20 Маусым 2013, 05:41
Белгілі Батыс ғалымы Бронни Вее хал үстінде жатқан науқас жандардың өкініштерін бір жинақ етіп шығарды. Кітабының аты "Өлетін жандардың бес өкініші" деп аталады.
Бронни ұзақ жылдар бойына ауруханада жұмыс істеген. Осы уақыт аралығында ол көптеген науқаспен тілдесіп, өмірінің соңында неге өкінетіндіктерін бір жапырақ қағазға түртіп жүріпті. Сөйтіп ең жиі қайталанған өкініштердің бесеуін қалың оқырманға ұсынып отыр.
1. Мен ең алдымен өзім қалағандай емес, айналамдағы адамдардың үмітін ақтайын деп өмір сүргенім үшін қатты өкінемін.
2. Тым көп жұмыс істегенім үшін өкініштен өртеніп барам.
3. Мен өз сезімдерімді жеткізе алмағандығым үшін өкінемін.
4. Достарымнан қол үзіп қалғаным қандай аянышты.
5. Өзіме бақытты өмір сыйлай алмағандығым өкінішті.
Иә, бұл өліп бара жатқан жандардың өкініші. Ал, өмірін жаңа бастаған замандастар бұдан сабақ алса нұр үстіне нұр.
Baq.kz