Астана күнінде қазақстандықтар 3 күн демалады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорданың 15 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу медиа тобының жетекшісі Жанар Колбачаева мәлімдеді.
«Мерекелік шаралар 4 шілдеде Ту көтеру рәсімімен басталады. Ал ресми демалыс күндері болып 6, 7, 8 шілде белгіленді», - деді Жанар Колбачаева.
Сонымен қатар, ОКҚ-нің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевтың атап өтуінше, бұл туралы нақты деректер Үкімет қаулысынан кейін жарияланатын болады.
ҚазАқпарат.