19 Маусым 2013, 08:37
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын шенеуніктерге Адольф Гитлердің «Майн кампф» (Менің күресім) кітабын сыйлады. Осы кітапты оқып шығып, бір пайда алуға шақырды.
Фюрердің «Майн кампф» шығармасы бар болғаны 100 данамен басылып шықты. Республика басшысы кітапты шенеуніктерге өзінің туған күнінде сыйлады. Естеріңізге саламыз, КХДР басшысының туған күні 8 қаңтарда, алайда сыйлық туралы мәлімет жуырда ғана таратылды.
New Focus International-дың хабарлауынша, Ким Чен Ын «Майн кампфты» алғаш Швейцарияда білім алып жүрген кезінде оқыған. Солтүстік Корея лидері Гитлердің ел басқаруына таң қалған. Ол Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның экономикалық және әскери ахуалын қысқа мерзімде қалпына келтірген болатын.
Бұған қоса, Корей басшысы Гитлердің спорт пен демографиялық саясатты насихаттаудағы ерен еңбегін тілге тиек етті. Қазір Солтүстік Кореяда үш және одан көп бала асырап отырған отбасыларға жеңілдіктер беру туралы жарлық шыққан.
Сарапшылардың пайымдауынша, Ким Чен Ын жаңа ұлттық идея қалыптастыруға талпынып отыр – ол халықтың санасына сіңген соғыс проблемасын басқа арнаға бұрғысы келеді.
Baq.kz