Петропавлда жыл соңында мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арналған балабақша ашылады

20 Маусым 2013, 05:35

Жоспар бойынша жыл соңына қарай облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі балғындарға арналған балабақшаның есігі айқара ашылмақ. Қалалық білім беру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Татьяна Протопопованың айтуынша, мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру мекемесі 40-50 балаға шақталмақ. Жаңа әлеуметтік нысан шаһардың орта бөлігінде, Казахстанская правда көшесінде бой көтереді. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмыстарына 2 млн.745 мың теңге қаржы бөлінді. Тың балабақшаны заманауи құрылғылармен жарақтандыру діттеліп отыр. Мекемеде мамандырылған бірнеше топ ашылады. Оның ішінде көру қабілеті, тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларға арналған топтар болады. ҚазАқпарат.

Жоспар бойынша жыл соңына қарай облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі балғындарға арналған балабақшаның есігі айқара ашылмақ.

Қалалық білім беру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Татьяна Протопопованың айтуынша, мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру мекемесі 40-50 балаға шақталмақ. Жаңа әлеуметтік нысан шаһардың орта бөлігінде, Казахстанская правда көшесінде бой көтереді.

Бүгінде жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмыстарына 2 млн.745 мың теңге қаржы бөлінді.

Тың балабақшаны заманауи құрылғылармен жарақтандыру діттеліп отыр. Мекемеде мамандырылған бірнеше топ ашылады. Оның ішінде көру қабілеті, тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларға арналған топтар болады.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: