LXXІV бөлім

20 Маусым 2013, 06:06

Қазақтың көрнектi жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, драматург Дулат Исабеков 1942 жылы Оңтұстiк Қазақстан облысының Арыс ауданына қарасты бұрынғы Қараспан кеңшарының Ленин атындағы бөлiмшесiнде дүниеге келген. Балалық шағында тұрмыстың тауқыметiн көп тартқан болашақ қаламгердiң әкесi Исабек 1943 жылы, екiншi дүниежұзiлiк соғыста, ал анасы Күмiскұл 1956 жылы дүниеден өтедi. Қаламгер ағалары Набиял мен Пәрменнiң қолында тәрбиеленген. Әпкелерi Бибiхан мен Күлайна 1998 және 1974 жылдары қайтыс болған. Болашақ жазушы жас кезiнде әпкелерiнiң қамқорлығын көп көрген. Оның әйгiлi “Әпке” атты пьесасының жазылуына осы екi әпкесiнiң тiкелей әсерi болған. Д.Исабеков 1956 жылы Бадам стансасындағы он жылдық мектептi бiтiргеннен кейiн екi жыл Монтайтас ауылында электр желiлерiн жөндеушi болып жұмыс iстейдi. 1961 жылы қазiргi Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық мемлекеттiк университетiнiң филология факультетiне оқуға түсiп, оны 1966 жылы бiтiрiп шығады. 1966-1967 жылдар аралығында бұрынғы Калинин, қазiргi Тверь қаласында офицерлiк курста оқып, әскери шенге ие болады. Дулат Исабековтiң шығармашылық өмiр жолы ерте басталады. 1963 жылы басылып шыққан Қазақстан жазушыларының “Замандастар” атты әңгiмелер жинағында оның “Жолда” деп аталатын алғашқы әңгiмесi жарық көредi. Сол жылы “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас Алаш”) газетiнiң бiрнеше нөмiрлерiнде “Шойынқұлақ” атты әңгiмесi жарық көредi. Арада үш жыл өткенде, 1966 жылы, небары жиырма екi жасында, университеттiң соңғы курсында оқып жүрген кезiнде оның “Бекет” деп аталатын повесi мен әңгiмелерi жеке жинақ болып басылып шықты. Д.Исабеков “Гауһартас”, “Тiршiлiк”, “Сұйекшi”, “Дермене”, “Перi мен перiште”, “Мазасыз күндер”, “Бiз соғысты көрген жоқпыз”, “Өкпек жолаушы” атты т.б. тамаша повестердiң, жастар әрдайым сүйсiнiп, таңданып оқитын “Қарғын” романының авторы. Сондай-ақ, оның театр сахналарында табысты қойылып, көрермен жүрегiне жол тапқан “Әпке”, “Мұрагерлер”, “Кiшкентай ауыл”, “Ескi үйдей екi кездесу”, “Ескерткiш” т.б. пьесалары да өнер сүйер қауымға жақсы таныс. Бүгiнде ондаған прозалық кiтаптардың, жиырмаға жуық драмалық шығармалардың, көптеген кинофильмдер мен жүзден астам мақала, эсселердiң авторы болып табылатын қуатты қаламгер Дулат Исабековтiң шығармалары кезiнде бұрынғы Кеңес Одағы көлемiнде кеңiнен танымал болып, оның көптеген туындылары шетел тiлдерiне де аударылып, жарық көрдi. Осындай сапалы да жемiстi еңбектерi үшiн жазушыға Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 1992 жылғы желтоқсанның 15-iндегi “Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы мемлекеттiк сыйлықтарын беру туралы” қаулысымен “Ай-Петри ақиқаты” деген повестер мен әңгiмелер жинағы үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы берiлдi. Ол кiсi, сондай-ақ, халықаралық ПЕН-клуб сыйлығының лауреаты болып табылады.

Қазақтың көрнектi жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, драматург Дулат Исабеков 1942 жылы Оңтұстiк Қазақстан облысының Арыс ауданына қарасты бұрынғы Қараспан кеңшарының Ленин атындағы бөлiмшесiнде дүниеге келген. Балалық шағында тұрмыстың тауқыметiн көп тартқан болашақ қаламгердiң әкесi Исабек 1943 жылы, екiншi дүниежұзiлiк соғыста, ал анасы Күмiскұл 1956 жылы дүниеден өтедi.

Қаламгер ағалары Набиял мен Пәрменнiң қолында тәрбиеленген. Әпкелерi Бибiхан мен Күлайна 1998 және 1974 жылдары қайтыс болған. Болашақ жазушы жас кезiнде әпкелерiнiң қамқорлығын көп көрген. Оның әйгiлi “Әпке” атты пьесасының жазылуына осы екi әпкесiнiң тiкелей әсерi болған.

Д.Исабеков 1956 жылы Бадам стансасындағы он жылдық мектептi бiтiргеннен кейiн екi жыл Монтайтас ауылында электр желiлерiн жөндеушi болып жұмыс iстейдi. 1961 жылы қазiргi Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық мемлекеттiк университетiнiң филология факультетiне оқуға түсiп, оны 1966 жылы бiтiрiп шығады. 1966-1967 жылдар аралығында бұрынғы Калинин, қазiргi Тверь қаласында офицерлiк курста оқып, әскери шенге ие болады.

Дулат Исабековтiң шығармашылық өмiр жолы ерте басталады. 1963 жылы басылып шыққан Қазақстан жазушыларының “Замандастар” атты әңгiмелер жинағында оның “Жолда” деп аталатын алғашқы әңгiмесi жарық көредi. Сол жылы “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас Алаш”) газетiнiң бiрнеше нөмiрлерiнде “Шойынқұлақ” атты әңгiмесi жарық көредi.

Арада үш жыл өткенде, 1966 жылы, небары жиырма екi жасында, университеттiң соңғы курсында оқып жүрген кезiнде оның “Бекет” деп аталатын повесi мен әңгiмелерi жеке жинақ болып басылып шықты.

Д.Исабеков “Гауһартас”, “Тiршiлiк”, “Сұйекшi”, “Дермене”, “Перi мен перiште”, “Мазасыз күндер”, “Бiз соғысты көрген жоқпыз”, “Өкпек жолаушы” атты т.б. тамаша повестердiң, жастар әрдайым сүйсiнiп, таңданып оқитын “Қарғын” романының авторы.

Сондай-ақ, оның театр сахналарында табысты қойылып, көрермен жүрегiне жол тапқан “Әпке”, “Мұрагерлер”, “Кiшкентай ауыл”, “Ескi үйдей екi кездесу”, “Ескерткiш” т.б. пьесалары да өнер сүйер қауымға жақсы таныс.

Бүгiнде ондаған прозалық кiтаптардың, жиырмаға жуық драмалық шығармалардың, көптеген кинофильмдер мен жүзден астам мақала, эсселердiң авторы болып табылатын қуатты қаламгер Дулат Исабековтiң шығармалары кезiнде бұрынғы Кеңес Одағы көлемiнде кеңiнен танымал болып, оның көптеген туындылары шетел тiлдерiне де аударылып, жарық көрдi. Осындай сапалы да жемiстi еңбектерi үшiн жазушыға Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 1992 жылғы желтоқсанның 15-iндегi “Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы мемлекеттiк сыйлықтарын беру туралы” қаулысымен “Ай-Петри ақиқаты” деген повестер мен әңгiмелер жинағы үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы берiлдi. Ол кiсi, сондай-ақ, халықаралық ПЕН-клуб сыйлығының лауреаты болып табылады.

Бөлісу: