БҰҰ: Әлемде босқындар 45 миллионнан асты

20 Маусым 2013, 05:38

Өткен жылы әлемде босқындар 45,2 миллион адамға жетіп, соңғы 18 жылда болмаған көрсеткішке тақады. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі жариялаған "Әлемдік трендтер" деп аталатын жыл сайынғы есебінде айтылады. Босқындардың көбеюіне Сирия, Мали және басқа да елдердегі қақтығыстар себепкер. 2012 жылы бүкіл әлемде 7,6 миллион адам босып кетуге мәжбүр болған. Агенттіктің есебіне қарағанда, өткен жылы Сирияда 4,25 миллион адам үй-күйсіз қалған, ал 1,6 миллион адам басқа елдерге босып кеткен. БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Антонио Гутерриш әлемдегі босқындардың 55 пайызы Ауғанстан (әрбір төртінші босқын - ауғандық), Сомали, Ирак, Судан және Сириядан шыққанын айтады. azattyq.org

Өткен жылы әлемде босқындар 45,2 миллион адамға жетіп, соңғы 18 жылда болмаған көрсеткішке тақады. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі жариялаған "Әлемдік трендтер" деп аталатын жыл сайынғы есебінде айтылады.

Босқындардың көбеюіне Сирия, Мали және басқа да елдердегі қақтығыстар себепкер. 2012 жылы бүкіл әлемде 7,6 миллион адам босып кетуге мәжбүр болған.

Агенттіктің есебіне қарағанда, өткен жылы Сирияда 4,25 миллион адам үй-күйсіз қалған, ал 1,6 миллион адам басқа елдерге босып кеткен.

БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Антонио Гутерриш әлемдегі босқындардың 55 пайызы Ауғанстан (әрбір төртінші босқын - ауғандық), Сомали, Ирак, Судан және Сириядан шыққанын айтады.

azattyq.org

Бөлісу: