LXXІІ бөлім

19 Маусым 2013, 09:54

Әсiресе, бұл шығармада қазақ руларының ыдыраңқылығы, өзара алауыздығы, ел бастайды деген хандар мен сұлтандардың ауыр күндер туғанда халықты бiрiктiруге дәрменсiздiгi, соның салдарынан  үлкен, iргелi елдiң жат жұрттан  қорлық көргенi суреттеледi. Шығарма қаһармандары, ел мүддесiн кеңiнен ойлайтын Қазыбек, Ошаған билер де, Жомарт батыр да осы ақиқатты тебiрене айтады. Әсiресе, қазақ руларының  болмашы мәселеге өзара жауласып жүрiп,  төтеннен келген жаудың оңай жемi болып қалатындығы, халықтық мұратты қасиет санайтындардың аздығы, хан-сұлтандар елдi бiрiктiруге емес, бiр-бiрiнен аластатуды ғана  дағды еткендiгi қаһармандардың кейбiр диалогы, ендi бiрде монологы, авторлық баяндау арқылы баяндалады. Жоңғарға қарсы соғыстың  бүкiл-халықтық сипат алғандығы, бұқара қазақ қауымының жай-кұйi нанымды ашылған.             «Елiм-ай» романы өзiнiң көркемдiк тәсiлi тұрғысынан эпикалық баяндау сипаты басым шығармалар тобына жатады. Романның аты халықтың аса әйгiлi әнiнiң атымен берiлуi де шығарманың түпкiлiктi идеясын ашуға  дәл келедi.             С.Сматаев—«Жұмбақ қыз», «Жамбыл» операларына либретто жазған қаламгер, сондай-ақ, «Тағдырлар», «Әзiл-әзәзiл», «Жұлдыздар сөнбейдi», «Абылайхан», «Той ұстiндегi топалаң», «Базарың құтты болсын», «Қазақша көкiрек керу» атты пьесаларды дүниеге келтiрген драматург. Әдебиетке ақын болып келген С.Сматаевтың соңғы жылдары Абылай заманындағы қазақ батырына арналған «Жарылғап батыр» атты өлеңмен жазылған романы жарық көрдi. Жазушы С.Сматаевтың  «Жарылғап батыр» атты романында қазақ елiнiң өткен тарихында азаттық үшiн күрескен бабалардың өнегелi өмiрi өлеңмен өрiлген. Романға: “Өлеңмен жазылса да, әдiлiн айту керек, қазақ топырағында өлеңмен жазылған аса күрделi кесек бұл туынды—романның барлық шартына барынша жауап беретiн оқиғасы өзектi, құрылымы күрделi кiтап,”—деген баға бередi жазушы Ә.Нұршайықов. Романның кейiпкерлерi – белгiлi тарихи тұлғалар. Қазақ халқының аса бiр қиын кезеңi – жоңғар-қалмақ басқыншылығынан қатты күйзелiп, Арқа мен Алтайдан, Орал мен Жетiсудан айрылған. Қаратау мен Сыр бойына, сонау Жиделi-Байсынға табан тiреген қасiреттi күйiнен сыр шертедi. Жан-жақтан қысып келе жатқан азулы көршiлерi – Ресей патшалығы, қызылбас елi, Қытай империясы, ойрат-жоңғар хандығы қоршаған шабынды елдiң басын бiрiктiрiп, iштегi алауыз сұлтандар бұлiгiнен құтқарып алып, сыртқы басқыншы жауларға қарсы халықтық күреске жұмылдырудағы Қазыбек, Төле билердiң, Абылай хан, Бөгенбай, Қабанбай, Жарылғап батырлар әрекетi жан-жақты көрсетiлген. Шығарманың өзектi қаһарманы – Жарылғап батыр. Автор осы кейiпкерiнiң өмiр жолына байланыстыра отырып, ХVlll ғасырдың алғашқы жартысында қазақ даласында дүбiрлеп өткен тарихи кезеңнiң әсерлi суретiн үлкен полотно етiп көз алдыңа жайып салады. Оқырманын сендiре, тұщындыра, көркем жыр жолдарымен сол заманның ащы шындығын кеудеңе шымырлатып құя салады. Кiм кеттi? Кiм құлады? Кiм адасты? Ағайын неге шолақ кiнәласты? Осындай бықсық, бақас мерездiк пе, Жiк-жiк қып үшке бөлген бiр Алашты? Осындай ой-толғауларға толы туынды оқырманын бей-жай қалдырмай, кiтаптың соңғы бетi жабылғанша өзiне тартып отырады. Мұнда елiм деп еңiреген ерлердiң iзгiлiгi де, хан мен батырлардың айрықша достығы да, жiгiт пен қыздың арасындағы кiршiксiз сүйiспеншiлiк те, атамекендi жат табанынан азат етуде жанын құрбандыққа шалған сарбаздардың ерлiгi де жүрегiңнiң нәзiк қылын шертедi. Осындағы кейiпкерлермен өзiңдi мидай араластырып, әлгiлердiң тағдырын өз тағдырындай сезiндiредi. Оқырманын бей-жай қалдырмай, әсерлендiретiн құдiрет – шығарма шындығында десек, сол шынайылық, сергектiк және сезiмталдық осы романда мол. Аңда жүрiп ойраттардың тұтқынына түсiп қалған Абылай хан мен Жарылғап батырдың тұтқын халдерiн суреттеуде Софы Сматаев шынайылықтан ауытқымаған. Әрине, Қалдан-Серен сияқты атышулы хонтайшы өз торында отырған Абылайға құлдық, қорлық қамытын кигiзiп, аяқ-қолына кiсен салып, азапты күйге түсiрiп, мазақ етуiне де болар едi. Жоқ. Ол өйте алмаған. Өйте алмас та едi. Өйткенi, Абылай – бiр елдiң ханы. Артында iздеушi – халқы, жоқтаушы – жұрты бар ел тұтқасы едi ол. Оны жәбiрлеу, оны қорлау – елдi, ұлтты қорлау болмақ. Сол себептi де Қалдан Абылайды өзге тұтқындардан бөлектеп, оңаша ордада ұстап, күтiмiн, бабын лайықтаған ғой. Сол шындық романда әсерлi көрсетiлген.     Софы Сматаев шығармашылығы туралы еңбектер:   1.      Сыдықов Т. Қазақ тарихи романдары. Алматы, 1997. 2.      Дәдебаев Ж. Өмiр шындығы және көркемдiк шешiм. Алматы, 1991 жыл. 3.      Бердiбаев Р. Қазақ тарихи романы. Алматы, Ғылым. 1979. 4.      Бердiбаев Р. Тарихи роман. Алматы, Санат, 1997. 5.      Сөзстан. Жас қаламгерлер кiтапханасы. Алматы, Жалын, 1985. 6.      Елеукенов Ш. От фольклора до романа-эпопеи (Идейне-эстетическое и жанровое своеобразие казахского романа), Алма-ата, Жазушы, 1987. 7.      Нұршайықов Ә. “Елiм-айдан” кейiн… // “Жас алаш”, 2002, 30 қараша.

Әсiресе, бұл шығармада қазақ руларының ыдыраңқылығы, өзара алауыздығы, ел бастайды деген хандар мен сұлтандардың ауыр күндер туғанда халықты бiрiктiруге дәрменсiздiгi, соның салдарынан  үлкен, iргелi елдiң жат жұрттан  қорлық көргенi суреттеледi. Шығарма қаһармандары, ел мүддесiн кеңiнен ойлайтын Қазыбек, Ошаған билер де, Жомарт батыр да осы ақиқатты тебiрене айтады. Әсiресе, қазақ руларының  болмашы мәселеге өзара жауласып жүрiп,  төтеннен келген жаудың оңай жемi болып қалатындығы, халықтық мұратты қасиет санайтындардың аздығы, хан-сұлтандар елдi бiрiктiруге емес, бiр-бiрiнен аластатуды ғана  дағды еткендiгi қаһармандардың кейбiр диалогы, ендi бiрде монологы, авторлық баяндау арқылы баяндалады. Жоңғарға қарсы соғыстың  бүкiл-халықтық сипат алғандығы, бұқара қазақ қауымының жай-кұйi нанымды ашылған.

            «Елiм-ай» романы өзiнiң көркемдiк тәсiлi тұрғысынан эпикалық баяндау сипаты басым шығармалар тобына жатады. Романның аты халықтың аса әйгiлi әнiнiң атымен берiлуi де шығарманың түпкiлiктi идеясын ашуға  дәл келедi.

            С.Сматаев—«Жұмбақ қыз», «Жамбыл» операларына либретто жазған қаламгер, сондай-ақ, «Тағдырлар», «Әзiл-әзәзiл», «Жұлдыздар сөнбейдi», «Абылайхан», «Той ұстiндегi топалаң», «Базарың құтты болсын», «Қазақша көкiрек керу» атты пьесаларды дүниеге келтiрген драматург.

Әдебиетке ақын болып келген С.Сматаевтың соңғы жылдары Абылай заманындағы қазақ батырына арналған «Жарылғап батыр» атты өлеңмен жазылған романы жарық көрдi. Жазушы С.Сматаевтың  «Жарылғап батыр» атты романында қазақ елiнiң өткен тарихында азаттық үшiн күрескен бабалардың өнегелi өмiрi өлеңмен өрiлген.

Романға: “Өлеңмен жазылса да, әдiлiн айту керек, қазақ топырағында өлеңмен жазылған аса күрделi кесек бұл туынды—романның барлық шартына барынша жауап беретiн оқиғасы өзектi, құрылымы күрделi кiтап,”—деген баға бередi жазушы Ә.Нұршайықов.

Романның кейiпкерлерi – белгiлi тарихи тұлғалар. Қазақ халқының аса бiр қиын кезеңi – жоңғар-қалмақ басқыншылығынан қатты күйзелiп, Арқа мен Алтайдан, Орал мен Жетiсудан айрылған. Қаратау мен Сыр бойына, сонау Жиделi-Байсынға табан тiреген қасiреттi күйiнен сыр шертедi. Жан-жақтан қысып келе жатқан азулы көршiлерi – Ресей патшалығы, қызылбас елi, Қытай империясы, ойрат-жоңғар хандығы қоршаған шабынды елдiң басын бiрiктiрiп, iштегi алауыз сұлтандар бұлiгiнен құтқарып алып, сыртқы басқыншы жауларға қарсы халықтық күреске жұмылдырудағы Қазыбек, Төле билердiң, Абылай хан, Бөгенбай, Қабанбай, Жарылғап батырлар әрекетi жан-жақты көрсетiлген.

Шығарманың өзектi қаһарманы – Жарылғап батыр. Автор осы кейiпкерiнiң өмiр жолына байланыстыра отырып, ХVlll ғасырдың алғашқы жартысында қазақ даласында дүбiрлеп өткен тарихи кезеңнiң әсерлi суретiн үлкен полотно етiп көз алдыңа жайып салады. Оқырманын сендiре, тұщындыра, көркем жыр жолдарымен сол заманның ащы шындығын кеудеңе шымырлатып құя салады.

Кiм кеттi?

Кiм құлады?

Кiм адасты?

Ағайын неге шолақ кiнәласты?

Осындай бықсық, бақас мерездiк пе,

Жiк-жiк қып үшке бөлген бiр Алашты?

Осындай ой-толғауларға толы туынды оқырманын бей-жай қалдырмай, кiтаптың соңғы бетi жабылғанша өзiне тартып отырады. Мұнда елiм деп еңiреген ерлердiң iзгiлiгi де, хан мен батырлардың айрықша достығы да, жiгiт пен қыздың арасындағы кiршiксiз сүйiспеншiлiк те, атамекендi жат табанынан азат етуде жанын құрбандыққа шалған сарбаздардың ерлiгi де жүрегiңнiң нәзiк қылын шертедi. Осындағы кейiпкерлермен өзiңдi мидай араластырып, әлгiлердiң тағдырын өз тағдырындай сезiндiредi.

Оқырманын бей-жай қалдырмай, әсерлендiретiн құдiрет – шығарма шындығында десек, сол шынайылық, сергектiк және сезiмталдық осы романда мол. Аңда жүрiп ойраттардың тұтқынына түсiп қалған Абылай хан мен Жарылғап батырдың тұтқын халдерiн суреттеуде Софы Сматаев шынайылықтан ауытқымаған. Әрине, Қалдан-Серен сияқты атышулы хонтайшы өз торында отырған Абылайға құлдық, қорлық қамытын кигiзiп, аяқ-қолына кiсен салып, азапты күйге түсiрiп, мазақ етуiне де болар едi. Жоқ. Ол өйте алмаған. Өйте алмас та едi. Өйткенi, Абылай – бiр елдiң ханы. Артында iздеушi – халқы, жоқтаушы – жұрты бар ел тұтқасы едi ол. Оны жәбiрлеу, оны қорлау – елдi, ұлтты қорлау болмақ. Сол себептi де Қалдан Абылайды өзге тұтқындардан бөлектеп, оңаша ордада ұстап, күтiмiн, бабын лайықтаған ғой. Сол шындық романда әсерлi көрсетiлген.

 

 

Софы Сматаев шығармашылығы туралы еңбектер:

 

1.      Сыдықов Т. Қазақ тарихи романдары. Алматы, 1997.

2.      Дәдебаев Ж. Өмiр шындығы және көркемдiк шешiм. Алматы, 1991 жыл.

3.      Бердiбаев Р. Қазақ тарихи романы. Алматы, Ғылым. 1979.

4.      Бердiбаев Р. Тарихи роман. Алматы, Санат, 1997.

5.      Сөзстан. Жас қаламгерлер кiтапханасы. Алматы, Жалын, 1985.

6.      Елеукенов Ш. От фольклора до романа-эпопеи (Идейне-эстетическое и жанровое своеобразие казахского романа), Алма-ата, Жазушы, 1987.

7.      Нұршайықов Ә. “Елiм-айдан” кейiн… // “Жас алаш”, 2002, 30 қараша.

Бөлісу: