1977. 264-б.  

“Сүйекшi”, “Тiршiлiк” повесiндегi кейiпкерлер тосын. Олардың тағдыры жайлы әр қилы трактовка жасауға болады. Ондағы оқиғалар типтiк емес жағдайдан туындайды, өзгеше кездейсоқ ситуациялардан дамиды деуге болар едi. Алайда трагизмге апаратын сол кездейсоқ ситуациялар ғана емес қой. Адам баласының өмiрге келуiнiң өзiнiң негiзiнде кездейсоқтық барлығын ескерсек, бұдан типтiк шындық көрiнiс бермей ме? Сонда жазушы трагизмiнiң iргетасы неде? Оның кейiпкерлерiнiң көбi неге үнемi азап шегiп жүредi, жеңiлiс тауып жатады? Әдiлеттiлiк, адалдық үшiн неге ашық күреске шықпайды?

Табанды күрестi талап етпей-ақ қоялық, Тұңғыш ең болмаса өз тағдыры үшiн неге тырбанбайды? Неге күрес нышанын көрсетпейдi? – деп те жазушымен таласуға болар едi. Бiрақ, ол күрестiң баршасы сырт қарағанда ғана. Авторлық мақсат, характер өзегiмен қарағанда райдан тез қайтасың.

Осы екi шығарманы оқығанда бiздiң есiмiзге Гетенiң характер—адамның өмiрбаяны деп бiлгенi оралады. Г.Джеймстiң еске алуына қарағанда, И.С.Тургенев те әрбiр кейiпкерiне лайықтап “өмiрбаян” жазса керек. Мұнда не сыр бар?

Бiздiңше, Гете жеке адамның өмiрбаянын тарих, қоғам сипатын, мiнезiн көргiсi келсе, Тургенев өмiрбаянды характер ашуға жол деп бiлгендей. Қоғамдық құбылыстарды бейнелеуге ол суреткер жеке адам мiнез-құлқын, тегiн зерттеу арқылы барса керек.

Д.Исабеков аталған екi повесiнде осындай жолды ұстанғандай болып көрiнедi. “Сүйекшi”—Тұңғыштың өмiрбаяны. “Тiршiлiк” – Молдарәсiл мен Қыжымгүлдiң өмiрбаяны. Бар болғаны бұл ғана емес бiрақ. Жазушы жалқыны жалпыға ұластырып әкетедi. Белгiлi бiр нақты адам өмiрiн талдай әңгiмелеу арқылы ол тiршiлiк кешкен орта, өткен уақытқа барлау жасайды. Тұңғыш өмiрiн – жүрек қазынасын танытқан, мәңгүрт хал кешкен тұңғыштар тағдырына, тiршiлiк сапарын сәтсiз бастап, тиянақсыз аяқтайтын Молдарәсiл мен Қыжымкүл өмiрiн осылар тектес жандар тағдырына сабақтастыра, ұластыра суреттейдi. Мұндай жағдайда, әдеби кейiпкер әрi жеке характер, әрi белгiлi бiр уақытқа тән тип. Бiз әлгi кейiпкерлерден уақыт үнiн, қоғам тынысын аңғарамыз.

“Сүйекшiдегi” Тұңғыштың, “Тiршiлiктегi” Молдарәсiлдiң бақытсыздығын, әдеттегi ұғымға салсақ, революцияға дейiнгi тар да қапас өмiрмен ғана түсiндiруге бола ма. Немесе ғалым-сыншы Ш.Елеуков талдауына сәйкес жазушының “…азап пен жан қиналысын дәрiптеу, жақсылық атаулының арсеналынан күрес әуендерiн мүлдем алыстату… кейiпкерлердi тiптi өз басын да қорғай бiлмейтiн дәрменсiз кейiпте бейнелеу – тағдыр талқысына төзе бiлуге, қорлық атаулының бәрiне көнуге үндейтiн көне Шығыс поэмаларынан бергi сарынға, таптаурын жерде талай керенау шығармаларға азық болған жолдардың iшiнде ең тозығына iш тартқандығынан ба”[1].

 



[1] Елеукенов Ш. Замандас парасаты. Алматы: Жазушы, 1977. 264-б.

 

Бөлісу: